14)Қаңлылардың тарихи-мəдени мұрасы.Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың
нəтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін,
Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Археологтар қаңлылар мекендеген
аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстар тапты.
Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мəдениеттері деп атады.
Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V
ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан
археологтар
қоныстар
мен
қорымдар
тапты.
Бұл
ескерткіштер
Қауыншы,
Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мəдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі -
Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен
Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған
15)Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жəне саяси тарихы.
Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.)
басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік
қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия,
Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан жəне Солтүстік
Қапқаз аумақтарына иелік еткен. Түркі қағанатының саяси-əскери бірлестік ретінде
қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан
мемлекетінің шет аймақтары болатын. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес
халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле –
түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік”
атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында
жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді. Түрік
қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін
“елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске
қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы
жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары
Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден
бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның
ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді.
Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70
жылдары Түрік қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін
үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын
қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси
ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
|