Тарих 90 жауаптар


)Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық жəне



Pdf көрінісі
бет5/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Тарих 90 жауаптар

7)Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық жəне
əлеуметтік-мəдени факторлар.
Қаратауда климат жақсарып, қолайлы бола бастады. Адамдар жылқыны азық жəне
мініс көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді əрі қыста тебіндеп жайылады,
шөпті қар астынан тұяғымен аршып алады. Металл ауыздықтың шығуы жылқыны міну
үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Ендігі жерде атқа мінген бақташы малды ұзатып
жаюға мүмкіндік алды. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйе өсірудің маңызы
зор болды. Түйе сусыз жəне қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Түйе жүк көлігі ретінде
пайдаланылады. Солтүстік аймақта сиыр, ал оңтүстікте қой көп өсірілді. Қазақстан
далаларында б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасынан егіншілікпен шұғылданудың тиімсіз
екендігі белгілі болды. Табиғатта құрғақшылық күшейіп, жауын-шашын азайды.
Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Далалықтар көшпелі мал шаруашылығын
ойлап тапты. Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде
– көктеуге көшіп жүрген. Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын
жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру мен тайпаның маңызды мəселелері шешілген.


Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал қыстауда төлдетіледі.
Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын жəне мал төлдеп
жатқан кездегі қора маңындағы жайылым. Көктеу шоқылар мен қыраттарда орналасқан.
Көктеуде ежелгі мереке – Наурыз мейрамдалған. Бұл мереке бұдан 3000 жылдай бұрын
пайда болған. Көктемгі жəне күзгі жайылымдарда қой мен түйе қырқымы жүргізілген.
Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Жайлауда үйлену тойы, əр түрлі
ойын-сауық, ат жарысы, күрес өткізілген жəне жыршылардың жыры, ақындар айтысы
тыңдалған. Қысқы азық-түлік əзірленген.
8)Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының
артуы.
Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайды. Көшпелі қазақтың дəулеті мен
атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептеледі. Жылқының шаруашылықтың
маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бəрінен бұрын
жылқы төзімді əрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады.
Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы. Төңкеріске дейінгі кезде
қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі
байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дəулеті мен атағы жылқысының
санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан
көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бəрінен бұрын жылқы төзімді əрі жыл
бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі
шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы
сақталатын дəмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті
сусынымыз – қымыз əзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті
қыл, аяқ киім үшін былғары беретін. Қонақтарға, əсіресе құрметті қонақтарға,
тартылатын ең құрметті ас жылқы еті саналатын. Жылқы əрі құндылық өлшемі ретінде
есептелетін: ол қалыңдық үшін төленетін қалыңмалдың құрамына міндетті түрде
енетін, бəйгеде бағалы жүлде болып табылатын. Көшпендінің байлығы оның қолындағы
жылқысының санына парапар келетін. Қой ет пен сүт берген, терісінен киім тігілген,
жүні киіз бен шекпен жасауға қолданылған. Тіпті қыстық отынның басым бөлігі қойдың
қиынан дайындалды (яғни көшпелі шаруашылықта қалдық болмаған, бұдан, əрине,
біздің ата-бабамыздың даналығы, тапқырлығы, шаруаға ептілігі көрініс береді).
Қазақтар өз шаруашылығында түйе мен ірі қара малды тым көп ұстамаған. Түйелер
алыс жерлерге көшіп-қону кезінде таптырмас көлік күші болғандықтан, оларды
жұмысқа пайдаланатын мал ретінде өсірген. Жоғары сапалы түйе жүні киім тоқуға
жұмсалса, сүтінен шұбат əзірленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет