аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпыұлттық газет
болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын
топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды.
Екіншіден, кітəби, əдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, қырғыз
аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл атын қайта оралту
мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген. Ахмет
Байтұрсыновтың бұл жайында: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты
аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық» - дейді. Осыдан аңғаратынымыздай, ұлт
зиялалары газетті шығаруда ұлттың мүддесін басты орынға қойды. Бұл азаттық
қозғалыстың ХХ ғасырдағы өркениетті түрі болатын. «Қазақ» газетінде саяси,
əлеуметтік-экономикалық мəселелерден басқа, рухани, мəдени тақырыпта əр түрлі
хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды.
Сын сағатта туып, Алаш автономиясының
үніне айналған «Қазақ» газеті халық алдындағы өз мисссиясын орындады. Біріншіден,
сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған
күресінің, тарихы мен мəдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды.
Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған,
еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен
Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кəсіби
газет стилін қалыптастырып кетті.
«Айқап» журналы. «Айқап» Қоғамдық-саяси жəне əдеби журнал. 1911-1915 жылдар
арасында, төрт жылдай уақыт Троицк қаласында, басында айына бір рет, кейіннен
айына екі рет шығып тұрған. Бас-аяғы 500 данамен 88 нөмірі жарық көрді. Алғашқы
редакторы – Мұхаметжан Сералин болды. «Айқап» журналы қазақ баспасөз
тарихындағы ең алғашқы тəуелсіз басылым еді. Мұхамеджан Сералиннің: «Журналға
«Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің
қазақтың «Əй, қап!» демейтұғын қай ici бар?!. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз
көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», – деген сөздерінен
табуға болады. Демек, «Айқап» – ХХ ғасыр басындағы қалың қазақтың талай нəрседен
қапы қалып, сан соғып, «Əй, қап!» деп өкінген өмірін өз атымен бейнелеген тұңғыш
журналы. 1911 жылдың басында Троицкіде шыққан «Айқап» журналы 1913 жылы
Орынборда бірінші нөмірі басылған «Қазақ» газетінің жарық көруін тездетті деуге
болады. Қазақтың осы бір журналы мен бір газеті ақпараттық кеңістікте бірер жыл
қатар жүрді. Оқырман «Айқапты» қазақтың тұңғыш ұлы деп таныды, «Қазақ» газетін
оның тетелес інісі деп білді. Бейімбет Майлиннің сөзімен айтар болсақ, халық үшін
«Қазақ» газеті көздің қарасындай, ал «Айқап» журналы көздің ағындай еді. Кеңестік
ғылым журнал жарияланымдарын кедей тап мүддесі тұрғысынан бір жақты ұғындырып,
«Айқапты» «демократияшыл» деп бағалады. Соған сəйкес ХХ ғасыр басында жарық
көрген бірқатар газеттермен салыстырғанда, кеңестік заманда зерттеуге, ізденушілердің
танысуына мүмкіндік туған бірден бір көне басылым – осы «Айқап» еді. Журналдың
тоқталуы саяси мəселелермен байланысты болды, депті бір көпшілік сипатты
жарияланымда. Бұл жаңсақтық. Дұрысында басты себебі – сол кездегі соғыстың
салдарынан туған күрт қымбатшылық, қағаз бағасы мен баспахана шығындарының өсуі,
журналға жазылушылар азайып, нақты қаржылай көмек берушілердің болмағандығы
еді.
Достарыңызбен бөлісу: