Тарих 90 жауаптар


)1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі



Pdf көрінісі
бет45/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Тарих 90 жауаптар

60)1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі.
Қазақстан мен Орта Азиядағы он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық
Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды. 1914
жылы басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан
жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді.
Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай қазақ елінің майданды жəне
елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916
жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2089 мың тонна мақта, 300 мың пұт ет, 70
мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші
жылында тек Жетісу облысынан майданға жіберілген мал мен малшаруашылығы
өнімдерінің құны 34 миллион сомға жетті.
Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі шаңырақ салығының артуы болды. 1914
жылы қазақтан жиналатын осы əлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса,
1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды.
Көтерілістің басты себептері əлеуметтік-экономикалық жəне саяси мəселелерге тікелей
байланысты болды. Отаршылдық езгінің күшеюі, Қазақстан мен Орта Азияның
жергілікті халқының жерлерін тартып алудың жалғасуы, салықтар мен басқа да
алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюы, патша өкіметі жүргізген орыстандыру
саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның əлеуметтік жағдайының күрт төмендеуі
көтерілістің басталуына себеп болды.
Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы
«Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық бойынша Қазақстан,
Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарынан (19 бен 43
жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен
жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу
белгіленді.
Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде
пайда болды. Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған


болыс басқарушылары, ауыл старшындары жəне жергілікті əкімшіліктердің басқа да
қызметкерлері ұшырады, өйткені жасалған тізімдер əуел бастан жаппай парақорлық,
көзбояушылық пен қиянатқа негізделді. Əкімшілік жүйе ол кезде қазақтарда тууы
туралы куəліктің болмағанын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді
қалауынша енгізіп, ал ауқатты əулеттерден пара алып, оларды шақыртудан босатты.
Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін,
жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс
біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері – отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың
қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды.
Көтеріліске сондай-ақ қазақ халқының басқа əлеуметтік топтарының (байлар, болыстар
мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда
жетекші рөл атқарды.
Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ə. Жүнісов, Т. Рысқұлов,
С. Меңдешев, Б. Алманов, Ə. Жангелдин жəне т.б.) патша жарлығына батыл қарсы
шықты жəне халықты қарулы қарсылыққа шақырды.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың
жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейханов, М. Дулатов, т.б.) патша əкімшілігінен тыл
жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу
жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз
жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық
көрсетпеуге шақырды.
Түркістан генерал-губернаторы бірнеше жазалау отрядын жасақтап, көтерілісшілерге
қарсы жөнелтті. Көтерілісшілер Самсы төңірегінде отрядқа шабуыл жасап, оларды
Верныйға (Алматы) қарай шегінуге мəжбүр етті. Т. Бокин бастаған көтерілісшілер (10
мыңнан астам) тамызда шабуылға шығып, Верный мен Пішпек арасындағы байланысты
үзді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет