Империалистік жəне азамат соғысы экономикалық дағдарыс туғызды. Кəсіпорындардың
көпшілігі жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір
өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір
шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Кеңес өкіметі еңбекшілер
жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілікке қажеттіні коммунистік негізде бөлуді
ойластырды. Алайда зорлыққа негізделген азық саясаты сəтсіздікке ұшырады.
Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.
1921 жылғы ақпанда 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының
үйін қиратты. Сібір мен елдің орталығы арасындағы теміржол қатынасы үш апта бойы
тоқтап қалды. 1921 жылғы наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді.
Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері көтерілісшілер
қолынан қаза тапты. Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалар мүдделерін
ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқындала түсті.
Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты. Атамандар Дутов пен
Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті. Атаман Анненков əсіресе
Солтүстік Жетісуда ерекше құтырынды. 1918 жылдың соңында үш күннің ішінде Лепсі
уезінің Петровский, Пятигорское, Подгорное қоныстарын тонап, өртеп жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: