Тарих 90 жауаптар


)Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Тарих 90 жауаптар

67)Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының
құрылуы.
Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылға дейін өмір сүрген мемлекет. Қазақ
(Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық
жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты
жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат
соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ)
өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» атты
əскери-əкімшілік орган құрылды. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің
кұрамында С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев,
Ə.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев, Ə.Əйтиев, А.Авдиев т.б. болды.
Əскери-азаматтық билік берілген комитет, əртүрлі жұмыстарды атқарды, оның ішінде,
сол кезде маңызды болған «əскери коммунизм» саясатын іске асырды, тек автономия
мəселесімен айналысқан жоқ.1920 жылдың тамызында Мəскеу қаласында Кирревком
жəне Түркістан майданының əскери-төңкеріс кеңесі, РКП/б/ Түркістан өлкелік
комитетінің партия жəне кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан, Қырғыз АКСР-ын
құру туралы бірнеше мəжілістер өткізілді. Соңғы мəжіліске социалистік революцияның


көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы В. Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нəтижесінде,
1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы
жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен
И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы»
тарихи Декрет жарияланды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР
Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-нің
ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 жылы соғыс коммунизм саясатының орнына жаңа
экономикалық саясат енгізілді. 1921-1922 жылдары жер-су реформалары жүргізіліп, 470
мың гектардан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 жылы 5-10 қаңтар
аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының
жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларының ұлттық-межелеу
нəтижесінде Жетісу жəне Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ
АКСР-геқосылды. Патша əкімшілігі кіргізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сəуірде
жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы
Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.Жаңа
əкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал
(құрамына Бөкей облысы уезд дəрежесінде кірді) облыстарынан жəне республика
Үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ
автономиясы облысқа кірді. 1928 жылы Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам
ұжымшар, 5 кеңшар құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен
аудандар құрылды.1929 жылы 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі
Атырау), қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар
(қазіргі Солтүстік Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 жылы
мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді.1929 жылы жаппай ұжымшарға бірігу
қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық
тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу жəне көшпелі халықты отырықшыландыру
науқандарымен қатар жүргізілді. 1928-1937 жылдары республикада 1-2 бесжылдық
жоспарлары бойынша 200- ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың
ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту зауыттары болды.КСРО-дағы
3-көмір бассейні атанған Қарағанды жəне Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел
түрде Түрксіб темір жолы іске қосылды. 1932 жылы бұрынғы округтер таратылып,
орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,
Шығыс Қазақстан) құрылды.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа конституциясы
бойынша Қазақ АКСР-ы одақтас республикаға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет