Тарих, археология және этнология факультеті


 БӨЛІМ. ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет14/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Учебник Теор. этнология

3 БӨЛІМ. ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ
 
Бөлімді оқу барысында студент этнология ғылымының қалыптасуында, 
этнологияның зерттеу нысанын айқындауда маңызды болып саналатын 
этнографиялық ілімдердің тарихын оқып үйренеді.
- студент этнология ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы 
этнологиялық 
мектептер 
өкілдерін, 
олардың 
этнология 
ғылымын 
қалыптастырудағы негізгі ілімдерін білу керек,
- мектептер бағыттардың қалыптастырған ғылыми ілімдеріндегі негізгі 
аспектілерді ажырата алуға және оны зерттеу барысында қолдануға икемі болу 
керек;
- этнология тарихында қалыптасқан этнологиялық мектептер мен 
бағыттардың зерттеу нысанындағы теориялық идеяларын игеру қажет.
1 Этнологиялық мектептердің қалыптасу себептері, эволюциялық ілімдер
2 Диффузионистік және әлеуметтік мектеп 
3Функционалдық және құрылымдық (структуралық) бағыттар 
4 Этнопсихологиялық мектеп 
5 Мәдени релятивизм, неоэволюционизм және қазіргі жаңа концепциялар 
1 Этнологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы, европалықтардың 
басқа елдердегі халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген қоғамдық 
қызығушылықтың заңды нәтижесі деуге болады. Жалпы этнологиялық 
ілімдердің толығуы, баюы, сол ерте кезеңнен бастау алады. Оның толығуына 
көптеген экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде жиналған әртүрлі 
мәліметтер ықпал етті, ал бұл деректер әлемнің этникалық картинасын 
біртіндеп қалыптастыруға ықпал етті. Бұл үдерісте әлем мен оның халықтары 
жөнінде мәліметтерді көбейткен Ұлы географиялық ашулар болды. Жиналған 
мәліметтердің көптігі әлемнің әр түкпіріндегі халықтар мәдениетінің кейбір 


элементтерінің ұқсастығы, әр түрлі халықтар мінез-құлқының әртүрлілігі, олар 
жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, түйсіктен өткізіп, нақты, анық түсінік беру 
үшін, ғылым деңгейін жеткізуге итермеледі. Сондықтан ХІХ ғ. ортасында 
этнологияда түбегейлі өзгерістер болып, көптеген этномәдени мәліметтерді 
интерпретациялаған әр түрлі мектептер мен бағыттар пайда болды.
Эволюционистік мектеп. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың 
пайда болуы да этнографияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасу мерзімі 
де ХІХ ғ. ортасына жатады. Осы кезеңде ғылыми жаңалықтардың ашылуы 
өркендеп, жалпы методологиялық ұстанымдар қалыптаса бастады. Осыған 
байланысты Америкада, батыс Европа елдерінде, Ресейде негізгі мақсаты 
архайкалық халықтардың мәдениетін зерттейтін ғылыми қоғамдар ашыла 
бастайды. Мәселен, 1843 жылы Британияда жаңа этнографиялық қоғам, 1845 
жылы 
Орыс 
Географиялық 
қоғамында 
этнография 
бөлімі, 
т.с.с. 
ұйымдастырылды. Бұл кезеңде ғылымда үстемдік құрған жалғыз теория болды 
және оған ешқандай ұстанымдар сай келмейтін еді.
Эволюциялық 
этнологияның 
классиктері 
мен 
әлеуметтік 
антропологияның классиктері: Англияда – Герберт Спенсер, Эдуард Тайлор, 
Джеймс Фрезер; Германияда - Адольф Бастиан, Теодор Вайц, Генрих Шурц, 
Францияда – Шарль Летурно, АҚШ-та - Льюис Морган. және т.б. эволюциялық 
мәдениет ілімін, оның төменгі сатыдан жоғарыға даму ілімін құрды.
Этнологиядағы эволюциялық мектептің негізін қалаушы ағылшын 
ғалымы Эдуард Бернетт Тайлор (1872-1917) болды. Ол этнологиялық білімнің 
негізін қалаушы ретінде Оксфорд университетінің антропология кафедрасының 
алғашқы меңгерушісі болды. Э. Тайлор өзінің 1865 жылы шыққан 
«Исследования в области древней истории человечества» және «Первобытная 
культура» деген еңбектерінде эволюциялық теорияның іргелі ережелері 
баяндалды. Атап айтқанда, бұл еңбектерде ол алғашқы қауымдық жағдайдағы 
адамзат мәдениетінің қазіргі өркениетке дейінгі үздіксіз прогрессивті даму 
идеясын тұжырымдай отырып, халықтар арасындағы өзгешеліктер нәсілдік 
ерекшеліктермен байланысты емес, ол әртүрлі халықтар мәдениетінің әртүрлі 
сатылармен, жалғастылығымен байланысты екендігін айтады. Сондай ақ, ол 
өзінің эволюционистік концепцияларын 1871 ж. шыққан «Первобытная 
культура» деген еңбегінде онан әрі баяндады. Э. Тайлор тарихи және табиғи 
катаклизмдер нәтижесінде мәдениеттің регрессивті өзгеріске ұшырау 
мүмкіндігін жоққа шығармайды, дегенмен де адамзат тарихының түзу бағыты 
мәдениеттің эволюциялық прогрессивті дамуы болып табылады. Сондықтан 
барлық адамдардың психологиялық және интеллектуальды бастауы бірдей, 
даму жолының ұқсастығына қарай бірыңғай мәдениет белгілері қалыптасады. 
Мәдениеттің әртүрлілігін Тайлор біртіндеп дамудың көптүрлі сатыларымен 
байланыстырады, олардың әрқайсысы өткеннің жемісі бола отырып
қалыптасатын мәдениетте белгілі орны болады. Мұнда мәдениет халықтың 
даму сатыларымен байланысты әртүрлілікке ие болады. Осындай дамудың 
тізбекті кезеңдері барлық халықты, өте артта қалған мәдениеттен өркениетке 
жеткенге дейінгі адамзаттың барлық мәдениетін бір қатарға қойды.


Өзінің еңбектері мен мақалаларында Э. Тайлор мәдениет құбылысының 
имманентті дамуы мен адамзат мәдениетінің үздіксіз дамитындығы жөніндегі 
көз-қарасынан тайған жоқ. Мәдениет құбылыстарын зерттеу барысында Э. 
Тайлорды алғашқы қоғамдағы халықтардың діни сенім-нанымдары 
қызықтырып, діннің пайда болуындағы анимистік теорияны ұсынды. Артта 
қалған халықтардың сенім-нанымдарын зерттей отырып, адамзат пен оның 
мәдениетінің бірлігі идеясын жақтады. Алғашқы қоғам мәдениеті өзінің даму 
кезеңіне сай өрбіп отырған, сондықтан ол кейбіреулердің пікірінше ойдан 
құрастырылған, ебедейсіз әрекеттердің араласуынан пайда болмаған, -деп 
көрсетеді. Олардың барлығының негізінде рухани болмыстағы сенім, рухтың 
жандылығында жатыр, деп түсінді. Рухтың жаны бар екендігіне деген сенімді 
Тайлор «анимизм» (латынша anima-рух, өмір, өмірдің бастауы) терминімен 
ұғындырды. Анимизмнің түп тамыры алғашқы қоғамдағы адамдардың өлім, 
естен тану, ауру, ұйқы, т.с.с. құбылыстардың себептерін түсіндіруге тырысқан 
қиялдардан пайда болған. Осындай құбылыстарды түсіндіре отырып, әрбір 
адамның рухы оның денесін мәңгі не уақытша тастап кете алады. Сонымен, 
алдымен жануарлардың рухы мен табиғи күштерге деген сенім, онан кейін 
табиғаттың ұлы құдайлары мен көктегі Құдай бірлігіне деген сенім қалыптасты. 
Э.Тайлордың эволюционистік көз-қарасы этнологияның дамуына ықпал етті. 
Оның идеялары тарихи үдерістердің бірлігі мен мәдениеттің прогрессивті даму 
жөніндегі 
концепцияларды 
тұжырымдады. 
Бірақ 
бұл 
кезеңдерде 
эволюционистердің кемшілігін ғалымдар көре алған жоқ.
Эволюционизмнің классиктерінің бірі ағылшын философы, биолог, 
психолог әрі социолог Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Спенсердің негізгі 
идеяларының бірі қоғам мен организмнің тақылеттілігін (аналогия) ұсынуы. 
Қоғам мен соған сәйкес мәдениеттің әртүрлі үлгілерін, ол органикалық дамуды 
жүзеге асыратын организмнен тыс күш деп түсінді. Мәдениет не қоғам сыртқы 
ықпалдың (географиялық орта және көршілер мәдениетінен) және ішкі 
(адамның физикалық табиғаты, нәсілдің дифференциациясы, психикалық 
сапаның әртүрлілігі) факторлар салдарынан дамиды. Ол артта қалған 
мәдениетті физикалық, ақыл-ойы және ұстанымы
жағынан
артта қалған 
адамдар тобы құрайды деген гипотезаны айтқан. Қоғамның тарихи дамуын 
талдай отырып ондағы дифференциялық және интеграциялық екі жақты 
дамуды көрсетеді. Даму мәдениеттің элементін құрайтын сандық өсімнен 
басталады.
А. Бастиан ғылымда даму теориясы және қазіргі шаруашылық мәдени 
үлгі тәріздес географиялық провинция деген жаңа концепцияларын ұсынды. Ол 
ғылымда алғаш рет этникалық факторлардың ролін, этнологияның тарихпен 
байланысының маңызын көрсетіп берді. 
ХІХ ғ. эволюционистердің ішінде американ ғалымы Л.Г.Морганның орны 
айрықша. Л.Морган (1818-1881) қырық жыл бойғы зерттеуін АҚШ-ң үнді 
тайпаларына және басқа бөліктердегі халықтарға арнады. Дегенмен оның 
этникалық мәселелерге деген көз қарастары «Древние общество» (1877) және 
«Первобытное общество» (1871) еңбектерінде көрініс табады. Бұл еңбектерде 


ол 3 этникалық маңызды: адамзат тарихындағы рулық құрылымның рөлі мен 
орны, отбасы неке қатынастарының қалыптасу тарихы және адамзат тарихын 
кезеңдеу мәселелерін қарастырады. Адамзаттың барлық тарихы екі үлкен 
кезеңге бөлінген: 1.ерте – ру, фратрия және тайпаға негізделген әлеуметтік 
ұжым, 2. кейінгі – адамдардың территория, жеке меншікке деген әртүрлі 
қатынастарына негіздеген саяси ұжымы. Рулық ұжым - ежелгі азиялық, 
еуропалық, африкандық, американдық, австралиялық қауымның универсиалды 
әлеуметтік құрылымының негізі. Рулық ұжым- қоғамды ұйымдастыру және 
сақтауда құрал болып табылады. 
Морганның келесі бір маңызды ғылыми зерттеу бағыты, отбасы тарихын 
зерттеу. Ол да жоғарыдағы кітапта баяндалған. Л. Морган адамзат тарихындағы 
отбасы дамуын 3 кезеңге бөлген: 1) қандас туысқандық семья – отбасы 
дамуының алғашқы түрі, промуискитет жоғарыдағы және туысқандар 
арасындағы неке, ата-анамен баланың арасындағы некеге тиым, бірақ аға-
қарындас арасында некенің болуы; 2) пунуалды отбасы, топтық некеге 
негізделген, бірнеше апа-сіңлілердің ортақ күйеуі не бірнеше аға-інілердің 
ортақ әйелі болуы; 3) жұптық не синдиосмикалық отбасы (некесіз бірге тұруға 
тиым); 4) патриархалды полигамиялық отбасы; 5) қазіргі отбасы түрі 
моногамиялық отбасы. Л. Морганның пікірінше, осы отбасылар ішінде 
тұрақты болған жоғарыда көрсетілген 1,2 және 5 отбасылар, бұлар адамдар 
арасындағы туысқандықтың негізгі түрін қалыптастырды. 
Л. Морганның этнология үшін маңызды зерттеуі, алғашқы қауымдық 
құрылыс тарихын және алғашқы қауым мәдениетін кезеңдеуі. Морган адамзат 
тарихын үш кезеңге: жабайылық, варварлық және өркениетке бөлуді ұсынды.
Морганның кезеңдеуі этнографиялық, тарихи және археологиялық фактілерді 
байланыстыра отырып, олардың даму деңгейін салыстырып, әрбір халықтың 
тарихтағы орнын көрсету. Бұл алғаш рет дүниежүзілік тарихты кезеңдеуді 
жүйелеу болып табылады. Ол алғашқы қауымдық қоғамдық ұйымдарда 
рулардың маңызын, олардың даму кезеңдерін ашып берді. Морганның 
солтүстік американ үндістері, семья және неке тарихы жөніндегі еңбектерінің 
маңызы ерекше.
Эволюционистер мәдениеттің дамуы мен адамзат қоғамы институтын 
түзу сызықты үдеріс, жайдан күрделіге өтетін үздіксіз прогресс деп қарап, бұл 
дамудың универсальды заңдылығын ашуға тырысты. Эволюционистердің 
зерттеуі бірнеше бағытта жүрді. Олардың негізгі қағидасы: барлық халық 
психикалық ақыл ой, биология жағынан тең деген нәсілшілдікке қарсы 
гуманистік бағытты ұстанды. Эволюционизмнің, жалпы эволюциялық 
теорияның дамуы ғылымға прогрессивті түрде ықпал етті және халық туралы 
ғылымның қалыптасуында маңызды роль атқарды. 
Эволюциялық этнологияның дамуы ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары 
Францияда, АҚШ-та, Германияда, Англияда, кейінірек Ресейде ғылыми 
қоғамдардың пайда болуына ықпал етті. Ірі университеттерде этнология 


бойынша жеке курстар оқыла бастады. ХІХ ғ. аяғына таман алғашқы оқу 
орталықтары, этнографтар дайындайтын кафедра, институт, т.б. жұмыс істей 
бастады.
Эволюциялық мектеп алғаш рет адаммен оның мәдениеті дамуының 
құрылымдық концепциясын және қоғамдық дамудағы үдеріс идеясын таныды. 
Сонымен, эволюционизмнің негізгі идеялары мынада : 
- адамзаттың пайда болуы бір, сондықтанда барлық адамдардың 
ақыл-ой қабілеті бірдей, бұл жағдай адамзат әлемнің қай түкпірінде болмасын 
мәдениет дамуы біртүрде өтеді, ерекшелік тек ортамен байланысты;
- адамзат қоғамында үздіксіз прогресс және үдеріс, ол жайдан күрделіге 
өтеді, мәдениет қоғамның бір бөлігі ретінде төменнен жоғарыға дамиды, 
сандық көбею не азаю арқылы біртіндеп өзгеріске ұшырайды;
- мәдениеттің кез-келген элементінің дамуы алдын-ала анықталған, 
себебі, ертеде пайда болған мәдениет негізінде оның кейінгі түрі дамиды, 
сондықтан мәдениеттің дамуы көп сатылы, әлемдегі барлық мәдениеттің 
кезеңдері мен сатылары бір;
- адамзат мәдениетінің даму заңдарына сәйкес бір кезеңдегі әртүрлі 
халықтардың дамуы оның мәдениетінің бір нәтижесімен байланысты;
- қоғамдық даму тірі табиғатқа тән эволюция заңымен жүреді, даму көзі 
ескіні жаңамен алмастыру т.б. тартыс болып табылады, нәтижесінде 
мәдениеттің әр түрлі элементі өзара байланысты;
- халықтардың мәдени айырмашылығы олардың даму деңгейінің 
әртүрлілігімен байланысты. 
Эволюционизмнің осы қағидалары негізінде этнологтар және оны 
таратушылар маңызды идеологиялық және тәжірибелік қорытынды жасады: 
егер барлық халықтар дамудың бір жолымен жүрсе және оның шыңы 
европалық өркениет пен мәдениет болса, онда барлық халықтар ақырында 
европалық мәдениет құндылығына келеді. Бұл сонымен қатар, егер 
европалықтар өзінің отарлық империясын құрса, қалған артта қалған халықтар 
да мәдени дамудың сол жолымен тезірек жүреді дегенді білдіреді.
Этнология ғылымының дамуында эволюционизмнің ролі жоғары 
болғанмен, олардың методологиялық және теориялық проблемаларында 
қателіктер де болғанын жоққа шығара алмаймыз. Тарихи үдерістің
диалектикасын есепке алмай, дамудың үздіксіз тік сызықты идеясы жалпы және
жекелей мәселелерде қате қорытындылар жасауға әкелді. Мәселен, тек 
қоғамдық үдерістерді биологияландыру, мәдениеттегі өзгерістер мен даму 
психологиялық факторға байланысты деу, т.б. қателік еді. 
ХІХ ғ. аяғында эволюциялық теорияның жақтастары мен сынаушылары 
да көбейе бастады. Кейбір ғалымдар эволюционизмнің жақсы жақтарын 
айтумен қатар кемшілігін де көрсете білді. Осыған байланысты мәдениет 
дамуының, оның өзгерістері мен таралуын, даму кезеңдерін зерттеудің жаңа 
жолдары іздестіріле бастады. Эволюциялық бағытқа қарсы, қоғамдық 


құбылыстардың дамуының тарихи жолына қарсы жаңа бағыттар мен мектептер 
пайда бола бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет