Дюркгеймнің келесі бір маңызды этносоциологиялық теориясының
құрамдас бір бөлігі ұжымдық көрініс. Оның пікірінше, адамзат санасы біртекті
емес, ол екі әртүрлі формада өмір сүреді: идивидуальды және ұжымдық.
Біріншісі әрбір нақты адамға тән және оның жалпы психикасының
ерекшеліктерімен анықталса, екіншісі жекелей адамдарға емес,
жалпы барлық
топқа бір, ортақтықпен айқындалады. Ұжымдық сана ұжымдық көріністерден
– діни сенім нанымдардан, аңыздардан, морал және құқықтық нормалардан
көрініс табады. Олар әлеуметтік өмірде тамырланып
және барлық әлеуметтік
топтармен өңделіп, өзіндік қабылдаудың әртүрлі аспектілерінен көрінеді.
Э.Дюркгеймнің ілімін әрі қарай жалғастырған М.Мосс, К.Леви-Стросс,
М. Гран, Л.Леви-Брюль болды.
Осылардың ішінде француз әлеуметтік мектебінің өкілі Льюсен Леви-
Брюлдің (1857-1939) ілімдері этнологияда маңызды рол атқарады. Ол да
ұжымдық түсінікті қолдайды, ол адамда өзінің өмірлік тәжірибесі негізінде
қалыптаспайды, оның санасында қоғамдық орта арқылы – тәрбие,
қоғамдық
пікір, әдет ғұрыппен енеді деп, түсіндіреді.
Сонымен әлеуметтік мектеп өкілдерінің негізгі идеясы мынада:
- Әрбір қоғамда қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін «ұжымдық
түсініктің» кешені өмір сүреді;
- Мәдениеттің қызметі адамдарды жақындастыра отырып, қоғамды
Ынтымақтастыру;
- Әрбір қоғамның өзінің моралі бар, ол динамикалық өседі және
өзгереді; бір қоғамнан басқаға өтуі күрделі үдеріс және ол бір сарынды емес
секіріспен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: