тағамдану этнографиясы, қарым-қатынас этнографиясы, т.с.с. зерттеу
бағыттары пайда болуда. Мәдениетті, этникалық үдерістерді жүйелі зерттеу
дамуда, кейбір бағыттарды – этноэкология, этномедицина, этноботаника,
этнометрология және т.б. атаулары біріктірген.
Осыған байланысты
этнография деректер ауқымын басқа ғылымдар мәліметтер есебінен де үнемі
кеңейтуде. Бұл жағдайда зерттеушілер мәселен, тамақтанудың өзіндік моделін
зерттеуде, диетологияда қабылданған тағамның қуатын, тамақты дайындау
технологиясын сипаттағанда кулинарлық терминологияны пайдаланады. Бірақ
этнографтар өзінің зерттеуінде этнографиялық проблематикаға жататын
ғылымның тұжырымдамаларын қолданады. Мәселен, халықтың пайда болуы
мен ежелгі тарихын зерттегенде физикалық антропология мен археология
мәліметтерін, шаруашылықты зерттегенде климат, экономикалық география,
т.б. ғылымдар материалдары пайдаланылады.
Этнографиялық ғылым әдістерінің келесі
бір деңгейі фактілерді
ұйымдастыру рәсімімен сәйкес келеді. Бұл жерде кеңінен таралғаны -
дескриптивті әдіс, этнографиялық құбылысты сипаттау - тікелей бақылау
арқылы не басқа да деректер түрлері арқасында алынған фактілер жиынтығы
негізінде жүзеге асырылады. Кейінгі типологиялық, немесе классификациялау
тәсілі - зерттелетін құбылыстың жалпы және ерекшелігін айқындауға, мәдениет
құбылысының орналасу кеңістігін көрсете алатын этникалық қана емес,
этнографиялық картасын құруға, этнографиялық фактілерді сұрыптауға,
топтастыруға және бастапқы жүйелеуге мүмкіндік береді.
Келесі әдістің деңгейі - аналитикалық. Ол
зерттеу міндеттерімен
анықталатын екі әдістен тұрады. Біріншісі - салыстырмалы-тарихи, бұл әдіспен
зерттелетін құбылыстың ұқсастығы мен ерекшелігі және оның себептері
анықталады. Пәнмен байланысты зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісі
зерттеудің үш рәсімін: тарихи-типологиялық зерттеу, конвергентті құбылысты
есепке алу; тарихи-генетикалық салыстыру - генетикалық байланысын, шығу
тегі құбылыстарын зерттеу; тарихи-диффузиялық - мәдениет құбылысын
сіңдіру жоспарын қамтиды.
Екіншісі- жүйелі тәсіл деп аталады, кей жағдайда салыстырмалы-тарихи
әдіске сәйкес келеді, бірақ гносеологиялық тұрғыдан,
сипаты жағынан
ортақтық бар. Ол да бірінші сияқты жүйелі құбылыс сипатында нысанаға
бағытталған бірнеше рәсімдерді қамтиды. Бірінші тәсіл жағдайындағы сияқты
мына рәсімдерге жүгінеді:
- пәндік аспекті, біріншіден, жүйені құрайтын элементтерді (нысананы)
айқындау, екіншіден, жүйе элементтері арасындағы байланысты, сол сияқты
құрылымын анықтау;
- атқарымдық (функционалдық) аспекті, біріншіден тұтастығы мен
тұрақтылығын
қамтамасыз
ететін
жүйе
элементтері
арасындағы
өзараықпалдастық механизмін, екіншіден, қоршаған әлем, басқа да құбылыстар
мен жүйелердің атқарымдық байланыс жүйесін қарастыруды көздейді;
тарихи аспекті екі құрамды, біріншіден, генетикалық – құбылыс, жүйенің
пайда болу тарихын, екіншіден, классикалық этнография үшін шектеулі, бірақ
мұндай ғылым саласында кең қолданатын болжау (прогностиканы) құрайды.
Сондай ақ, бұл ғылымда тарихи және құрылымдық - функциональды әдіс
кең тараған. Тарихи әдістердің талабы – зерттелетін нысананың (обьектінің)
үдеріс барысында тууы, қалыптасуы,
дамуы және өзгеруі, болашағы не
жоғалуы мәселелерін қарастыру. Қазіргі кезеңдегі этностағы тарихи әдістің
ғылыми тәжірибесі этнографиялық құбылыстардың генезисін зерттеудің
пайдалылығын мойындай отырып, тарихилықты кең және жан-жақты
көрсетеді. Тарихи әдісті пайдалану этностың барлық компонентіне және
дамудың әртүрлі кезеңіндегі этностың тарихи үлгісінің құрылуына дейінгі
барлық мәселелері қарастырылады.
Құрылымдық (структуралдық) - функционалдық әдіс. Құрылымдық
жағынан қарау зерттелетін нысанның құрылымын ашу қажеттігін тудырады.
Бұл әдістің мәні халықтың өміріндегі мәдени
элементтің не әлеуметтік
институттың мәнін айқындау. Құрылымдық тәсілге зерттелетін нысанның
құрылымын айқындау, кейінірек әлеуметтік қатынастар мен олардың
арасындағы байланыстың жүйелілігі қосылды. Бұл әдісті жақтаушылар басында
нысанды зерттеудегі тарихи аспектіні жоққа шығарғысы келді, олар
жаңашылдықпен қосалқылық зерттеуді бірінші орынға қоюға тырысты. Бірақ
кейін құрылымдық функционалдық талдауда тарихилық органикалық
құрылымдық элемент ретінде енді.
Жүйелілік әдіс обьектінің мүшеленуін компоненттерге, оларды
құрайтын элементтермен олардың арасындағы
байланыстарды қоса алып
зерттейді. Жүйелілік әдіс көптеген методологиялық және теориялық
принциптермен философиялық идеяларды біріктіре алады. Бұл әдіс бір
жағынан тарихи-салыстырмалы әдіске сәйкес келеді. Олда нысанаға және пән
зерттеуіне бағыттала отырып жүйелі құбылыс ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: