мәдени типін таңбау керек, әрбір халықтың
өзінің әлеуметтік идеясы,
моральдық нормасы тарихы қалыптасады.
Дегенмен де тарихи тәсілдің ұстанымының жаңашылдығына қарамастан
әдістемелік құралы диффузионистерден алынған, мәселен оның ішінде А.
Кребермен байланысты мәдени ареал теориясы. Мәдени ареал ұғымының мәні
мынада: мәдениет ештеңеге қарамастан
бірегей, бір-біріне ұқсас емес, өз ішінде
белгілі бір ұқсастыққа ие мәдениеттің топтарын бөлуге болады. А. Кребер,
ондай ұқсастықтарды анықтаушы факторлар - табиғи-географиялық жағдай, ал
ол кезегінде халықтар тобының өзіндік шаруашылық әрекетін қалыптастырады,
деген пікірлерді айтты. А. Кребердің пікірінше мәдени ареал біртекті емес, ол
орталықтан, перифериядан тұрып, оның әртүрлі ареалдарының белгілері
араласады. Олардың шекаралары географиялық
шекарамен сәйкес келіп,
мәдениеттің таралу территориясын анықтауда табиғи жағдай бірінші орынға
шығады.
Жалпы қорыта келгенде ХХ ғасырдың соңғы ширегінің басында
этнологияда екі магистралды бағыт; американдық мәдени антропология мен
британдық мәдени антропология қалыптасты.
Олардың
арасындағы айырмашылық, британ әлеуметтік антропологиясы
этникалық топтарды зерттеуде әлеуметтік қатынастар арқылы зерттеуге көңіл
қойды. Бәрінде де мәдени феномендерді әлеуметтік қатынастардың тірегі мен
тұрақтылығы арқасында, деп қарастырды.
Американ мәдени-антропологиясы бағытын зерттеушілер ең алдымен
оның қалыптасуына
жауап беретін мәдениетті, оның заңдарын зерттеуді
жақтады. Социум - бұл жерде мәдени феноменнің бірі ретінде, мәдениетті
құраушы басқалар сияқты ғана зерттелу керек делінді.
Континенталды еуропалық ғылыми дәстүрді айтқанда,
айшықты
магистралды бағыт айқындала алған жоқ деп, тұжырымдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: