Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет18/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Учебник Теор. этнология

СтруктурализмЭтнологиядағы структуралистік бағыт функционал- 
изм аясында өтіп, ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері 
А.Радклифф Браун, Эдуард Эванс-Притчард, Клод Леви-Строс, Фердинанд де 
Соссюр, М.Дуглас, т.б. Аталған бағыттағылар – британдық және француздық 
структурализм деп бөлінді. Структурализмнің бұл екітүрлілігін біріншіден
мәдениеттің реттелген құрылымы түсінігі мен екіншіден, мәдениетте болып 
жататын үдерістерді зерттеуге назар аударылуы біріктіреді. Соған қарамастан 
бұл екі бағыттың арасында айырмашылық үлкен. Ол мәселен зерттеу нысанын 


таңдауда: британдық ғалымдар үшін зерттеудің нысаны социумды алып, ал 
мәдениетті тек оның бөлшегі ретінде қарастырылады. Ал, француз 
структуралистері (ең алдымен К. Леви-Строс) зерттеуде ойлаудың 
ерекшелігіне «дәстүрлі» адамдарды мифология мен діни нанымдар түсінігіне 
қарай назар аударады. Француздық структурализмнің негізін қалаушы, сол 
кезеңдегі жалғыз өкілі Клод-Леви-Стросс өзінің «Структурная антропология», 
«Мифологиялық», «Бүгінгі тотемизм» т.б. еңбектерінде мәдениетті 
лингвистикадағы сөзге ұқсатып, мәдениетте сөз сияқты жекелей элементтерден 
тұрып, белгілі бір тіркестерді құрайды. Өз кезегінде олардың бір элементінің 
бұзылуы барлық мәдениет элементтерінің құруына әкеледі. Бір жағынан 
мәдениеттің жүйелілігімен қатар оның жігі болады, әрбір элементі үлкен ірі 
жүйені құрайтын майда элементтерден тұратын құрылым болып саналады.
А.Радклифф Браунның пікірінше адамдардың қоғамдық өмірі белгілі 
бір әлеуметтік құрылым аясындағы қызметі болып саналады. Әлеуметтік 
мәдени өмірге деген функционалдық тәсіл индивидтің әлеуметтік өмірге 
икемделіп, оны игеруін зерттеуге ықпал етеді. Қоғам жекелей әрекет етуші 
элементтердің өзара байланысты құрылымдық жүйесі. Адамның қоғамдық 
өмірі белгілі бір әлеуметтік құрылым шеңберінде қарастырылады. Сондықтан 
этнологияның негізгі міндеттері Радклифф Браунның пікірінше адамзат 
қоғамының құрылымдық өзгерістерінің себептерін емес, оның мәдениетін 
айқындай отырып, құрылымдық өзара байланыстылығын көрсету керек.
Радклифф - Браунның идеялары ағылшын әлеуметтік антропологиясында 
маңызды бола отырып, Эдуард Эванс- Притчард (1902 -1972) еңбектерінде
онан әрі жалғасын тапты. Африкан мәдениетін зерттеуші Эванс Притчард 
өзінің зерттеуін структуралистік тәсіл негізінде құра отырып, нақты фактілерді 
белгілі бір социологиялық теорияға бағындырды. Осы тәсілдің көмегімен 
қоғамның құрылымдық құрылысы мен оның ішіндегі тұлғаралық 
қатынастарды түсіне аламыз, бұл әдістің негізгі мақсаты қоғам жүйесін 
тұтастай анық түсіну.
Структуралистік идеяны дамыта отырып, Эванс Притчард, 
адамдардың кез келген қарым қатынасы өзіндік құрылымды құрайды, онымен 
бірге бұл құрылымдар өзара бір әлеуметтік жүйенің белгілі иерархиясын 
құрайды. Оның пікірінше, қазіргі әлеуметтік антропология «тайпа», «клан», 
«ру», «семья» т.б. ұғымдарға ғана сүйене алмайды. Бұл түсінік әлеуметтік 
жүйенің негізін құрмайды. Этнология үшін ең алдымен әлеуметтік ахуалды 
көрсете алатын, әртүрлі қарым қатынас түрлері мен осы қарым қатынас 
ішіндегі қатынастар болып табылады. Тек осылай ғана әлеуметтік дамудың 
жалпы заңдылығын қалыптастыра аламыз.
Структуралистік идеялардың дамуы Францияда басқа жолмен жүрді. 
Француз структуралисі Клод Леви Строс Бразилия үндістерінің мәдениеті мен 
тұрмысына арналған еңбектерінде артта қалған халықтардың туысқандық 
жүйесіне талдау жасайды. Кейін келе ол өзінің еңбектерін артта қалған 
этникалық топтардың мифологиясына, сондай ақ тотемдік және басқа да сенім 
нанымдарын салыстырмалы зерттеуге назар аудара бастады. Осы 
тақырыптармен байланысты «Структурная антропология» (1958, 1973), 


«Тотемизм сегодня» (1962), «Печальные тропики» (1975) еңбектерін арнады.
Леви Стростың негізгі идеялары мынаған тіреледі. Тарихи дамудың барлық 
сатысында адамзат ақыл ойы бірдей. Ол үшін адамзаттың барлық әрекеті және 
адамдардың барлық сана түрлері қатал бір логикаға бағынады. Мұнда адамзат 
санасында эмоционалдық сезім емес, ақыл ой басым болып келеді. Сондықтан 
Леви Строс тұрмыс пен мәдениеттің әр жақтарын томаға тұйық жүйе деп 
қарастыра отырып оның әрқайсысынан логикалық заңдылықты табуға 
тырысты. Құрылымдық талдауды дамытудың мақсаты барлық әлеуметтік 
және мәдени құбылыстардың негізінде логикалық заңдылық жатыр делінді.
Леви 
Стростың 
этнологияны 
құрылымдық 
антропологиямен 
жақындастыруы аралас ғылым саласында кең резонанс тудырып, Франциядағы 
ХХ ғ. 60 жылдарындағы жетекші интеллектуалды бағыт етті. АҚШ - тағы 
когнитивті антропология мектептерінің өкілдері структуралистік әдіске жақын 
тәсілді дамытты. Бірақ олар белгілі бір территориядағы географиялық 
атаулармен ғана шектелді. Сондықтан структурализмнің ықпалы шектеулі ғана 
болып, оның адамзат ойлауының универсалдылығы теориясы тек дауды 
туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет