Тарих, археология және этнология факультеті


Тарихи - эволюциялық- бағыт



Pdf көрінісі
бет26/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Учебник Теор. этнология

Тарихи - эволюциялық- бағыт. Примордиалистер этникалықтың пайда 
болуын тек эволюциялық-биологиялық бағытта ғана емес, сондай ақ тарихи 
эволюциялық бағытпен де байланыстырады. Соңғы бағыт И.Г. Гердердің 
халықты «қан мен топырақ» бірлігі негізінде пайда болған, деген түсінігінен 
шығады. 1923 жылы С.М.Широкогоров: «этнос - бір тілде сөйлейтін, өзінің тегі 
бір екендігін мойындайтын, басқалардан әдет-ғұрып, салт-дәстүр кешені мен 
өмір салтынан ажыратылатын адамдар тобы», -деген белгілі анықтамасы пайда 
болды. Кейінірек, Ю.В. Бромлейдің еңбегінде онан әрі дамыды, сөйтіп, 
этностың көп жағдайда ұқсас анықтамасы бойынша- белгілі бір территорияда 
тарихи қалыптасқан, бәріне ортақ, салыстырмалы тұрақты мәдениет ерекшелігі 
(тілді қоса) мен психикасы және басқалардан өзгешеленетін өзінің бірлігін 
түйсінетін, адамдар жиынтығы ретінде қарастырады. Сонымен, этнос- тарихи 
қалыптасқан, өзінің қалыптасуында территория, тіл және мәдениетпен 
байланысты бірлігін мойындайтын адамдардың әлеуметтік тобы. Бірақ 
айтылған белгілердің бірде-біреуі жекелей этнодифференциалды бола алмайды, 
олардың жиынтығы ғана этносты анықтай алады. Сонымен, этностар 
примордиалды топ ретінде қала отырып, биологиялық одақтың емес, 
әлеуметтік сипат ала отырып, этникалық байланыстар тарихи өзгерістермен 
тығыз тәуелді екендігін ұмытпау керек.
Этнос примордиализмде –жалпы ұғым, ғылыми термин, тарихта , нақты 
(реальной) өмірде, өзінің нақты тарихи формасындағы адамдар қауымын 
сипаттауға арналған. Этностың қалыптасуы тұтас бір факторлардан тұратын 
ұзақ тарихи үдеріс. Оның ішінде ең маңыздылары тіл мен территория.
Территория бірлігі - адамдардың тіршілік етуіне, этностың өзін-өзі 
өндіруіндегі өзара әрекеттестігін, олардың арасындағы өзара байланысты 
қамтамасыз етеді. Мұнан басқа, жалпы территорияның табиғи жағдайы 
шаруашылық жағдай, мәдениет, тұрмыс және нормативті жүйенің жалпы 
ерекшелігін көрсете отырып, адамдардың өмірін анықтайды. Этникалық 
территория тек қана этностың қалыптасуындағы қажетті шарт қана емес, уақыт 
өте келе этникалық өзіндік сананың қалыптасуының негізіне айналады. 
Сонымен бірге тарихтан бізге белгілі, кейбір этностар территория жағынан 
ыдырағанмен мәдениетте өзіндік ерекшелігін және өзіндік этнонимін сақтап 
қалған.
Тіл этностың қалыптасуының шарты ғана емес, этногенездің 
қорытындысы деуге болады. Себебі, кейбір жекелеген этникалық топтардың 
интеграциялануымен этнос қалыптасады. Бұл жерде тіл этностың маңызды бір 
обьективті қасиеті, сонымен қатар этникалық тегінің символы ретінде көрініс 
береді.
Этностың қалыптасуында тілмен қатар мәдениетте жетекші рол атқарады. 
Ол мәдениет құбылыстарының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, мінез-құлық 
нормасы мен дін және т.б. дәстүрлігі мен тұрақтылығынан көрінеді. Этникалық 
қауымдардың мәдени бірлігі өз кезегінде адамдардың мінез-құлқынан, 


құндылықтарға деген бағытынан, талғам, т.б. байқалатын психикалық 
ерекшелігімен толығады. Қорыта келгенде, этнос деп, басқа қауымдардан өзін 
ажырата алатын, өздерінің басқа бір қауым екендігін түйсіне алатын адамдар 
тобы. Өзінің топтық бірлігін түйсіну этникалық сана-сезім, ал оның сыртқы 
көрінісі өзіндік атауы (этноним) қалыптасады. Этникалық өзіндік сананы 
құрайтын адамдар тобы - территорияның, шығу тегінің бірлігі мен тарихи 
тағдырының ортақтығын білетін этностың интегративті көрсеткіші.
Этногенездің қалыптасуы барысында, этникалық өзіндік сана этникалық 
тектің маңызды көрсеткіші ғана емес, басқа этностарға қарсы тұра алатын этнос 
мүшелерін біріктіре алатын күш болып та саналады. Сонымен «этнос» ұғымы 
ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі бере алатын, идентификациялық белгілерге ие 
адамдар тобы.
Қорытындылай келгенде, барлық примордиалистік концепциялар 
этникалық қауымдастықты биологиялық өзін-өзі өндіруі бар, іргелі мәдени 
құндылықты бөле алатын, сырттай мәдени пішіндері бір, коммуникация мен 
әрекеттестікте бір алаң құра алатын, өздерінің тобы мүшелерін
идентификациямен қамтамасыз ете алатын, басқалардан өздерінің бөлектігін 
тани алатын шынайы адамдар тобы деп түсіндіреді.  
Этникалықты осылайша түсіну Батыста модернизация теориясының 
түйісінде ХХ ғ. 60 жылдары кең таралды. Бірақ ХХ ғ. 70 жылдары бұл 
концепциялар жарамсыз болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет