жүзеге асырудағы далалық зерттеу барысында әр түрдегі этнографиялық
деректер: мәтіндік (жазба және ауызша түрдегі), бейнелер (сурет, жоспар,
сызбалар, фото, кино, видео) және заттай деректер жинақталады.
Далалық деректер «тікелей бақылау әдісін» жүзеге
асыру барысында
құрылатындықтан олардың ерекшелігін анықтайтын маңызды фактор -
зерттеушінің өзіндік бақылауы,
зерттеу мақсаты мен міндеті, әдістемелік
тәсілдері, ғылыми-экспедициялық тәжірибесі, ақырында –
оның тұлғалық
сипаты (жынысы, жасы, ұлты, т.б.).
Далалық деректерді бағалаудың ең маңыздысы - дерек нақты құрылған
далалық ахуал жөніндегі ақпарат. Онда экспедициялық зерттеудің (тұрақты,
маршрутты және т.б.) түрі, оның ұзақтығы және ерекшелігі,
материал жинау
әдістері, этнографтың деңгейі, зерттеушінің өзара іс-қимыл ерекшелігі мен
зерттелетін қауым, оның өкілдері жөніндегі ақпаратты білуі маңызды.
Экспедициялық материалдардың үлкен бір бөлігін ақпарат берушілерден
(информаторлардан) интервью, әңгіме түрінде алынған мәліметтер құрайды.
Ақпарат берушілер яғни зерттеліп отырған қауымның өкілдері берілген
мәдениет пен социумдағы өмір сүрудің түрлі жеке тәжірибесін құрайды.
Сондықтан, ақпарат берушінің жынысы, жасы, әлеуметтік және мүліктік
жағдайы, жекелей сипаты, биография ерекшелігі, этнографтың мақсатына деген
көз-қарасы, ықпал етеді. Ал, этнограф өзінің
экспедициялық материалдарын
талдауда, оны пайдалануда және басқа да зерттеушілер алынған
материалдардың толыққанды этнографиялық дерек екендігіне көз жеткізу үшін
ақпарат беруші жөнінде барынша толық әрі жан-жақты мәліметтер алуы қажет.
Бұл олардан алынған мәліметтерді дұрыс бағалауға,
ақпараттық жетістіктері
мен кемшіліктерін көруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: