Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет9/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Учебник Теор. этнология

Жазба деректер. Этнографиядағы жазба деректер деп, этнографиялық 
зерттеулер үшін ақпараттық мазмұны маңызды, тегі мен түрі әртүрлі мәтіндерді 
айтамыз. Этнограф үшін жазба түрінде алынған әр түрлі деректердің маңызы 
жоғары. Кәсіби этнография қалыптасқанға дейін этнографиялық сипаттағы 
мәтіндер басқа халықтар мен оның мәдениеті арасында болған 
саяхатшылардың, 
теңізшілердің, 
саудагерлердің, 
миссионерлердің, 
дипломаттардың, 
отаршы 
шенеуніктердің, 
әскерилердің, 
ғалым-
өнертапқыштардың, медиктердің, әдебиетшілердің, т.б. шығармаларынан 
кездесетін. Жазба ескерткіштер қатарына автордың басқа этникалық ортадағы 
мәдениет жөнінде жазылған күнделіктері мен естеліктері мәселен, Марко 
Полоның ХІІІ ғ. Қытайға саяхат, Плано Карпинидің Монғол тарихы т.б. 
жылнамалары жатады. Бірақ бұл деректерді этнографиялық зерттеулерге 
қолдану барысында тарих ғылымындағы деректік сыни әдісін пайдалану керек. 
Атап айтқанда автор жөнінде ақпарат жинап, суреттеп отырған этникалық не 
топ субмәденитін зерттеудегі мақсатын анықтау, зерттеушінің сол топ 
өкілдерімен нақты байланысын айқындап алу маңызды болып саналады.
Этнографиялық 
зерттеулерде 
маңызды 
деректердің 
қатарына 
статистикалық есептерде жатады. Статистикалық есептерді әртүрлі деңгейдегі 
өкімет 
салалары 
ұйымдастырады. 
Этнограф 
үшін 
ең 
маңыздысы 
демографиялық статистика - тұрғындардың саны, құрылымы, орналасуы, 


табиғи және механикалық қозғалысы жөніндегі мәліметтер. Демографиялық 
мәліметтер ағымды есептер құжатында да, халық санағы материалдарында да 
көрініс табады. Халық санағын және оның әртүрлі сипатын есепке алу ежелгі 
мемлекеттерде пайда болса да, әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі толыққанды 
халық санағы ХVІІІ ғ. аяғы -ХІХ ғ. басында жүзеге асты. Халықтың ұлттық 
санағынан этнографтар этникалық, тілдік, діні, кәсібі, жас-жынысы, отбасы 
құрамы, оның орналасуы мен көші-қоны жөнінде жан-жақты ақпараттар алады. 
Санақ материалдарын қолдану арқылы әр кезеңдегі халықтардың динамикасын 
зерттеуге мүмкіндік аламыз. Санақ материалдарын дерек ретінде өңдеу 
барысында статистикалық мәліметтерді жинау, оларды өңдеу және 
жариялаудағы мақсаты мен бағытын білу қажет. Санақ материалдарына 
ағымды демографиялық, шаруашылық және фискальды есептер жатады. 
Солардың ішінде АХАЖ материалдары, шаруашылық және үй кітаптары, 
салық кітапшалары, т.б. жатады.
Этнографиялық зерттеу барысында этнографтар өкіметтік зерттеу 
құжаттарын да пайдаланады. Әр елде өкімет өзінің аймақтарын, халықтарын не 
топтары жөнінде әр түрлі мәліметтер жинау мақсатында зерттеу жұмыстарын 
жүргізді. Оған Ресей губернияларында ХVІІІ ғ. аяғында құрылған 
«топографиялық сипаттау», 1845 жылы Орыс Географиялық Қоғамы (РГО) 
құрылды. Міне, осындай құжаттардағы мәліметтерден де халықтың кәсібі, 
материалдық және рухани мәдениетіне қатысты деректер алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет