3.Лекция мазмұны.
1.Жануарлар дүниесінде адам орны
2.Адамдардың ата тектерінің эволюциясы
3.Тас құралдар технологиясы
Алғашқы турмыстық адам қоғамын тарихи реконструкциялау, сірә, алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы болып табылады. Қандай да болсын тура параллель жоқ болғандықтан, ол жөнінде тек жанама деректердің негізінде ғана пайымдауға болады. Бұл, біздің деректеріміз, бір жағынан, маймылдардағы табындық қарымқатынастар, екінші жағынан, археология мен антропологияның кейбір фактілері, сондай-аң азды-көпті ықтималдық үлесімен адамзаттық өте ертедегі, рулык күйге дейінгі сарқыншақтары ретінде қарала алатын этнография фактірлері. Осы деректердің барлығын салыстырып және талдау сол заманнын қоғамдық тіршілігі туралы көп жағынан гипотездік ұғым болғанымен, жалпы ұғым жасауға мумкіндік береді, бірақ толып жатқан анық емес таза логикалык болжауларға даулы. болжамдарға, әрине, орын қалады.
Л. Г. Морган өзінің «Көне қоғамында» некелік жыныстың қатынастардың алғышқы (ең көне) формасы қандас-туыстың семья, дейтін болды деген жобаны ұсынды. Морган қандас-туыстың семьяда некелік ортақтың тек бір ғана ұрпақты барлық туыстарды екі-үш аталық т. б. бақырларды және қандастар, олардың туыстарының бүкіл ұрпағын қамтыды, деп санайды. Түрлі ұрпақтардың арасындағы некелік қатынасқа жол берілмеді. Бұл гипотезаны ұсына отырып, Морган этнографтар Полинезийдағы Гавай аралдары халықтарынан тапқан малайя, немесе гавай туыстық жүйесі рейтіннің анализіне сүйенді. Туысқандықтың бұл системесында анасы мен әкесі тек өзінің балаларын ғана емес, соңдай-ақ өзінің барлық бауыры мен қарындастарының балаларын өз балам деп атайтынын, ал балалар өз кезегінде тек өзінің туған ата-аналарын ғана емес, сондай-ак барлық өздерінің қарындастары мен бауырлары ата-аналарымыз деп атайтын фактілеріне сүйеніп, ол некелерді реттеп отырудың ең көне формасы, таяудағы еткен шақта әлі гавайлықтарда сақталып отырғандай, қандас-туысқандық семья болды, деп қорытынды жасайды.
Қандай да болсын аймақтың фаунасына қарай аулау обьектілері түрлі хайуанаттар болған. Тропиктік айиақтарда бұл гиппопотамдар, тапирлер, бөкендер жабайы бұқалар т.б. болды. Шелль және ашелль тұрақтарында табылған хайуанат сүйектерінің арасында кейде, тіпті піл сияқты ірі жануарлардың сүйектері де кездеседі.Солтүстікке таманғы аудандарда жылқыларды, бұғыларды, қабандарды, зубрларды аулады. Кейде жыртқыштарды да, үңгір аюлары мен арыстандарды өлтіріп, олардың еттерін де тамақ етті. Таулы аудандарда неандертальдықтардың аң аулау ісінде :мәселен тау ешкілерін аулау басым болды.
Адамның арғы тектері табынды хайуанаттар болғанымен, олардың мінез-құлқы табындық жағдайымен ғана анықталып қойған жоқ, сондай-ақ барлық жануарлардың мінез-құлқы сияқты таза индивидуалистік рефлекстерменде анықталады.Бұл жағдай ертедегі адам табынында сақталмай қала алмады. Оның үстіне адам қару алғалуды үйренісімен-ақ табындағы соқтығысулар жиілей түсіп, анағұрлым кескілескен түрге айналған деген пікірлерде бар. Шынына келгенде, хайуанат дүниесінен адамның бөлініп шығуы тек еңбектің арқасында ғана мүмкін болды.Бұл өзінен-өзі адамның табиғатқа ықпал етуінің коллективтік формасы болып табылады.
Алғашқы тұрмыстық адам табынында биологиялық және әлеуметтік бастау күрестерінің негізгі бағыттарының бірі бала тудыру жөніндегі қатынастар болды.Мұнда зоологиялық инстинктер ерекше күшпен көрінуге тиіс болды.Демек дамып келе жатқан қоғам тарапынан өте күшті қысымға ұшырауға тиіс еді.
Л.Морган өзінің «Көне қоғамында» некелік жыныстық қатынастардың алғашқы формасы қандас-туыстық семья дейтін болды деген жобаны ұсынды.Морган қандас-туыстық семьяда некелік ортақтық тек бір ғана ұрпақты барлық туыстарды екі-үш аталық т.б.батырларды және қарындастарды олардың туыстарының бүкіл ұрпағын, олардың аталары мен әжелерінің бүкіл ұрпағын қамтыды, деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |