Тарих кафедрасы


Лекцияның оқыту натижелері: Адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы, антропогенез процесінің қалыптасуы мен ерте мәдениет ошақтарының және еңбек құралдарының пайда болуы туралы сипаттама



бет17/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Лекция жинағы

2.Лекцияның оқыту натижелері: Адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы, антропогенез процесінің қалыптасуы мен ерте мәдениет ошақтарының және еңбек құралдарының пайда болуы туралы сипаттама


3.Лекция мазмұны.

1.Австралопитектер мен архантроптар

2.Homo erectus. Архантроптар дәуірі. Палеоантроптар

3.Homo sapiens. Дивергенция және адамзат отаны проблемасы

Климат құрғай бастаған кезде ғаламшарымызда бұдан 12-14 млн жыл бұрын жағдай өзгерді. Итмұрыны өтпейтін орман біртіндеп сүректі өсімдіктер өскен саваннаға орын бере бастады.Сол кезде осы заманғы Африка аумағында өмір сүрген приматтардың халі мүшкіл болды. Олардың бір бөлігі ылғалды экваторлық орман аумағына орын теуіп, ағаштарда қалды. Ал өзге бөлігі ағашта өмір сүретін тумаластарымен бәсекелестіктен қашып, құрлықта тіршілік етуге көшті.Қорек жерде де жеткілікті болды. Олар құрлықта тамырлар мен түйнектерді, бунақденелілер мен кесірткелерді және көптеген өзге жемдерді жеді. Алайда мұндай жағдайларда ағаштарға өрмелеу аркылы жыртқыштардан құтылу мүмкіндігі болмады. Сондықтан табиғи сұрыпталу кезінде дұшпанын бірінші көргендері ғана сақтанып қалды. Егер артқы аяғына тұра алса саваннада бұл оңай іске асады. Сөйтіп тік жүре алуға жағдай жасалды. Тек анда-санда тік тұрғандар ғана емес, алдыңғы аяғына сүйенбей, тік қалпында ұзақ жүргендер де тірі қалды .

Қолы босаған шимпанзе алдыңғы аяғымен күрделі қимылдар жасай алады. Алдыңғы аяқтар заттармен айлалы әрекет істеу үшін пайдаланыла бастады. Таяқшалармен топырақтағы бунақденелілерді жәре тамырсабақтарды шұқылап ашу оңай. Ал тас және таяқты қорғануға немесе шабуыл жасауға пайдалануға болады. Қарапайым австралопитектер қонысының арасынан павиандардың сол жағында тесігі бар бассүйектері табылды. Сірә, сол кездердін; өзінде-ақ австралопитек оң жақ қолын жеңіл пайдалана алған болса керек.

Бұл тіршілік иелері үйірлесіп өмір сүрді. Біріншіден, ол барлық жоғары сатыдағы маймылдардың барлығына тән қасиет. Екіншіден, дене мөлшерінің шағындығы (салмағы 25-50 кг) ірі жыртқыштарға жалғыз қарсы тұруға мүмкіндік бермеді. Үйірлі өмір сүру пайдалы ғана емес , сондай-ақ барлық топ мүшелерінің өзара әсерлесуді қалыптастырды. Саналылық деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызды.

Австралопитектердің тағы бір ерекшелігі - терісі жүнсіз болып, өте көп мөлшерде тер бөліп шығаруы. Мұндай көп мөлшердегі тер бездері өзге бірде-бір тіршілік иесінде болған емес. Аптап ыстық саванна жағдайларында австралопитектердің ірі мысықтұқымдаспен бәсекелеспей, «жемін түсте аулайтын жыртқыштың» орнын иемденуіне мүмкіндік берсе керек. Өйткені мысықтектестер жемін ертеңгілікте және кешкілікті аулайтыны мәлім. Осы заманғы өлексемен қоректенетін бірде-бір приматтар ғылымға мәлім емес. Алайда ғалымдар австралопитектердің шөпқоректі ірі аңдарды (пілдер, бегемоттар) өле салысымен ұшасын (туша) бөлшектеп жей алатын болды деп есептейді. Қазіргі уақытта сол жануарлардың ұрпақтары бірнеше күн қалың терісі шіри бастағанша қол тимеген қалпында жатады. Өйткені мұндай теріні тіпті арыстандар немесе жолбарыстар да жүлқылап жыртуға қиналады. Бәлкім осының өзі құрал жасауға желеу болса керек.

Австралопитектер ұшаны бөлшектеуге үшкірленген тастан құрал жасап, пайдалануға тіршілік иелері ішінен бірінші болғаны даусыз. Ең ақылды деген горилла немесе шимпанзенің бірде-бірі өзге затты өндеуге басқа ешқандай зат қолдана алмады. Ал бұдан 1,5-2,7 млн жыл бұрын Олдувай шатқалындағы Рудольф (Кения) көліне жақын жерде кейінірек Олдувай деп аталатын алғапқы адами мәдениет туындады. Бізге сол кездегі австралопитектер тайпасының тұрмыстық кұрылысы туралы деректер онша белгілі емес. Алайда олардың қонысының негізгі белгісі — шапқыш, қырғыш,пышпақ өзге таспен өнделген малтатас. Атап айтқанда дәл осы үшін австралопитектерді homo habilis немесе іскер адам деп атады

Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады:

1.Ежелгі адамдар (архантроптар),

2.Ертедегі адамдар (палеоантроптар)

3.Қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет