Тарих кафедрасы


Лекция тақырыбы №7 Идеологиялық түсініктердің пайда болуы



бет22/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Лекция жинағы

Лекция тақырыбы №7 Идеологиялық түсініктердің пайда болуы

2.Лекцияның оқыту натижелері: Ерте қауымдық мәдениеттің дамуында ежелгі адамдар арасында таралған діннің көне формалары, өнердің бастапқы нышандары, тіл және этникалық жағдай сипатталады.


3.Лекция мазмұны.

1.Өндіргіш күштердің өрлеуі

2.Шаруашылық түрлері мен формалары. Оттың пайда болуы

3.Еңбек құралдарының дамуы. Тұрақтар мен қоныстар

Ерте және орта плейстоцен бойында гоминид семьялығының эволюциясы адамның осы заманғы түрінің пайда болуы үшін қолайлы алғы шарттар жасады. Шынында да Homo тегінің көне заманғы өкілі – неандертальдық адамның интенсивті еңбек үкметі үшін барлық қажетті органдарды – үлкен миы, тік жағдайда жүргендегі, орнықты жүріс-тұрысы туралы айтпағанның өзінде оңтайлы қолы болған іспетті еді. Бірақ жоғарыда аталып өткендей, оның ми құрылысы көптеген тұрпайы белгілерінің болуымен сипатталатын, ал қолының оңтайлылығы шеші болатын, бұл ойлау мен сөзді дамуы басқа неандертальдық адамның формологиялық ерекшеліктері, атап айтқанда оның құрылысы, өзінің агресивтігімен тежеулі басқаратын миы орталықтарының шамалы дамуы арқасында коллективтін қоғамдық тіршілігі жағдайларына, оның жеткілікті бейімделген тіршілік иесі екендігін делелдейді. Неандертальдың бас миы қабығы қызметіндегі қозу тежеуден айтарлықтай басым болатын, бұл неандертальдық табында ашыңған қатты ашу тудырып ауыр, кейде мүмкін өлім-жітіммен тынатын соқтығысуларға жиі әкеп соғатын.

Адамның осы заманғы түрлерінің пай-да болуы ерте палеолиттен кейінгі палеолитке көшу кезіндегі өндірігіш күштердің дамуындағы қуатты секіріспен тығыз байланысты. Бұл секіріс сонымен бір мезетте биологиялық эволюцияның аяқталу процесінің салдары да, сондай-ақ оның аса маңызды шарты, оның өзінше бір кажетті қоректік ортасы да болып табылды.

Өндіргіш күштердің дамуында алға ірі қадам жасау қоғамды ұйымдастыруда бұдан кем ірі өзгергіштерді тудырмай қала алмайды. Табиғатпен өзінің күресіндегі адамның өсе түскен техникалық қарулануы біршама тұрақты шаруашылық коллективтерінің өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Бірақ сонымен бірге, бұл күрделене түскен қаруларды және еңбек дағдыларын тиімдірек пайдалануды, мұрагерлік пен одан әрі жетілдіре беруді талап етті. Оның біршама аморфты тұрақсыз құрылымымен алғашқы тұрмыстықтабынның бұл міндетке шамасы жетпейтін еді, сондықтан да табын қоғамның неғұрлым берік формасына сөзсіз орын беруге тиіс болды.

Бұл ұйымның сипатын бірқатар жағдарлар анықтап берді. Біріншіден, жаңа ұйым қалыптаса бастаған жағдайларда ерте палеолиттік қоғам дамуының өте төменгі дәрежесінде әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін, өзінен - өзі туған табиғи, қандас туыстық, бірден – бір нақтылы негіз болды десе болғандай еді. Екіншіден, жыныстық қатынастардың ретке келтірілмегендігін де, демек, әкелік ұғымның жоқтығын да туыстық қатынастар тек жалғыз ана ұрпақтары арасында қалыптасуға яғни аналық, әйелдік бағыт бойынша құрылуға тиіс болды. ақырында, үшіншіден сол кездегі коллективтердің ең тұрақты бөлігі шаруашылық тіршілігінің барлық салаларында ірі роль және балаларға қамқорлық жасау, отты сөндірмей ұстау, үй шаруашылығын жүргізуде ерекше роль атқаратын әйелдер болды.

Аналық рулық қауымның жанама, бірақ пайымдау археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Ориньяк тұрақтарында орасан үлкен, бірнеше ондаған, кейде тіпті жүздеген шаршы метр қауымдық тұрақтардың қалдықтары ашылды.

П.П. Ефименкодан кейін көптеген археологтар осы ориньяк “Шолпандары” дейтінді ана – арғы әжелердің басына сиыну ретінде алып қарастырды. Бұларды арғы - әжелер емес, үй иесі де үй ошағының сақшысы, рулық топ өмірінің шоғырын бейнелеуші деп танып, оларға жуырда С.А. Токарев басқа тұжырым берді. Толып жатқан этнографиялық паралельдермен растала түскен екінші көзқарас, сірә, шындыққа жанасатын шығар. Бірақ, қайсысынікі дұрыс болса да кейінгі палеолиттік тұлғашалар қоғамның өмірі мен дүниеге көзқарастағы әйелдердің ерекше орнын атап, аналық - рулық иемденушіліктің туғанына көрсетеді.

Алғашқы тұрмыстық адам табынынан айырмасышылығы аналық рулық қауым, енді қалыптасқан “дайын” адам қоғамы болды. бұларда алғашқы тұрмыстық коллек тивизмнің бастамасы ең жоғары даму шегіне жетті, мұнда көптеген совет зерттеушілері айтып отырғандай, жаңа өндіріс қатынастарының өзіне тән ерекшелігі, олардың қандас – туыстық байланыстарының үйлескендігі (немесе негізінен үйлескендігі) болады. Туысқандық қатынастар ретінде экономикалық қатынастар табиғи туыстық қатынастар ретінде ұғылып түсіндірілді. Осы арқылы туысқандық қатынастарды мойындау қоғамдық еді. Өз кезегінде туыстық топтардың анықтаушы белгісі экзагамия ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу әдеттері болды.

Егер алғашқы тұрмыстық адам табының аналық рулық қауымға айналуының жалпы негіздері мен уақыты қазір ғылыми жұмбақ болып табылмаса, енді бұл айналудың механизмі мен ең алдымен экзагамдік тыйым салу тууының себептері әлі де болса, жеткілікті зерттелмей қалып келеді.

Экзогамияның шығуы туралы мәселе жөнінде көптеген әр түрлі теориялар бар, бірақ бұлардың бірде – бірін жұртшылық қабылдамағ,ан. Бұлардың біріншісін ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдарында ғылымға экзогамия терминін енгізген шотланд ғалымы Мак – Леннан ұсынды, бірақ сонымен бірге мұны барлық алғашқы тұрмыс тайпаларын экзогамды және эндогамды деп бөліп шатастырды. Мак – Леннанның пікірі бойынша экзогаияның түп – негізі пайдасыз қыз балаларды соғыста өлтіргендігінде жатыр, сондықтан да өздеріне “әйелдерді басқа жақтан іздеуге мәжбүр болған “жабайы жауынгерлердің” әдет – ғұрпында болды.

Дарвин жақын, күнделікті өзара араласып, қатысып жүрген туыстардың арасында тууға тиіс болған жыныстық қатынасқа деген жиіркеніш экзогамияны тудырды деп түсіндіреді. Осы теорияға қан аралас жыныстық байланысқа деген “инстинктивті” жиіркенудің едәуір тараған теориясы жақын келеді. “Патриархалдық теорияны” кейбір жақтаушылар экзогамияны рудың кіші мүшелерін басқа жақтан әйел іздеуге мәбүр еткен патриархтың қызғанышты деспотизмнің нәтижесі, деп біледі. Экзогамияның шығуына тағы да бір көзқарас неғұрлым көп жүріп – тұратын аңшы ерлері әйелдерінен үнемі оқшау кетіп, өз кезегінде өздерінің ерлерінен қалып қойған басқа табындардың әйелдерімен жолығысқандығы, осындай алғашқы тұрмыс адам табынына тән болған –мыс деген тәртіптен оны немесе олар тура жоққа шығарды.

Экзогамдік тыйым салуларың тууына қан араласудың биологиялық ұмтылу мен байланыстырған бұл мәселенің тарихында. Моргон елеулі із қалдырды. Бұл түсінік, алайда, мұндай ұмтылыс тек стихиялы түрде, мақсатқа айқын түсініп жетпей көріне алатын еді, деген ескертпемен Энгельс өзінің “Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы” деген еңбегінде қайталады. Кейінгі ғылым деректері экзогамия шығуына Морганның көзқарастарын растамады. Біріншіден, туыстық некелердің зиянды биологиялық салдары, мустьер адамы жыныс актісі мен бала туу арасындағы байланысты әлі де толық түсініп жетпегендіктен де, сірә, қалыптасқан рулық қоғам шынында да назарға іліктіре алмайттын еді. Мұны, австралиялықтардың кейбір нанымдарының қалдықтары көрсетеді. Екіншіден, көптеген жағдайларда рулық қоғам, жақын туыстардың белгілі бір категорияларының арасындағы некеге жол беріп қана қойған жоқ, сондай – ақ міндетті деп санады. Осы жағдайларды ескере отырып, ғалымдардың басым көпшілігі қазіргі кезде экзогамдық тыйым салулардың “биологиялық” теориясынан бас тартты

Өндіргіш күштердің өрлеуі мен тіршілік ету жағдайларының жақсаруы халықтың өсуіне жағдай жасады, бұл өз кезегінде аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен мекен – жайларға жақын территорияларда жабайы жануарларды атып құртуға немесе оларды азайтуға әкеп соқты. Кейінгі палеолиттік аңшылары бұрынғы игеріп алған жерінен осы уақытқа қарай бос жатқан Солтүстік Европа мен Азияның шел аймақтарына, мұз бүркеніштерінен босаған құрылықтың байтақ кеңістіктерінен бірте – бірте орын тебе бастады. Мұздық кезіндегі Европа аймағы мұз басудың тікелей ықпалына ұшыраған Европа территориясын қамтыды. Мұнда адамдар қатаң климат жағдайларында тұрып, мамонттар мен солтүстік бұғыларын аулады, сүйектер мен жануарлардың терілерінен қыс мекенін тұрғызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет