Тарих кафедрасы



бет24/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Лекция жинағы

3.Лекция мазмұны.


1.Қоғамдық байланыстар мен әлеуметтік ұйымдар

2.Неке және отбасы проблемалары

3.Экзогамия, эндогамия

Неандертальдын бас миы қабығы қызметіндегі қозу тежеуден айтарлықтай басым болатын, бұл неандертальдық табында ашыңған қатты ашу тудырып ауыр, кейде мүмкін өлім-жітіммен тынатын соқтығысуларға жиі әкеп соғатын.


Адамның осы заманғы түрлерінің пайда болуы ерте палеолиттен кейінгі палеолитке көшу кезіндегі өндірігіш күштердің дамуындағы қуатты секіріспен тығыз байланысты. Бұл секіріс сонымен бір мезетте биологиялық эволюцияның аяқталу процесінің салдары да, сондай-ақ оның аса маңызды шарты, оның өзінше бір кажетті қоректік ортасы да болып табылды.

Өндіргіш күштердің дамуында алға ірі қадам жасау қоғамды ұйымдастыруда бұдан кем ірі өзгергіштерді тудырмай қала алмайды. Табиғатпен өзінің күресіндегі адамның өсе түскен техникалық қарулануы біршама тұрақты шаруашылық коллективтерінің өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Бірақ сонымен бірге, бұл күрделене түскен қаруларды және еңбек дағдыларын тиімдірек пайдалануды, мұрагерлік пен одан әрі жетілдіре беруді талап етті. Оның біршама аморфты тұрақсыз құрылымымен алғашқы тұрмыстықтабынның бұл міндетке шамасы жетпейтін еді, сондықтан да табын қоғамның неғұрлым берік формасына сөзсіз орын беруге тиіс болды.

Бұл ұйымның сипатын бірқатар жағдарлар анықтап берді. Біріншіден, жаңа ұйым қалыптаса бастаған жағдайларда ерте палеолиттік қоғам дамуының өте төменгі дәрежесінде әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін, өзінен - өзі туған табиғи, қандас туыстық, бірден – бір нақтылы негіз болды десе болғандай еді. Екіншіден, жыныстық қатынастардың ретке келтірілмегендігін де, демек, әкелік ұғымның жоқтығын да туыстық қатынастар тек жалғыз ана ұрпақтары арасында қалыптасуға яғни аналық, әйелдік бағыт бойынша құрылуға тиіс болды. ақырында, үшіншіден сол кездегі коллективтердің ең тұрақты бөлігі шаруашылық тіршілігінің барлық салаларында ірі роль және балаларға қамқорлық жасау, отты сөндірмей ұстау, үй шаруашылығын жүргізуде ерекше роль атқаратын әйелдер болды. Аналық рулық қауымның жанама, бірақ пайымдау археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Ориньяк тұрақтарында орасан үлкен, бірнеше ондаған, кейде тіпті жүздеген шаршы метр қауымдық тұрақтардың қалдықтары ашылды.

Алғашқы тұрмыстық адам табынынан айырмашылығы аналық рулық қауым, енді қалыптасқан “дайын” адам қоғамы болды. бұларда алғашқы тұрмыстық коллек тивизмнің бастамасы ең жоғары даму шегіне жетті, мұнда көптеген совет зерттеушілері айтып отырғандай, жаңа өндіріс қатынастарының өзіне тән ерекшелігі, олардың қандас – туыстық байланыстарының үйлескендігі (немесе негізінен үйлескендігі) болады. Туысқандық қатынастар ретінде экономикалық қатынастар табиғи туыстық қатынастар ретінде ұғылып түсіндірілді. Осы арқылы туысқандық қатынастарды мойындау қоғамдық еді. Өз кезегінде туыстық топтардың анықтаушы белгісі экзагамия ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу әдеттері болды. Егер алғашқы тұрмыстық адам табының аналық рулық қауымға айналуының жалпы негіздері мен уақыты қазір ғылыми жұмбақ болып табылмаса, енді бұл айналудың механизмі мен ең алдымен экзагамдік тыйым салу тууының себептері әлі де болса, жеткілікті зерттелмей қалып келеді.

Экзогамияның шығуы туралы мәселе жөнінде көптеген әр түрлі теориялар бар, бірақ бұлардың бірде – бірін жұртшылық қабылдамағ,ан. Бұлардың біріншісін ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдарында ғылымға экзогамия терминін енгізген шотланд ғалымы Мак – Леннан ұсынды, бірақ сонымен бірге мұны барлық алғашқы тұрмыс тайпаларын экзогамды және эндогамды деп бөліп шатастырды. Мак – Леннанның пікірі бойынша экзогаияның түп – негізі пайдасыз қыз балаларды соғыста өлтіргендігінде жатыр, сондықтан да өздеріне “әйелдерді басқа жақтан іздеуге мәжбүр болған “жабайы жауынгерлердің” әдет – ғұрпында болды.

Экзогамдік тыйым салуларың тууына қан араласудың биологиялық ұмтылу мен байланыстырған бұл мәселенің тарихында. Моргон елеулі із қалдырды. Бұл түсінік, алайда, мұндай ұмтылыс тек стихиялы түрде, мақсатқа айқын түсініп жетпей көріне алатын еді, деген ескертпемен Энгельс өзінің “Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы” деген еңбегінде қайталады.

Өндіргіш күштердің өрлеуі мен тіршілік ету жағдайларының жақсаруы халықтың өсуіне жағдай жасады, бұл өз кезегінде аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен мекен – жайларға жақын территорияларда жабайы жануарларды атып құртуға немесе оларды азайтуға әкеп соқты. Кейінгі палеолиттік аңшылары бұрынғы игеріп алған жерінен осы уақытқа қарай бос жатқан Солтүстік Европа мен Азияның шел аймақтарына, мұз бүркеніштерінен босаған құрылықтың байтақ кеңістіктерінен бірте – бірте орын тебе бастады. Мұздық кезіндегі Европа аймағы мұз басудың тікелей ықпалына ұшыраған Европа территориясын қамтыды. Мұнда адамдар қатаң климат жағдайларында тұрып, мамонттар мен солтүстік бұғыларын аулады, сүйектер мен жануарлардың терілерінен қыс мекенін тұрғызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет