Тарих кафедрасы



бет29/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Лекция жинағы

3.Лекция мазмұны.

1.Жоғары дамыған аңшылар, балықшылар, терімшілер

2.Неолит және энеолит техникалық жетістіктері

3.Материалдық мәдениет. Үй кәсіпшілігі, қолөнер

Неолит пен энеолит дәуірі алғашқы қауымдық құрылыс адамының өндірістік әрекетінің ірі жетістіктерімен және матриархалдық ру-тайпалық қауымның одан әрі дамуымен сипатталады. Сонымен қатар, осы кезеңде жекелеген тайпалардың тарихи дамуының әрқилылығы күшейеді. Сондықтан да алдыңғы дәуірлерге қарағанда неолиттің хронологиялық шеңберін көрсету қиын. Европа мен Азияның көптеген бөліктерінде неолит б.э.д. 5-3 мың жылдың қамтыса, кейбір жерлерде ол б.э.д. 7-6 мың жылда басталады. Жаңа зерттеулер Алдыңғы Азияда ерте неолиттің кейбір экономикалық элементтері б.э.д. 10-9 мың жылдық пайда болғанын көрсетуде. Солтүстікте неолит мәдениеті б.э.д. 2 мың жыл өмір сүреді, ал Қиыр шығыста мезолит және неолиттік кейпіндегі тас және сүйек құралдар б.э.д. 1 мың жылдықта қолданылады.

Ал энеолитке келетін болсақ, энеолит дәуірі туралы емес, неолит дәуіріндегі энеолит мәдениеті туралы, шаруашылығында тас және металл құралдарын қолданған тайпалар туралы айтқан дұрысырақ болар еді. Жаңа ашылулар, соның ішінде Кіші Азиядағы қазба /Д.Мелларттың Чатал Гуйюк қонысы мен Р.Брейдвудтің Чайону-Тепезиге/ жұмыстары Анатолияның ежелгі тұрғындары керамикалық неолитке дейінгі б.э.д. 7-6 мың жылда – мысты қорытып, одан құралдар мен әшекейлер жасауды білген. Сондықтан да неолит пен энеолит хронологиясы сәйкес келеді. Энеолит мәдениетінің қола дәуірі мәдениетінен айырмашылығы - өндірісте маңызды роль атқармаған металл құралдардың санының аздығы, тас және сүйек құралдарының басымдығы.

Ерте рулық қауымдағы адамдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті.

Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық қауым тарихи дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы дәуірде алғышқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең маңызды меже табиғаттын дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемдениетің шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық аулаушылардың ер тедегі аналық-рулық қауымы ажыратуға негіз береді.

Әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастары Ертедегі аналық-рулық қауымдық шектерде иемденуші іс-әрекеттің екі дәйекті кезеңте: археологиалық кезеңге және бірқатар аудандарда балық шаруашылығы ен де ұштасып келетін неғұрлым дамыған аңшылық шаруашылық кезеңге бөлінеді. Әдетте, аңшылықтың жаңа, өте тиімді қаруы-жебелер мен садақты қолдану бұлардың арасындағы шек деп санайды. Бұл ескерте кетуді керек етеді. Этнография садақты пайдаланбаған, бірақ аулаудың басқа, пәрменділігі азырақ қаруларын, мәселен духовой, жебе лақтыратын түтікті пайдаланған аңшылар тайпасын, атап айтқанда, Амазонка бассейнінің көптеген тайпаларын біледі. Дегенмен, археологиялық және этнографиялық материалдарға қарап пайымдағанымызда, жетілдірілген аңшылық қаруы ретінде нақ садақ неғұрлым кеңірек тарағандығы хақ өйткені, бұдан ертедегіден неғұрлым кейінгідегі аңшылық шаруашылығына көшудің белгілі бір дәрежеде шартты болса да, өзіне тән белгісін көруге болады.

Неолит тайпаларында тас өңдеу әдісінің жетілдірілуі, тасты тегістеу, тесу және аралау сияқты әдістерді қолдану, тас құралдардың біршама тұтас, жаңа үлгілерін жасау, қыш өндірісінің, тоқымашылықтың т.б. пайда болуы көрініс табады. Алайда кейбір неолит тайпаларында осындай аң аулау, балық аулау, терімшілік сияқты шаруашылықтың ескі салаларымен қатар, техникалық жетістіктерден де маңыздырақ болған шаруашылықтың жаңа түрі-малшылық пен егіншілік пайда болды.

Жоғарыда көрсетілген өндірістік әрекеттегі өзгерістер мен жетістіктер біртіндеп жасалды. Тасты қашау неолитте сирек қолданылды. Тегістелген құралдарды әсіресе өте қатты тастардан жасау оңай жұмыс болған жоқ. Сонымен қатар, пышақ пен қырғыш сияқты құралдар өңдеуді қажетсінбеді. Сондықтан да балта мен қашау сияқты /аса маңызды құралдар/ көп қиындықсыз тек жұмысшы бетін ғана сырғызатын аса маңызды құралдарды тегістеді. Тегістеу мен қайрау тас плиталарды кварцты құмның көмегімен жасады. Тегістеу мен тесудің тек қана маңызды жағдайларда ғана қолданалатынына қарамастан, бұл техникалық әдістерді пайдалану өте маңызды орын алды.

Неолит дәуірінің барысында, соңғы палеолит дәуірінің мәдениетінде тасты жару, сығу сияқты тасты өңдеудің ескі әдістері қолданылып, жетіле түсті. Ескі, өте көп еңбек етуді талап ететін құралдардың саны әрқашан басым болды. Әртүрлі пышақтар, найза мен садақ ұштары, тескіш, ара, қырғыштар жасалды.

Осындай алуан түрлі құралдар арасында басты роль атқарған балта- алғашқы қауымдық құрылыс адамына әсіресе ағаш пен сүйекті өңдеп, әртүрлі материалдар жасауды жетілдіруге көмектесті. Неолиттік түрдегі папуастардың балтамен қалай жұмыс істейтінін көрген Н.Н.Миклухо-Маклай: «небәрі 5 елідей ғана ұшы бар кішкене балталарымен диаметрі жарты метрдей болатын ағаш бағаналарды оңай шабады, сонымен қатар өз балталарының сабындағы жұқа әшекей – оюларды кеседі», - деп жазады. Неолитте ағаштан қашалған қайықтар және тақтайлардан жасалған күрделі қайықтар, шаңғы, шана т.б. заттар пайда болады.

С.А.Семеновтың жетекшілік етуімен жасалған совет археологтарының сынақ жұмыстары неолиттік тас балтамен 15 минут ішінде бағанасының диаметрі – 25 см. болатын қарағайды құлатқанын дәлелдеген. Диаметр 60 см-ге дейін ұзындығы 4 метр болатын қарағайдан қашалған қайық жасау үшін екі адам тас балтамен 96 сағат немесе 12 күн жұмыс істеуі қажет. Диорит пен базальттан толықтай тегістелмеген балтаны 15-17 сағатта жасаған. Шақпақ тастан өте жақсы балта дайындау үшін 40 сағат жұмыс уақыты кеткен.

Құралдың сапасына талапты күшейту үшін көп жерден кездесе бермейтін шақпақ тастар қажет болды. Сондықтан да неолитте кейбір жерлерде шақпақ тасты табу үшін жер асты шахталары қазылды. Тас құралды жасаудың шебер, маманданғандары пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыс адамы үшін ең маңыздысы – керамиканың пайда болуы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет