2.Лекцияның оқыту натижелері: Ру-тайпалық қоғамның ішінде тараған басқару ұйымдары, неке және отбасы, туыстық қатынастар, әдет-ғұрыптық заңдарды, демографиялық және этномәдени процестер қарастырылады.
3.Лекция мазмұны.
1.Ру-тайпалық басқару ұйымдары. Неке және отбасы
2.Туыстық қатынастар, әдет-ғұрыптық заңдар
3.Демографиялық және этномәдени процестер
Этнография ертедегі аналық-рулық қауымды зерттеумен тұңғыш шұғылданғанда, бұл осы уақытқа қарай географиялық және әсіресе тарихи ортаның өзгеруімен, көршілес қоғамдардың европалық отарлаудың т. б. ықпалымен барлық жерде түп-негізінен өзгеріске ұшырады. Әуел басты ру формасын және түрін өзгертті. Бірақ, ғылым ең бастысын қалпына келтіре алды; бұл туыстардың арасындағы қатынастарға тән тапжылмайтын коллективизм еді. Қамажаулап немесе айдап тығып аң аулау, бөгеттеп немесе аулармен балық ұстау, ұйымдасқан жинап-терушілік, үй-жай салып қайықтар жасау — міне, осының бәрі рудың біріккен күш жігерін талап етті, ал оріаң еңбек өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне қауымдық меншікті тудырды.
Рудың коллективтік меншігінде, ең алдымен, өндірістің басты құралы—жер бұл жағдайда оның шегіндегі барлық қолда бар аң аулау объектілері, балық шаруашылығы мен жинап-терушілік құралдар, үй мүліктерін жасау үшін шикі заттары т. б. бар территория болды. Жоғарыда сипатталған аңшылар мен балықшылар қоғамдарының бірде-бірі туған-туысқандардың барлық топтарының ортақ меншіктілігінен бөтен жерге меншіктіктің басқа формасын білмеді. Сондай-ақ аңшы адамдары мен балықшы бөгеттерін қайықтар мен ауларды, тұрғын үйлер мен оттарды рулық иемдену де кеңінен дәлелденіп отыр. Жеке адамдарға тек дара өздері ғана жасап шығарған еңбектің қол қарулары — найза, садақ, балта, тағы басқалар, сондай-ақ түрлі тұрмыстық заттар тиісті болды. Бірақ өндірістің бұл қарулары да, әдетте коллективте және дайын оның қажетін өтеу үшін пайдаланылды, сондықтан да бұларға жеке адамның меншіктігі рудың коллективтік меншігі ішінде сіңіп кеткендей болатын еді.
Алғашқы тұрмыстық қоғамда дуальдық ұйымның пайда болуымен қатар, неке мен семья, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды және олардың ұрпаққа қатысып реттейтін ерекше қоғамдық институттар туды. Топтық некеде зайыптық қарым-қатынастар, табиғи түрде кездейсоқ, оқтын-оқтын қысқа уақыттық болуға тиіс еді. Малакки чемангтарында ХІХ ғасырда тұрмыстаболған осындай тәртіптердің айқын сарқыншақтарын миклухо – Маклай сипаттап жазды. “Бой жеткен қыз бір – бірімен бірнеше күн немесе бірнеше апталап тұрып, өз еркімен және ерінің келісімімен басқаға кете барады, тағы да мұнымен тек алады. Бір рудың әйелі тапқан бала бүкіл рудың баласына айналады. Мәселен, австриялық аборигенка “ана” деп тек өзінің туған анасын ғана емес, оның некелік табының барлық әйелдерін күйеуім” деп тек өзінің шын мәніндегі күйеудің ғана емес, оның некелік табының барлық ерлерін “ұлым” деп тек өзінің ұлын ғана емес өзінің некелес табы. Әйелдердің барлық ұлдарын атаған. Туысқандықтың қандай жүйесі мүшелері өз баласы мен қандайда болсын өз туыстарының баласы арасында айырмашылық жасалмайтын топтық семьяда ғана туа алатын еді.
Сапиентация процесінің аяқталуы мен рулық құрылыстың тууы тек әлеуметтік қатынас емес, сондай-ақ алғашқы тұрмыстық адамзаттың дамуына да жол ашты.Ертедегі аналық-рулық қауым дәуірі рухани мәдениеттің ең алдымен тиімді білім бастамалары мен өнердің дамуында елеулі табыстармен көзге түсті.Алғашқы тұрмыс адамының білім көзі оның еңбек қызметі болды, мұның барысында тәжірибе жинақталды, құбылыстың себептері мен салдары салыстырылды,байқаулар жинақталып жүйеге келтірілді. Медицина, фармакалогия, токсикология сияқты білімнің практикалық салалары да едәуір дамуға ие болды.
Алғашқы тұрмыс адамының блім көзі оның еңбек қызметі болды, мұның барасында тәжірибе жинақталды, құбылыстың себептерімен салдары салыстырылды, байқаулар жинақталып жүйеге келтірілді. Тіршілік жағдайлары ең алдымен айналадағы табиғат туралы білім қорын жинауды талап еткені табиғи дүние еді. Австралия аборигендерінің, бушмендердің отты жерліктердің т.б. мысалында ертедегі рулық қауым мүшелері өз отарынының ерекшелігімен байлығы туралы мәліметтерді, прикладтық, география, ботаинка, зоология, минералогия, метеорология және басқа да табиғат тану білімдері салаларындағы нақтылы мәліметтерді аумақты етіп жинады. өзінің тіршілік етуін қолдау үшін, олар өзінің азық – түлік территориясын, шөптердің зиянды да пайдалы қасиеттерін, жануарлардың түріп тұру жолдардың ерекшеліктерін ағаштар мен басқа да материалдардың түрлерін жете білуге, іщ кесуге ауарайын болжауға және жер-жерді бағдарлай білуге тиіс болды. Жер – жерді бағдарлауға аспан жұлдыздарын білу байланысты әдіс: осы заманғы зерттеулердің бірі жердің жасанды серігін ұшыру туралы алғашқы хабарды жаңа жұздыздардың пайда болғанына көңіл аударған бушмендерден алғанын баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |