11
жылдардағы зерттеу жұмыстарының қорытындылары жыл сайын шығатын
«Труды
Хорезмской
археолого-этнографияеской
эскпедиции»
атты
еңбектерінде жарияланып отырды.
Л.М.Левинаның 1972-1991 жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарының
қорытындылары тек 1992-1995 жылдары «Низовье Сырдарьи в древности»
атты бес томдық жарияланды, 1996 жылы «Этнокультурная история
Восточного Приаралья» деп аталатын соңғы монграфиясы жарық көрді. Бұл
еңбектерінің І томынан басқасы жетіасар мәдениетіне арналған.
Арал маңы археологиясы 1990-2000
жылдары аралығы Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда университеті ғалымдары Т.Мәмиевтің, А.Айдосов
жетекшілігімен Асанас, Баршынкент, Сауран Арал теңізнің кепкен
табанынан табылған Кердері мавзолейінде, Арал Acap елді мекендеріне
жасақталған кешенді зерттеу жүргізілген зерттеулер барысында ашылып
есепке алынған ескерткіштердің нәтижелері Т.Мәмиевтің 2005 жылы
қорғаған «Сырдың төменгі ағысы бойында ортағасырлық қалалар» атты
кандидаттық дисертациясын қорғалып және бірнеше еңбектері жарияланған
болатын.
2006-2007 жж. Ә.Х Марғұлан атындағы Археология институтының
Шірікрабат археологиялық экспедциясының барлау отряды (жетекшісі Ж.
Құрманқұлов) «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Қызылорда
облысының ескерткіштер жинағын» шығару мақсатында ортағасырлық
ескерткіштеріне толық археологиялық барлау жұмыстарын жүргізілді. Бұл
археологиялық зерттеулер тек жетіасар шатқалына қазба жұмыстары
жүргізілді. 2007 жылы орыс тілінде 2011 жылы
қазақ тілінде Қызылорда
облысның ескерткіштер жинағына анықтамалық түрде, географиялық
координатарымен берілді.
Сортөбе
қалашығы
жайлы
2007
жылы
М.Елеуовпен,
Ж.Құрманқұловтың «Сортөбе Жанкент және Жент» деген еңбегі
шығарылды.
2013 жылы Шірік-рабат археология-этнографиялық экспедицияцының
Баланды археологиялық есукерткіштер кешенінде зерттеу нәтижелерінде
Құрманқұлов Ж.,Утубаев Ж.Р., «Баланды (Бұланды) антикалық ескерткіш-
Алматы, 2013.-148 б.» атты еңбегі жарық көрді.
Бұл еңбекте Сырдың көне сағасындағы Баланды (Бұланды) алқабында
2007-2013 ж.ж орналасқан жарқын құнды антикалық ескерткштердің
антикалық ескерткіштердің ашылған материалдары жарияланған. Б.з.д. IV-ІІ
ғғ. тіршілік еткен кешен қала-қамалдан, Еуразиядағы ең ерте заманғы
күмбезді мавзолейден әр түрлі жерлеу құрылыстарынан, диқаншылардың
үйлері мен қарапайым баспаналарынан сол
сияқты егіс танаптары мен
каналдардан тұрады.
2014 жылдан Қызылорда облысы әкімдігі қолдауымен Ә.Х. Марғұлан
атындағы Археология институты ғалым Ж.Құрманқұлов, Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда университеті Археология және этнография ғылыми
зерттеу орталығы жетекшісі ғалым Ә.Ә. Тәжекеев, ЖШС «Археолог»
12
халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ғалым профессор М.Елеуов және
А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ғалымдар
М.Бахтыбаев, С.Мургабаев аумағымыздағы бірнеше ескерткіштерге қайта
қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.
ҚР Білім және ғылым министрілігінің қаржыландырумен 2012-2014
жылдар аралығында Сыpдaрияның төменгі ағысы ескерткіштеріне
жүргізілген «Оңтүстік-шығыс Арал маңын мекендеген ежелгі тайпалардың
дүниетанымы мен идеологиясы және наным-сенімдері мен ғұрыптары» атты
жобасы аясы Жанкент қалашығындағы зерттеулер нәтижесінде екі кітап
жарық көрді.
2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Археология және этнография» ғылыми орталығы Жанкент қалашығындағы
зерттеулер нәтижесінде «Комплексные исследования
городища Джанкент
(работы 2011-2014 гг.)/составитель И.А.Аржанцева, А.А.Тажекеев,-Алматы,
Издательство «Арыс, 2014.-320 с.»» атты еңбегі жарық көрген.
Сол жылы «Основные аспекты изучения археологии Приаралья (с
древнейших времен до конца І тысялетия н.э.)» хрестоматиялық жинағы
жарық көріп Арал маңының ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі ашылған
ескерткіштер, жүргізілген зерттеулер жайлы мақалалар жарық жинақтаған
үлкен жинақ болып басылып шықты.
2017 жылы Қазақстанның киелі орындарының географиясы, табиғат
археология,этнография және діни сәулет өнері нысандарының жинағына:
сәулет өнері ескерткіштерінен Асанас ата кесенесі, Көтібар батыр
мұнарасы,Қалжан ахун мешіт медресесі,Мулкалан (Молда калан) кесенесі,
археологиялық ескерткіштер
қатарынан Шірік-рабат қалашығы,Түгіскен
қорымдары жинаққа енгізілген болатын.
2018 жылы Қорқыт Ата Қызылорда университеті «Археология және
этнография» ғылыми зерттеу орталығы Хорезм экспедициясының «Сыр
өңіріндегі зерттеулерінің тарихы» тақырыбында еңбек жарық көрді.
Кітап-альбом КСРО ҒА Хорезм археологиялық-этнографиялық
экспедциясының Қазақстан жұмыстары кезінде Ресейлік ғалымдардың
жинақтаған РҒА Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және
антропология институты мен Шығыс халықтарының өнері мемлекеттік
музейінің архиві қорларында сақтаулы біргей деректер негізінде
дайындалған.
2021 жылы Ә.Х.Марғұлан Археология институты Шірік-рабат
археология этнографиялық экспедициясы ғалымдармен бірлесе отырып
Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері оның ішіндегі (Шрік-Рабат қала
қорымы, Бәбіш-мола қалашығы, Баланды) ескерткіштерінде археологиялық
зерттеу жұмыстарының ғылыми нәтижелері Курманкулов., Болелов С.Б.,
Утубаев Ж.Р. «Древние земледельцы низовьев Сырдарьи» атты монография
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология инстиутының еңбектерінің І томы
жарық көрді. Еңбек 2004-2021 жылдар аралығындағы Сырдарияның төменгі
ағысы антикалық Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері олардың қала
13
тұрғызу өнері, тұрмыс тіршілігі, кермамика жасау өнері, егін егу сияқты
мәліметтерді кеңінен қамтыған.
Жоғарыда атап өткен зерттеулер мен еңбектер Арал маңы тарихының
археологиялық тұрғыдан жан-жақтан талданып сараланып қарастырылған
көріп отырмыз. Осы асыл мұраларымыз жайлы археологиялық деректерді
жинастырып әр кезеңдерге тоқталып
Сырдарияның төменгі ағысы
аймағының қандай жарқын ескерткіштерімен танымал екендігі толығылырақ
мәлімет беруді керек деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: