«тарих» кафедрасы


Зерттеу жұмысының міндеті



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Зерттеу жұмысының міндеті. Жоғарыда қойылған мақсатқа сәйкес 
Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ерте орта және орта ғасыр 
дәуірінің қалалары туралы мәліметтер жинақтап, зерттеуші-ғалымдардың 
қаншалықты деңгейде зерттегені туралы тарихы жазылды. Зерттелген 
ескерткіштер жайлы жазылды. Қалашықтар, бекіністі қоныстар және 


14 
аумағында мықты архитектуралық ғимараттары бар деп топтастырылып, 
сипатталынды. Сыр өңіріндегі сақ,қаңлы, оғыз, қыпшақ тайпаларына 
қатысты тақырып әлі де болса зерттеуді қажет ететін, Отандық археология 
және тарих ғылымына мол мәлімет беретін өзекті салалардың бірі болып 
қала беруде. 
Сыр өңірінің орта ғасырлық қала мәдениеттері ерекшеліктерін 
айқындап зерттеу, ұмыт қалып бара жатырған жәдігерлерді жаңғыртып, 
жазба және археологиялық деректері арқылы топтастырып, бүгінгі 
уақыттағы зерттеу жаңалықтарымен салыстырмалы сараптау, орта 
ғасырларда қалыптасқан саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени 
байланыстар сипатын ашу, міне осылар арқылы мәдени мұраларды қорғап
қалпына келтіру бүгінгі ұрпақ алдындағы міндет қана емес, сонымен қатар 
мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады. 
Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер 
қойылып отыр: 
- Арал маңы ежелгі тайпаларының қоныстану тарихын жазу; 
-Арал маңынан табылған палеолит,неолит,энеолит және қола дәуірі 
тайпаларының ескерткіштері жайлы археологиялық деректер; 
- Қалалық мәдениеттің Сыр өңірінде қалыптасу тарихын баяндау. Оның 
негізгі кезеңдеріне тарихи тұрғыдан баға беру; 
-Қарастырып 
отырған 
өңірде 
қалалық 
мәдениеттің 
қалыптасу 
ерекшеліктерін көрсету, сонымен бірге олардың қалыптасуында туындаған 
табиғи-географиялық және саяси жағдайлардың қалалардың орнығуна 
қатысты әсерін сипаттау; 
- Жинақталған жазба және археологиялық қазба жұмыстары барысында 
алынған деректерді талдап қорыту негізінде, Сыр өңірі қала мәдениетінің 
даму деңгейін тану; 
- Мүмкіндігінше ғылыми айналымға жаңа деректер қосу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет