Тақырып 3 Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы.
1-тапсырма. Түркі қағанаты мен Түркеш қағанатының саяси жағдайы. Сәйкестікті табыңыз.
Жылдар
|
Тарихи оқиғалар
|
751ж.
|
Бумын қаған титулына ие болды
|
551ж.
|
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына бөлінуі
|
704-756 жж.
|
Түріктердің эфталиттермен соғысы.
|
567 ж.
|
Қарлұқ қағанатының өмір сүруі
|
582-603 ж.
|
Түркеш қағанатының өмір сүруі
|
563-567 жж.
|
Талас шайқасы
|
756-940
|
Маниахтың Константинопольдегі келіссөздері
|
2-тапсырма. Үзіндідегі түркі халқының табынатын қасиетті күштері, негізін салушылары жөніндегі көзқарасыңыз. Шығыс философиясындағы аспанмен байланыс. «Тәңірлік».
Күлтегін батыр туралы (732 ж. жазылған)
«.... жоғарда Көк Тәңірі, төменде қара жер жарылғанда екі арасында кісі оғылы жарылған екен. Кісі оғылымы үстінен (билік жүргізуге) менің арғы бабаларым Бумын қаған, Естеми қаған (таққа) отырған екен. (Таққа) отырып, түркі халқының мемлекетін ұстап, үкім – билігін жүргізуге берген екен, (оны) көркейте берген екен...»
Ғ.Айдаров//Орхон ескерткіштерінің
текісі. Алматы, 1990 ж. 56 б.
3-тапсырма. Келесі терминдердің мағынасын ашыңыз және нақты мысалдармен түсіндіріңіз.
-Көк тәңірі
-Иқта
-Қаған
-Тотем
-Жабғу
-Он оқ будун
-Мұсылмандық Ренессанс
-Елтебер
4-тапсырма.
Ұлы Жібек Жолының аталуы__________________________ есімімен байланысты,
пайда болу және қызметінің тоқталу уақыты______________________
Достарыңызбен бөлісу: |