Тарих кафедрасы


А.И.Левшин.//Описание киргиз-



бет12/31
Дата17.04.2024
өлшемі487.5 Kb.
#499075
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
VSRBRXCCCUYV25032024132449

А.И.Левшин.//Описание киргиз-


казачьих или киргиз- кайсацких
орд и степей. Ч.Ш.СПб.1832.
170-178 б.

“Жеті- жарғы” заңы қайда және қашан қабылданды? Заңның XVIII ғ. Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өмірінде атқарған қызметі.


Үш жүздің билерін атаңыз. Жалпы “Жарғы” сөзінің мағынасы қандай?


10- тапсырма. Мұхаммед Хайдар Дулати.
Мұхаммед Хайдар ұлы жүз дулаттарынан тарайды. Ш.Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед Хайдар Дулат руының Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза, Хайдар. “Көреген”-ескі монғол-түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би-батырларға “көреген” деген лақап беретін болған. Мағынасы ел басқаратын ханның күйеуі. Бұл лақапты Хайдардың әкесі Хұсайн да, Әмір-Темір де, тағы басқалары да тағынған. Лақап атынан басқа, жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру үшін ресми атын Мұхаммед Хайдар Дулати деп жазған. Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлияты (Моғолстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейітхан баласы Рашит сұлтанға арнап, кітабының атын «Тарихи-Рашиди» деп атайды.
«Тарихи-Рашиди» (1543-1546 жж.) кітабында қандай құнды деректер бар?


11-тапсырма.
Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі «Зидж- Гурганидің» («Ұлықбек зиджі») жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көп оқымыстылардың коллективті еңбегі. «Зиджі» деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді... «Зидж Гургани» төрт бөлімнен тұрады:

  1. Календар туралы

  2. Уақыт өлшеу жөнінде

  3. Планеталардың қозғалысын анықтау жайында

  4. Астрономиялық басқа мағлұматтар туралы

Мұнда астрономияның теориялық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған ... Ол Лондонда 1650-65 жылдардың өзінде қатарынан үш рет басылып шықты. XIXғ. орта кезінде Ұлықбек таблицаларын Лондондағы астрономиялық қоғам қайта бастырды. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 15 секунд бар.
Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшит Әл-Кәши еңбектерінің мәні зор болды. Ол математика тарихында бірінші болып ондық бөлшектерді ашты. Еуропада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болды.

Ұлы ғалымдар өмірінен. Құраст.Б.Ысқақов.(XV-ХX ғғ.). А.1994. 20-21б.


Берілген мағлұмат бойынша орта ғасырдағы ғылымның дамуы туралы айтыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет