13 тақырып. Тарих ғылымындағы «Қазақстан жолы»
Лекцияның жоспары:
1.Әлемдік өркениет тарихындағы Қазақстан
2.Еуразия құрлығындағы мегаполис
3.Дипломатиялық елшілер саясаты
1. Бiр үлкен империяның құрамынан шығып, ұлттық мемлекетiн ендi-ендi орнатып келе жатқан Қазақстан, көз ашпастан, күллi жиһанды қоршаған һәм бопсалаған әлемдiк тұтастану барысының өтiнен шыға келдi. Бiздi қатты толғандыратын шекара, топырақ, ұлттық егемендiк, унитарлық мемлекет, ұлттық құқықтың үстемдiгi, тiл, дiн және мәдениет мәселелерi толық шешiмiн таппай жатқанда, әлемдiк тұтастанудың талаптары бүйректен сирақ шығарғандай көрiне бастады. Әлемдiк тұтастанудың қалыптасуының тарихи және экономикалық себептерiне қарағанда, оның алғышарттарының сонау француз төңкерiсi мен өнеркәсiп саласындағы жаңалықтардың қауырт жиiленуi дәуiрiнен басталғаны аңғарылады. Екiншi жиһан соғысынан кейiнгi гео-саяси һәм гео-экономикалық өзгерiстер, дүние жүзiндегi инфляцияның артуы, мұнай және энергия дағдарыстары, технологиялық өндiрiстiң бұрын-соңды болмағандай көбеюi, құрлықтар арасы фибер-оптикалық байланыс жүйелерiнiң 1989 жылы iске қосылуы, жер серiктерi арқылы бұқаралық ақпарат қүралдарының кез келген жерден ақпаратты күллi жиһанға таратуы, екi блокты дүниенiң Кеңестер Одағының ыдырауымен Американың басшылығындағы бiр блокты дүниеге айналуы, ұлтасулы (транснационалдық) фирмалардың төрткүл дүниеге тармақталуы әлемдiк тұтастанудың әсерлерiн күшейткен факторлар.
Аймақтық тұтастану: Әлемдiк тұтастану барысында ұлттық мемлекеттердiң өзiн-өзi сақтауды қамсыздандыру мақсатының нәтижесi ретiнде аймақтық тұтастану (regionalization) ұғымы пайда болған. Бұған мисал ретiнде аймақтық тұтастанудың ең озық формасы саналатын Еуропа Одағын айтуға болады. Оңтүстiк-шығыс Азия елдерi ASEAN (Оңтүстiк-шығыс Азия мемлекеттерi достастығы) ұйымын, ал, АҚШ, Канада және Мексика елдерi бiрiгiп NAFTA (Солтүстiк Америка еркiн сауда келiсiмi) ұйымын құрған. Ендi, бұл екi ұйым бiрiгiп, құрамына 18 мемлекет кiретiн APEC (Азия–Тынық Мұхит экономикалық әрiптестiк ұйымы) ұйымын ұйымдастыруда. Бiздiң елiмiз де ТМД, Шанхай бестiгi, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Кеден Одағы сияқты аумақтық ұйымдар арқылы аймақтық тұтастану процестерiне атсалысуда. Аймақтық тұтастану негiзiнде әлемдiк тұтастану әрекеттерiнiң табиғи жемiсi, бiр жағынан қарағанда, оған қарсы әрекет...
Әлемдiк тұтастану дегенiмiз не?: Әлемдiк тұтастанудың, яғни глобализацияның нақтылы тағрифы әлде де болса жоқ. Экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар, философтар осы терминдi әр түрлi түсiндiруде. Әлемдiк тұтастануды жақтаушылар мен оған қарсылардың тағрифтары (сипаттамалары) да әр қилы. Мәселен, жақтаушылардың пiкiрiнше әлемдiк тұтастану – «әлеуметтiк, мәдени, саяси һәм ықтысаттық (экономикалық) құндылықтар уә осы құндылықтар негiзiнде пайда болған табыстар мен нәтижелердiң ұлттық шекаралардан асып, күллi жиһанға таралуы; алуан мәдениеттер уә сенiмдердiң танылуы һәм сiңiсуi (синкретизм); тауарлар мен қызметтердiң еркiн айналуы; халықаралық қатынастар мен ықпалдастықтың нығаюы және иделогиялық жiкшiлдiкке негiзделген айырымшылықтардың жойылуы» болып табылады. Ал, әлемдiк тұтастануға қарсылар оны былайша тағриф етеді: «Әлемдiк тұтастану дегенiмiз Батыс әлемiнiң үстемдiгiнiң дүние жүзiне таралуы; осы мақсатқа жету үшiн саяси, ғылыми һәм технологиялық әдiстердiң пайдаланылуы; Батыстың өзiнiң мәдениетi уә өркениетiн дүние жүзiне үлгi етiп, күшпен мойындатуы; ұлттық мемлекеттердiң iшiндегi алуан этнос және көп тiл мәселелерiн өз мүддесiне пайдаланып, iшкi қырқыстар мен ұлтаралық араздықтарды өршiтуi; сөйтiп, ұлттық мемлекеттердi күйрету арқылы өз мақсаттарына жетуi; Батыс экспансионизмiнiң жаңа әлемдiк сатысы; халықаралық капитал иелерiнiң дүние жүзiн бiр базарға және адамзатты тұтынушыларға айналдыруы және экономикалық iс-әрекеттердi өз монополиясында ұстауы; қысқаша айтқанда, Батыс империализмiнiң заманауи ұстанымдармен бекiтiлуi». Еуропалық ғалымдар Батыс ұғымына Еуропамен қатар осы құрлықтан шыққан Америкалар мен Австралияны, Жаңа Зеландия мен Оңтүстiк Африканы қосатынын ескерген жөн. Ал, Азия құрлығындағы Израилдiң Батыс әлемiнiң ұйымдарынан көрiнуi бiраз нәрсенi аңғартса керек...
2.Әлемдiк тұтастанудың бағыттары: соңғы 20 жылдық тәжiрибе бойынша әлемдiк тұтастану мынандай салаларда жүзеге асырылуда:
1. Әлемдiк экономикалық тұтастану: Дүниежүзiлiк Банктiң 1997 жылғы қорытынды есебiнде келтірілген мәлiметтер бойынша: әлем жансанының 16 пайызын ғана құрайтын 26 дамыған мемлекет дүние жүзiлiк өндiрiстiң 81 пайызын иемденген. Осы елдерде адам басына шаққанда орташа табыс 22 мың доллардан асады. Әлем халқының 28 пайызын құрайтын орташа ауқатты 58 мемлекет болса, әлемдегі өндiрiстiң тек 5-ақ пайызына ие. Бұл елдерде орташа табыс 2,5 мың доллар. Ал, әлем жансанының 56 пайызын құрайтын көпшiлiк дүние жүзiлiк iшкi өнiмнiң 16 пайызын ғана бөлiсуде. Бұл елдерде орташа табыс – адам басы 430 доллар. Тiкелей салымдар (инвестициялар) мен капитал айналымына қарағанымызда ақшаның бай мемлекеттер арасында жүретiнiн байқау қыйын емес. Соңғы 20 жылда дамыған мемлекеттер мен кедей елдер арасындағы қашықтық 3 есе артқан. Бұл деректердiң барлығы да әлемдiк экономикалық тұтастанудың бай һәм дамыған мемлекеттердiң мүддесiне ғана қызмет еткенiн көрсетедi. Тұтастанудың осы саладағы мақсаты капитализмге негiзделген еркiн базар экономикасын мойындату. 1995 жылғы GATT (Сауда тарифтерi жөнiндегi жалпы келiсiм) және Дүние жүзiлiк сауда ұйымы (ДСҰ/WTO) қатарлы көптеген халықаралық ұйымдар мен конвенциялар, Дүние жүзiлiк банк (ДБ/WB) пен Халықаралық ақша қоры (ХАҚ/IMF) сияқты қаржы институттары, халықаралық концерндер мен салымшылар (инвесторлар) ылғи да еркiн базар экономикасының енгiзілуiн талап етуде. Дүние жүзiлiк тiкелей салымдарда либерал капитализмге қарсы саналатын Қытайдың бiрiншi орынды алуының өзi әлемдiк экономикалық тұтастанудың қайшылықты жақтарының бiрi. Экономикалық даму бойынша үш алып күштiң қалыптасқаны байқалады: Америка, Еуропа Одағы және Қыйыр Шығыс (Жапония-Қытай-Корея). Долларды халықаралық айырбас һәм сатып алу құралына айналдырған халықаралық экономикалық тұтастану ұлттық ақшалардың бiрте-бiрте айналымнан тыс қалуына және даму жолындағы елдердiң тiкелей долларға тәуелдi болуына апарып соқтырғаны жасырын емес.
Әлемдiк ықпалды күштер мен салымшылар ылғи да дәстүрлi емес ағымдар мен конфессияларды демейтiн, қорғаштайтын талаптарды алға тартуда.
3.Ұлттық мемлекет: Әлемдiк тұтастану барысында ұлттық мемлекет ұғымының әлсiрегенi шындық. Еуропаның ұлттық мемлекеттерi ортақ мүдделерi үшiн шекара мен ұлттық ақшаларын жойып та жiбердi. Ортақ қарулы күштер, ортақ парламент, ұлттық соттардың шешiмдерiн қарайтын ортақ соттар бүгiнгi күнi жиi естiлетiн сөздерге айналды. Еуропа Одағы мүше мемлекеттердiң ұлттық егемендiктерiн шектей отырып, ортақ христиан құндылықтары негiзiнде әлемдiк экономикалық, саяси бәсекелестiкте Батыстың мүдделерiн жүзеге асыруда. Ұлттық мемлекет дегеннен бiр ғана ұлттың меншiгiндегi мемлекеттi түсiну дұрыс емес сияқты. Ұлттық мемлекеттiң екiншi маңызды сипаты оның бiртұтас, яғни унитарлық мемлекет болуында. Өйткенi, унитарлық мемлекетте ғана ел бойынша бiрдей азаматтық, әкiмшiлiк құқық орындалады.
Қазақстан жағдайында азаматтар арасындағы қатынас құралы ретiнде қазақ тiлiнiң қолданылысын күшейтуiмiз ләзiм. Бұл әлемдiк тұтастану барысындағы ұлттық мемлекеттiң келешегiне бағыт-бағдар беретiн маңызды мәселе.
14 тақырып. Мемлекеттік стратегия бағыттары
Лекцияның жоспары:
1. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қабылдануы мен маңызы
2.Даму стратегиясының басымдықтары мен нәтижелері
1997 жыл келді. Тәуелсіз Қазақстанды жан-жақтылы дамытудың бағдарламасы жасалды. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 стратегиясы» атты жолдауы жарияланды. Бұл бүкіл қазақстандықтарға арналған және тәуелсіз Қазақстанды өркендетудің негізгі іс-қимыл жоспары болды. Жолдаудың басты ұстанымы: «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еді. Яғни «Қазақстан -2030 стратегиясы» қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты. Онда ұзақ мерзімді 7 басым мақсаттар баса көрсетілді : Олар:
1. Ұлттық қауіпсіздік адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы мен тұрақты өсуі ең маңызды мәселелердің бірі. Аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін және көрші елдермен берік те достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз деп көрсетілген. Алдымен өз ішкі әскерімізді құру, барлық қазақстандықтардың бойында отаншылдық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті дамыту қажеттігі айтылған. Халық пен мемлекет арасында түсіністік болғаны керек. Жеріміз де, қазынамыз да жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз. Сол арқылы Орталық Азия мемлекеттерімен интеграциялық процестерді күшейтеміз. Таяу және Орта Шығыс елдерімен де достық байланыс нығаю керек. Қазақстандық барлық азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігі болуы қажет.
Қауіпсіздік пен ел тұтастығы мәселелеріне біз қазақстандықтар өте қырағы болуға тиіспіз. Бұл демографиялық көші-қон саясатын шығарылуға тиіс. Сондықтан да мемлекеттік қауіпсіздік мәселе ең елеулі мәселе.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы дегенді түсінер болсақ...бірінші көршілік , азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету, бұның дәлелеі Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы, басқа ұлт өкілдеріне барлық еркіндіктер берілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту, әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрметті нығайту айтылған. Оның мәселелері шешілді, біздің тәуелсіз Қазақстанда. Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан экономикалық ілгерлеу арқылы шешуге болады. Яғни Қазақстан әр азаматына барынша көп мүмкнідік береді. Олар: білім алуға, денсаулық сақтауға, спортпен айналысу, шығармашылықпен айналысу, өз қалаған кәсібімен айналысу т.б. Осыған сүйене отырып, тарихымызға, жаңа дамудың кезеңдерін еске ала отырып, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін боламыз. Олда шындыққа айналды.
3.Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу –біз саналы да жігерлі халықпыз. Қазақстан азаматтары тез арада нарықтық экономикаға тез бейімделуі керек. Азия барысына айналуы қажет. Жеке меншіктің дамуына еркіндік беру, ашық экономика мен еркін сауданы дамыту.
Экономикалық өрлеу еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз қазір жақсы түсіндік. Себебі экономика жақсарса әлеуметтік
жағдайымыздың да жақсарғаны. Оның табысы жетерлік. Мысалы: жыл сайынғы 25-30 пайыздық үстемелерді алайық, табыс көзінен түскен салықтан мемлекеттік қор көзі молайды. Ұлттық қор «Самұрық-Қазына». Ал ол қордың барлық көзі қазақстандық азаматтардың және халық мүддесімен ел қамы жағдайын жақсартуға жұмсалуда.
4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру - салауатты өмір сүру, дене тәрбиесі, тазалық пен санитария ережелерін насихаттау, нашақорлықпен наркобизнеске қарсы кұрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. «100 мектеп, 100 аурахана», немесе 12 жылдық білім беру, Астана қаласындағы «Кардиология орталықтары», Семейдегі онкологиялық ауруларды емдеу орталықтары т.б.
5.Энергетика ресурстары- Қазақстан өзіміз білетіндей табиғи ресурстар, соның ішінде энергетика ресурстарына өте бай. Оған ие болып қана қоймай, оны ұқсата білу керек. Онда халықаралық технологиялар, ноу-хау, технопрактер, кластерлер ұйымдастыру, ірі капиталдар тарту арқылы ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Мұнай мен газды экспорттау, сыртқы сауданы дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды құру. Оның бәрі болашақ ұрпақтарымыз үшін. Одан тек игеру мен пайда табу ғана емес, үнемдеуді де ұмытпаған жөн. Көбейту білу. Бұл экономикалық мәдениетке жатады. Қазақстанның экспортқа шығатын өнім пайызы тек 18 пайыз, ал шетелдік импорт 80 пайызды құрайды. Ендеше қай елден кембіз? Бар байлық көзін игеретін кез келді.
6.Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс - Адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш. Олар Ұлттық экономикаларды шоғырландырады, аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады. Сыртқы саудасы мен байланысы бар ел ғана дамиды. Оны тарих көрсетті де. Әсіресе темір жолды дамыту, себеп неде? (Студенттер ойын тыңдау). Ал байланыс желілеріне келетін болсақ... қандай деңгейде екендігін күнделікті өмірден байқаймыз. Ол интернет, факс, ақпарат көздері: теледидар мен баспасөздер т.б.
7.Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәпісқой мемлекет: Ел қамын ойлайтын ықшам әрі кәсіпқой Үкімет құру. Олда жүзеге асты. Атқарушы орган ретінде Үкімет пен әр саланың жұмыстарына басшылық жасайтын 17 Министрлік қызметі халық игілігіне бағытталуда. Жергіліті жерде билік жасайтын атқарушы өкілді орган (маслихат) мен атқарушы билік орган (әкім) бар. (ШҚО әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі –М.Айнабеков). Осындай саяси реформалардың жетістігі мемлекетпен халықты байланыстыра отырып, мемлекет мүддесі үшін де, халық болашағына қызмет жасайды. Алдағы уақытта да солай болмақ. Осылайша Азия барысына айналуы- ол өзіне тән текті, алғыр, жасқануды білмейтін, тәкаппар, батыл, айлалығымен дараланатын ел болуы қажет. Олда шындыққа айналуға барынша алға жылжуда.
15 тақырып. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыттары
Лекцияның жоспары:
1.Жаңа-әлемдегі-жаңа Қазақстан
2.Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға
3.Мемлекеттік сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудың рөлі
1. Ел басының жылдағы жолдауларында қаралған негізгі мәселелердің бірі-экономика және саясат мәселелері болып табылады. Тақырыптың негізгісі- Қазақстанның саяси дамуына бағыт берген жолдауда маңызды мәселелер жан-жақты қаралған. Өз тәуелсіздігімен егемендігін алғаннан бастап, өзінің саяси дамуына баса назар аударды. Алдымен ұлттық қауыпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Өз әскери бөлімдер, аймақтық қауыпсіздік мәселелері басты назарда болды. Себеп ел болу үшін алдымен күш керек. Ол ішкі және сыртқы саясаттың тұрақты болуына таптырмас аса қажетті шаралар еді.
1997 жылғы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда елеміздің 2030 жылға дейінгі дамудың стратегиясы-қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілген. Және де қоғамдық міндеттер қойылды.
Қазақстанды жан-жақты дамытудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындау міндеттелген.
1.Мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану. Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат.
2.Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазастандық «тауашарларды» іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау
3.Іргелі және «серпінді» жобаларға қатысу
4.Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру
5.Өндіруші секторладың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығн едәуір арттыру
6.Бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі
7.Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ-на кіру т.б. маңызды мәселелер қаралды.
Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі-өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік болды. Халықаралық рыноктарға қатысатын транұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізу. т.б. Қазақстан бизнесінің сыртқы рыноктарға шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдауды ұйымдастырудың маңызы зор делінген Жолдауда.
Жоғары технологиялық жаңа өндірітерді дамыту. Яғни солтүстік Қазақстанда біздің ТМД-дағы көршілерімізде баламасы жоқ биоэталон өндіретін бірегей кәсіпорын ашқанымыз мәлім. Ал Қытаймен шекарада қазақстандық шикізатты өңдеп, энергиямен, отынмен және басқаларымен Қытайдың алым алынбайтын сауда аймақтарын қамсыздандыра алатын кәсіпорындар құру тиімді дамыту қажет деп айтылған, т.б.
2.Заң бойынша жыл сайын ел басы елдің дамуымен әлеуметтік мәселелерге және қоғамдық саяси өмірді өркендетудің бағдарламасы жасалып, қазақстандықтарға жарияланады. Сондай жолдаудың бірі биылғы «Болашақтың іргесін бірге жасаймыз» атты жолдауы (28.01.2011жыл)
Онда: Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік! Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.
Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. дегендей Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.
Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда.
3. ҚР-ның Конституциясы бойынша жыл сайын ел басы өз мемлекетімен халқының саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын ескере келе, кезекті жолдауын халқына жолдайды. Биыл 14 желтоқсан 2012 жылы кезекті жолдаудың қабылдануының мәні, оның мақсаттары туралы жан-жақтылы оқушыларға түсініктер беріп, мазмұнымен толық таныстыру. Саяси-құқықтық және интеллектуалды тәрбие беру.
ЖОЛДАУ бірнеше тараудан және көп түрлі мәселелерді қамтыған құжат . Ондағы қаралған мәселелер: 3 тараудан тұрады
І тарауда қамтылған мәселелер:
1.Қуатты да дамыған мемлекет.2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі. 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы. 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз. 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат. 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел,7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар
ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
ІІІ. «Қазақстан-2050» стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты туралы болды.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫ
1 тақырып. Кіріспе.Орта Азия мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі
1.Тарихи үдерістегі Азия елдерінің тарихы
2.Азия елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы
2 тақырып. Азия елдерінің саяси-әлеуметтік дамуы
1.Әлем қайшылықтары
2.Азия аймағының глобальды және геосаяси жағдайы
3.Қытай мен Қазақстан: шекара мәселесі
3 тақырып. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
1.Қазақстан дипломатиясының құрылуы
2.Әскери-саяси мемлекетаралық келісімдер
3.Қазақстандағы ядролық қару мәселесі
4 тақырып. Саяси элита
1. «Элита » ұғымы және саяси элитаның қалыптасуы
2.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар
3.Азия аймағындағы тарихи саясат тұлғалар рөлі
5 тақырып. Азия мемлекеттерінің экономикалық даму ерекшеліктері
1.Аймақ елдерінің экономикалық даму бағыттары
2.Қазақстан-сыртқы инвестицияның негізгі орталығы
3.Қазақстанның саяси-тарихи және экономикалық дамуы –ғасырлар тоғысында
6 тақырып. Экономика мен саясаттың Қазақстандық үлгісі
1.ХХІ ғасырдағы Қазақстандық экономика моделі: жетістіктер мен сынақтар
2.Әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы»
7 тақырып. Сауда-экономикалық байланыстары
1.Посткеңестік кеңістігіндегі экономика
2.Экономикалық дағдарыс және әлеуметтік мәселелер
8 тақырып. Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері
1.Мемлекеттік әлеуметтік саясат
2.Қоғамдық өмір
3.Этнодемографиялық үдерістер
9 тақырып.. ХХ ғасыр –технологиялық даму ғасыры
1.Континентті және трансконтинентті мемлекеттер одақтарының ынтымақтастығы
2.Аймақтағы нарықтық реформа
10 тақырып. Қазақстан және қазіргі әлем
1.Ядролық қарудан бас тарту және қауіпсіздікті нығайту
2.Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық байланыс
11 тақырып. Қазақстан және халықаралық ұйымдар
1.ТМД-ның құрылуы. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде
2.ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК қарым-қатынас жүйесінде
12 тақырып. Қазақстан және түркі елдері әлемі
1.Қазақстан және Түркия арасындағы қатынастар
2.Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының ұстанымы
13 тақырып. Тарих ғылымындағы «Қазақстан жолы»
1.Әлемдік өркениет тарихындағы Қазақстан
2.Еуразия құрлығындағы мегаполис
3.Дипломатиялық елшілер саясаты
14 тақырып. Мемлекеттік стратегия бағыттары
1. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қабылдануы мен маңызы
2.Даму стратегиясының басымдықтары мен нәтижелері
15 тақырып. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыттары
1.Жаңа-әлемдегі-жаңа Қазақстан
2.Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға
3.Мемлекеттік сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудың рөлі
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СӨЖ)
№
|
Тақырыптық тапсырмалар атаулары
|
Оқыту
факторы
|
Сағат
саны
|
1.
|
Орта Азия мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі
|
хабарлама
|
2
|
2.
|
Әлем қайшылықтары. Азия аймағының глобальды және геосаяси жағдайы
|
конспекті
|
2
|
3.
|
Қазақстандағы ядролық қару мәселесі
|
Тезис жазу
|
2
|
4.
|
Азия аймағындағы тарихи саясат тұлғалар рөлі
|
Реферат
|
2
|
5.
|
Қазақстанның саяси-тарихи және экономикалық дамуы –ғасырлар тоғысында
|
Баяндама
|
2
|
6.
|
Әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы»
|
хабарлама
|
2
|
7.
|
Посткеңестік кеңістігіндегі экономика
|
конспкет
|
2
|
8.
|
Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері
|
Реферат
|
2
|
9.
|
ХХ ғасыр –технологиялық даму ғасыры
|
Ауызша журнал
|
2
|
10.
|
Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық байланыс
|
Тезис жазу
|
2
|
11.
|
Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде
|
Реферат
|
2
|
12.
|
Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының ұстанымы
|
хабарлама
|
2
|
13.
|
Тарих ғылымындағы «Қазақстан жолы»
|
баяндама
|
2
|
14.
|
«Қазақстан-2030» стратегиясы. Даму стратегиясының басымдықтары мен нәтижелері
|
Реферат
|
2
|
15.
|
Мемлекеттік сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудың рөлі
|
тест
|
2
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
30 сағ
|
Достарыңызбен бөлісу: |