Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №120 қаулысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»



Дата09.06.2016
өлшемі57 Kb.
#123953


Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы   № 120 қаулысы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы бекітілсін.

2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №120 қаулысымен бекітілген

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тарихи шығындарды және гео­ло­гия­лық ақпарат құнын айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы­ның 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауы туралы тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.

2. Тарихи шығындар – мемлекет келісім­шарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған; олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.

3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпа­раттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпа­рат­тың құны Қазақстан Республикасының бюд­жетіне төленеді.

4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады.

5. Тарихи шығындардың көлемін, жер қой­науы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) анықтайды.

2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібі

6. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жарияланғанға дейін жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі – жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделену дәрежесі мен геологиялық барлау жұ­мыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиіс. Түгендеудің деректері бойынша геоло­гиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шы­ғындардың есебі жүзеге асырылады.

7.Тарихи шығындар әр жер қойнауы учаскесі бойынша жеке қаралады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қой­науы учаскесінің шекарасы Қазақстан Рес­пуб­лик­а­сы Индустрия және жаңа технологиялар минис­трі­нің бұйрығымен бекітетін Пайдалы қаз­баларды барлау мен өндіруге және жер қойнауын өзге мақ­сатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін тау-кендік немесе геологиялық бөлулермен анықталады.

8. Барлау немесе барлау мен өндіруді жүр­гі­зуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің ала­ңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструк­торлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

9. Өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар тау-кендік не геологиялық бөлу шегінде есептеледі және мыналарды: өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыс­та­рын, барлауды, қапталдар мен терең горизонт­тарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жаб­дықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да зерттеулерді қамтиды. Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануда кен орнын қорларының бір бөлігі берілсе, онда тарихи шығындар кен орнының жалпы қорының осы бөлігіне пропорционалды есептеледі.

10. Тарихи шығындарды есептеуден осы Қа­ғиданың 8, 9-тармақтарында көрсетілген жұ­мыс­тардан, пайдалы қазбалардың мәлімделген түрі­не жатпайтын жұмыстар, оларды геологиялық зерттеулерге арналған шығындардан басқа немесе мемлекеттің қаражатынсыз жүргізілген, ұңғы­ма және тау-кен өндірудің тарихи шығындарын есептеу күніне жойылған өткізу жөніндегі жұ­мыс­тар алынып тасталады.

11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргі­зілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін ор­ындалған жұмыстар, 1961-1990 жылдар ке­зе­ңін­де орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде), жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге, геологиялық барлау жұмыстары құнының салаішілік ин­дек­сінің өзгеруі тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болады.

1961 жылға дейінгі шығындарды 1961-1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шы­ғын­дар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961-1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.

1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш96= Өжш х И 91 х 0,002 х И96. мұнда:

10

Тш 96 – 1996 жылғы бағамен тарихи шы­ғындар;



Өжш – өткен жылдардың шығындары

И 91 – 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының

1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;

0,002 – теңгеге аудару коэффициенті

И 96 – 1996 жылғы геологиялық барлау жұ­мыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.

1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шы­ғын­дарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мына­дай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96

1991 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96

1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92 – 95) х И96,

мұнда: И (92 – 95) – жылдар бойынша гео­логиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).

1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚІП дол­ла­рына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұ­мыс­тар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚПІ долларына ауда­рылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде АҚПІ долларымен алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады.

12. Барлық геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставка қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түрі мен берілетін жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты сараланады:

Көмірсутек шикізаты:

барлау – 1%, барлау және өндіру – 2%, өндіру – 3%.

Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):

барлау – 1,5%, барлау және өндіру – 2%, өндіру – 2,5%.

Жер асты сулары (емдік балшықты қоса алғанда):

барлау – 1,5%, барлау және өндіру – 2,5%, өндіру – 4%.



13. Мемлекеттің қаражатынан алынбаған, бі­рақ мемлекеттің меншігіндегі геологиялық ақпа­рат­тың құнын анықтау үшін нәтижесінде геоло­гиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындардың сома­сы­нан осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген баламалы пайыздық ставкалар қолданылады.

14. Геологиялық ақпаратты сатып алу туралы келісімдерде оның құны Қазақстан Респуб­ли­ка­сының ұлттық валютасында көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет