«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата26.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#458658
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«Тарихты о ыту дістемесі» п ні бойынша д рістер конспекті Та ыр

Сабақ жоспарын жасау барысында мұғалім оның оқушыларға 
түсінікті, шынайы болуына назар аударуы керек. Сабақтың теориялық және 
әдістемелік мазмұнын нақты сыныптың жағдайына қарай бейімдеп, сабақта 
қандай ахуал қалыптасатынын, оқушылардың қызығушылығын қалай оятып, 
сабақ барысында нәтижеге қалай қол жеткізуге болатындығы ойластырылуы 
тиіс. Ауызша мағлұмат барынша аз қамтылып, оның орнына түрлі сызбалар 
мен сұлбаларды қолданып жазылған жоспар нәтижелі болмақ. Сабақ 
жоспары — оқыту процесінің бағдарламасы болғандықтан оқушылар 
сабақтың әр кезеңінде не жасайтындығын, әр оқушының немен 
айналысатындығын айқындаудың маңызы зор. 
Жоспар мынадай кесте түрінде де түзілуі мүмкін: 
Баяндалатын 
материалдың 
мазмұны 
Оқушыларға берілетін тапсырмалар мен 
сұрақтар, қолданылатын тәсілдер, құралдар 
Оқушыларға 
жұмысының тәсілдері
Күтілетін нәтиже
Жоспарластырылған сабақты пысықтап, карта, сұлба, безендіруді 
қолдануға жаттығу да артық болмайды. Бастапқы кезде сабақты» уақыты мен 
мазмұнын мелшерлеу қиын болатындықтан сабақта уақыт артылып қалған 
жағдайға арнап қосымша сүраулар мен тапсырмалар дайындап алу қажет. 
Екінші бағанаға бейнелі суретгеу, сюжетгі әңгімелеу, жинақтап 
сипаттау түрінде жаңа оқу материалының мазмұны жазылады. Бұл жерде 
мұғалімнің жұмыс тәсілдері, жаңа материалды игеру құралы, тұжырымдары 
мен қорытындылары, танымдық тапсырмалар, дерек көзімен жұмыс әдістері 
жазылады. 
Үшінші бағанада жаңа тақырыптағы әрбір мәселе бойынша оқушының 
танымдық әрекеті ашылуы тиіс. Онда оқушылардың білімін тексеру кезінде 
қайтаруы тиіс жауаптары; жаңа материалды игеру шін берілген тапсырманың 
нәтижесі; бекіту, қайталау сұрақтарына оқушылардың қайтаратын 
жауаптары; кесте, сұлба, диаграмма құрастыруға берілген тапсырмалар 
жазылуы тиіс. Бұл бағананың мазмұны мұғалімге сабақ үстінде 
оқушылардың қате, толық емес жауаптарына түсінік жасауға мүмкіндік 
береді. 
Егер сабақ немесе оның бөлімі білімді есепке алу және жинақтауға 
арналса, онда конспектіні мьша үлгіде жасауға болады: 
Оқушыларға берілетін сұрақтар 
мен тапсырмалар 
Жауаптардың 
үлгі мазмұны 


Бірінші бағанадағы сұрақтар мен тапсырмалардың тұсына мұғалім 
тәсіл мазмұны мен орны туралы мынадай белгілер түсіреді: «Картадан», 
«Диафильмнің 7-кадры», «Тақтаға сұлбасын сызу», «Магниттақтаны 
пайдалану». Бұл жерде жауап беруші оқушының ата-тегін көрсетуге де 
болады. 
Сабақ жоспары. Мұғалім оқытумен бірге күшейтілген жоспар жасауды 
игереді. Онда сабақтың құрылымдық элементтері пункттер бойынша 
көрсетіліп, сабақтың әрбір кезеңіндегі мұғалім мен оқушы әрекетінің қандай 
болатыңдығы қамтылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет