«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата26.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#458658
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«Тарихты о ыту дістемесі» п ні бойынша д рістер конспекті Та ыр

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Тарих сабағына қойылатын негізгі талаптардың бірі? 
2. Сабақ жоспарын қалай жасаймыз? 
3. Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю.К.Бабанский қалай
жүйелеген? 
4. Басты тарихи дерекке нені жатқызамыз? 
 
Тақырып№4: Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері 
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдерін 
көрсету 
1. Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Оқытудың «әдісі» мен «тәсілдер» 
ұғымдарының қатынастылығы
2. Тарихты оқыту үрдісіндегі әдістер мен тәсәлдердің танымдық, 
тәрбиеләк, дамытушылық ролі
3. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелуі
 
Оқыту әдістері дегеніміз - оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің 
өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың 
тәсілдері. Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс 
дегеніміз - мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке 
жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. Әдістер қалай оқыту 
керек деген сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет-
жүйесінен, оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің 
субъектісі де, объектісі де оқушының өзі. 
Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. Әдетте 
мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар қолданады. Ал 
жеке оқыту әдісі таза күйінде арнайы жоспарластырылған сабақта немесе 
зерттеу мақсатында қолданылуы мүмкін. 
Мектепте тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы 
педагогикалық-психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Дегенмен, 
тарих пәнінің мазмұнының ерекшелігіне және мақсат, міндеттеріне сәйкес 
өзіндік әдіс-тәсілдерді де қолданылады. 


Әдістерді топтастырғанда бірнеше негіз басшылыққа алынады. 
Мысалы: 60 жылдары логикалық ойлау операциялары негіздерінде 
индуктивті, аналитикалық әдістер, дидактикалық мақсатта материалды оқып-
үйрену, бекіту, алған білімді тексеру әдістері орын алды. Ғалымдар мен 
әдіскерлер білім көзіне (сөздік, көрнекі, практикалық және оқушылардың 
танымдық әрекетінің дербестік деңгейіне қарай әдістерді топтастыруға 
ерекше ден қояды. Танымал дидактиктер М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер 
оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейін және олардың дербестігінің 
үнемі артып отыратындығын ескеріп, оқыту әдістерін топтасырудың 
мынадай әмбебап жүйесін жасады. Оларды салыстыра талдап көрейік. 
Оқыту әдістері 
М. Н. Скаткин бойынша 
И. Я. Лернер бойынша 
ақпараттық-нұсқаулық 
түсіндірмелі-безендіру 
қайта жасау әдісі 
қайта жасаушы әдіс 
өзекті мәселені мазмұндау 
өзекті мәселені мазмұндау 
эвристикалық 
ішінара ізденушілік 
зерттеушілік 
зерттеушілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет