«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата26.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#458658
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
«Тарихты о ыту дістемесі» п ні бойынша д рістер конспекті Та ыр

құжаттары- жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын 
құрайды. Көркемсөз ескерткіштері- ежелгі және ортағасырлар тарихындағы 
халықтың ауыз екі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,
жоқтау жырлары, эпос). 
Сабақта қолдану үшін, ғалымдардың пікірі бойынша, құжаттар 
мынадай болуы керек:
- тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы; 
- сол дәуірдің негізгі, барынша тұрпаттық деректері мен оқиғаларын 
қамтуы тиіс; 
- бағдарламалық материалмен тығыз байланыста болып, тарихи 
білімінің өзектілігін арттыруға ықпал жасауы керек; 
- мазмұны мен көлемі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи 
құбылыс, оқиға туралы оқушылардың білімін нақтылап тереңдететіндей 
құжат мазмұнында тұрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы; оқушыларға 
белгілі бір сезімдік ықпал жасауы тиіс. 
Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы 
Құжатты оқып-үйрену әдістемесі. Тарих сабағында құжаттарды 
оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса 
мұғалім оның мазмұнын оқушыларға түсіндіріп береді; құжатқа сілтеме 
жасап, дәйексөз келтіреді (әңгімелеудің дәлелділігін күшейту үшін); өз 
әңгімесін нақтылау және қызықты ету үшін құжаттан үзінділер пайдаланады. 
Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып, 
тарихи тұлғаға мінездеме беріледі. 
Оқушылардың құжатпен жұмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық 
мүмкіндігіне және дайыңдық деңгейіне қарай күрделене береді. 5-6 
сыныптарда баяндау-суреттеу сипатындағы қарапайым материалдар 
пайдаланылады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда 
талдау жасалатын заңдық және шаруашылық құжаттардың саны арта түседі; 
9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық құжаттар кеңінен қамтылады. 
Құжаттармен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезендерден тұрады:
1) мұғалім құжатты талдаудың үлгісін береді; 
2) оқушылар мұғалімнің көмегімен құжатты талдайды; 
3) мұғалімнің жетекшілігімен жеке, дербес жұмыс жүргізеді; 
4) құжатты өз бетінше сыныпта және үйде оқып үйренеді.
Мұғалім сыныпта оқушыларды құжатпен таныстырып, тапсырманың 
мазмұнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде құжат негізінде қысқа 
хабарлама, суреттеме дайындап, оқулықтың мәтіні, безендіру бойынша 
шығармашылық мазмұңдама дайындайды. Әрине, дербес жұмыс жасау үшін 
құжат барлық оқушыға жеткілікті болуы керек. 
Құжаттармен жұмыс жүргізу мынадай дағдыларды да меңгеруді талап 
етеді; құжатты оқып әңгімелеу және ол бойынша жоспар құру; құжатты 
дербес талдап, ол бойынша сұрақтарға жауап беру; бірін-бірі толықтыратын 


ұқсас құжаттарды салыстыра талдау; құжатқа сыни баға беру. Осы 
дағдылардың барысында оқушыларға құжаттағы қисындық түйінді, негізгі 
идеяны анықтап, белгілі бір ережелерге дәлел тауып үйренеді. Мұғалім 
оқушыларға "бұл туралы құжатта не жазылғанын оқындар", "құжат мәтіні 
негізінде... дәлелде", "өз пікіріңді құжат негізінде тиянақта" деген мазмұнда 
тапсырма береді. 
Жоғары сынып оқушыларының құжаттармен жүргізетін жұмысы 
күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға 
тура келеді. Ол тапсырмалар мына мазмұнда болуы мүмкін: 
құжат мазмұнының бастысын, екінші кезектісін танда; өз таңдауыңды 
негізде; 
оқып үйренетін оқиғаның себебін, қай кезеңге тән екендігін анықта; 
оқиғаның іске асуына қандай тарихи алғышарт немесе идея, бастама 
негіз болды; 
жағдайларды салыстыр; қажетті дереккөзінен мәліметтерді таңдап ал; 
саяси және мемлекеттік қайраткерлерге мінездеме бер; түпдерек 
бойынша хабарлама дайында; 
оқып үйренген құжаттар қазіргі қоғамдық құбылысты тани білуге 
қалай көмектескенін ойлап көр. 
Мұғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдында оны алдын ала 
електен өткізіп, педагогикалық екшеу жасайды. Ол меғұрлым екшелген 
сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі. 
Педагогикалық екшеу дегеніміз — сабаққа пайдаланатын құжаттың 
мазмұнын таңдау дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда мұғалім құжат 
авторының стилін өзгертпей-ақ құжатты еркін пайдалануы мүмкін. Одан әрі 
мұғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіріп, 
құжатпен жұмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды. 
Жинақталған өлкетану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын 
іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына 
болады. 
Сабақтың 
Жергілікті 
Жергілікті 
Жергілікті 
Оқушыларға 
тақырыбы, 
материалды материалдың 
материалды арналған 
рет саны 
қолдану 
қысқаша 
пайдалану 
әдебиеттер 
мақсаты 
мазмұны 
тәсілі 
Түркістан- 
Қалалардың Түркістан 
Оқушының "Түркістан 
Қазақ хан- 
ролінің 
қаласының 
қала туралы тарихы мен 
дығының 
артуын 
сауда, қоленер 
буклет, 
мәдениеті". 
астанасы 
нақтылау, 
діни орталық- 
хабарлама, 
Түркістан, 
өлкетану 
тан саяси 
баяндама 
2000 ж. 
дерепмен 
бекіту 
орталыққа 
айналуы 
дайыңдауы. "Мұра" 
Мұғалім сабақ барысында құжатты қолданар алдында оған қысқаша 
сипаттама береді; құжат қайда, қашан, қандай мақсатта, кім жазды; бұл 
құжаттан оқушылар не біледі? 


Мұғалім "Жеті Жарғы" туралы әңгімелеп отырып, оның алдында 
"Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын зандар 
жинағы болғандығын хабарлап, ол зандарда меншік түрлері, қылмыс 
деңгейлері, оларға салынатын қүн өлшемдері жазылғандығын баяндайды. 
Оқушылар одан әрі "Жеті Жарғының" мәтінін талдауға кіріседі. 1) Мәтін 
бойынша ауызша дәлелдеу. 2) Құн өлшемдерін анықтау. 3) Құжаттың 
жекелеген тармақтарын бөліп алу. 4) Құжаттың мазмұнын анықтауға 
көмектесетін сұрақтар түзу. 
Оқушылар құжатты жеке бөліктер бойынша оқиды, ал мұғалім 
жекелеген 
сөйлемдерді 
түсіндіріп, 
құжат 
мазмұнын 
қаншалықты 
меңгергендігін анықтау үшін "Үзіндіде не туралы айтылған?" "Мына 
сөйлемнің мазмұнын қалай түсінесің?" Содан соң барып құжатты қайталап 
оқып, жекелеген бөліктер бойынша талдауға кіріседі. Оқушылардың жауабы 
толық және дәл болып, тұжырымдар құжатқа сілтеме жасау арқылы 
негізделуі тиіс. 
Орта буын оқушыларымен өткізілген сабақтарда құжатты тарихи дерек 
пен әдеби шығарманың арасыңдағы айырмашылық туралы ұғымдар 
қамтылуы тиіс. Мысалы, түркі халықтарының мифтері туралы әңгімелегенде 
олардың қайсысы рас, қайсысы ойдан шығарылғандығын түсіндіреді. 
Сабақ барысында тарих курсымен хронологиялық байланысты, 
тақырыпқа қатысты оқушылардың отбасы тарихының құжаттары ретіңде 
отбасы мүшелерінің жазбаларын, фото суреттерін де қолдану тиімді. Бұған 
қатысты мынадай тақырыптарды атауға болады: "Менің отбасым XX 
ғасырдың 30-жылдарында", "Ұлы Отан соғысы біздің отбасы өмірінде", 
"Біздің отбасының еңбектегі және соғыстағы наградалары". 
Құжаттың көрнекілігі оның мазмұнын көрнекілік қағидасымен 
ұштастырғанда тиімді бола түседі. 
Құжатты талдау нәтижесінде оқушылардың санасында тарихи ұғымдар 
қалыптаса бастайды. Ол ұғымдар дайын білім түрінде емес, оқушылардың 
логикалық ойлау қызметінің барысында қамтылуы тиіс. Белгілі бір мәселені 
кұжаттар арқылы нақты адамдардың көзқарастарындағы қайшылық 
айқындалады, ол жағдай, процестер мен құбылыстардың мәнін ашуға 
көмектеседі. Бір мәселені әр түрлі ұстанымдарда қамтылған құжаттарды 
салыстыру барысында оқушылар бір мәселе туралы бірнеше көзқараспен 
таныса алады. 
Құжаттарды оқу материалында орын алған қайшылықтарды шешуге де 
тиімді қолдануға болады. Оған байланысты құжаттармен жұмыс жүргізуге 
берілетін тапсырмалар оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескеріп беріледі. 
Құжаттарды оқып үйренуге байланысты тапсырманың сұлбасы мынадай: 
құжатты талдау одан деректерін теріп алу - оларды ауызша әңгіме, рөлдік 
ойын, жазбаша шығарма түрінде баяндау. Бұл жерде құжаттарды баяндау 
мен карта; заңдық құжат пен күнделік жазбасы; жеке тұлғаның естелігі, 
хаттары мен портреті деп жұптаған орынды. 
Оқушылар 
құжат 
бойынша 
сұрақтар 
дайындап, 
сөзжұмбақ 
құрастырады, оқиғаны баяндап, мәтіндер дайындайды. Талқылап, талдап, 


толықтырғаннан соң мәтін оқулықтың тақырыбына қосылады. Бұл мәтін 
оқушыларға барынша түсінікті, өйткені оны өздері түзді ғой. Осы жолмен 
қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұрақты болмақ. 
Мұғалімнің құжаттарды таңдауына мектеп хрестоматиясы көмектеседі. 
Кейбір хрестоматиялар тек құжаттарды біріктірсе, ендігі бірі - құжаттар, 
оларға түсіндірмелер, ғылыми-көпшілік әдебиетгердің үзіңділерін құрайды, 
ал үішіншілері - көркем немесе басқа әдеби шығармалардан тұрады. 
Сабақтың мақсатына қарай мұғалім аталған хрестоматиялардың бірін 
таңдайды. 
Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау 
Дереккөздерімен жұмыс жоғары сыныптарда ұйымдастырылады. 
Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың 
ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет 
пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады. 
Мұғалім сабақтағы қысқаша кірісіне сөзінде бұндай еңбекпен жұмыс 
жасаудың міндеттеріне тоқталады. Онда құжаттың жасалған уақыты, 
мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты айтылады. Одан әрі еңбектің 
құрышымы, негізгі идеясы сөз болып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға 
баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы кезде бүкіл сынып ғылыми 
еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. 
Мұғалім мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мәтіндер 
түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігімен оқуына беріледі. Олар мәтіннен 
негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады. 
Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар 
жасауға, одан әрі еңбектің қисындық күретамыры — тезис жасауға 
ауысады. Тезис — дерек көзіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме 
жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн. Тезисте жалпы ой желісі 
басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес 
жағдайда еңбектің тезисін дайындайды. Бір құжаттың негізінде олар тезис 
дайындап, конспект жасауға үйренеді. 
Конспектілеумәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қысқа етіп 
жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай 
тезиске 
айналып, 
сонымен 
деректер 
және 
үлгілермен 
қалай 
толықтырылғанын (конспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу 
арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады. 
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі 
мынадай: 
1. Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын қүру. 2. 
Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-
жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету. 3. Ғылыми 
еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс. 4. 
Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен дәлелдер толық жазылуы 
тиіс. 5. Конспектілегенде цитата қолданылуы керек. 6. Конспектілеу 
барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект 
бойынша жауап бергенде көмегі көп. 


Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагмент түрінде 
конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға 
баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет