Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет48/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Курс лекции каз

Кесте 14.1 Жүктер класы


Класс

Жүккөтерімділікті пайдалану коэффициенті, q

диапазон

Орташа мәні

1

0,91...1,0

0,96

2

0,71....0,9

0,8

3

0,51....0,7

0,6

4

0,40....0,5

0,45

Көлік заңнамасындағы жүктер классификациясы - бұл тасымал төлемдерінің бекітілген өлшеміндей тарифті топпен жүктер тасымалының таралуы.



Класс

Коэффициент

I

1

II

0.71-0.99

III

0.51-0.70

VI

0.41-0.50

Көліктегі жүктер - деп жүкті тасымалға алғаннан жүк қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі барлық үрдістерді атайды.


Автомобиль көлігі қаптау түрінің әртүрлі физикалық қасиетіндегі түрлі жүктерді тасымалдайды. Жүк түрлері жылжымалы құрам типтерін таңдауда және оның пайдалану шарттарын, арту-түсіру жұмыстарын орындау тәсілдері - қажетті факторлардың бірі болады. Жүктер ерекшелігіне байланысты топтастырылады.
Тарамды жүктер габаритті өлшемдерімен, салмағымен және бітімімен сипатталады. Олар тасымалдау кезінде қабылдау мен өткізуде санақпен немесе салмағымен өткізіледі.
Сеппелі жүктер сеппелі арту-түсіру жүктеріне рұқсат етіледі. Бұл жүктер көлемі және салмағымен есептеледі.
Құймалы жүктер цистернада сұйық және жартылай сұйық түрінде тасымалданады.
Тарамды жүктер қаптама түрінде тасымалданатын тара және тарасыз болады. Тасымалдау кезінде жүк екі салмақта анықталып қолданады: нетто - жүктің өзіндік салмағы, брутто - жүктің тарамен есептелген салмағы.
Тара жүкті бұзылуынан сақтап және арту-түсіру мен тасымалдау кезінде бүлінуден сақтауды қамтамасыз етеді. Тара тасымалданатын жүк сипаты мен түріне және арту-түсіру механизмдерін қолдануда беріктікті қамтамасыз ету мүмкіншілігіне сәйкес болуы керек.
Тара жасалуына байланысты ағашты, шынылы, керамикалы, текстильді, қағаз-картонды және т.б.
Өзінің қаттылық күй деңгейінде тара қатты (жәшік, бөшке), жұмсақ (қап, эластикалық орамалар) және жартылай жұмсақ (кәрзеңкелер) болып келеді.
Тарадағы жүктер өзінің түріне байланысты жәшіктік, қапталған және бөшкелі болады. Бұлардың ішінде көбісі бірінші қағазды, қаптамалы, картонды, полиэтиленді.
Кей-кезде жүктер бірден екі түрлі тарада болады, мысалы, бөтелкедегі сүт, жәшікке салынған. Бұл жағдайда бөтелке тара да, жәшік супертара болады.
Тара бірреттік және көпреттік қолдануда болады. Бірреттік қоданудағы тараға бір немесе бірнеше жүктердің бір түрдегі түрінің тасымалдауы жатса, көпреттік қолдануға барлық жүктер түрі жатады.
Бірретті тара көпрет пайдаланылғандықтан, пунктке оралғанда өте қатаң тексеріледі.
Қарапайым жүктерге тасымалдауға, артуға, түсіруге және ерекше жағдайды талап етпей сақтайтын және бортты автомобильдермен тасымалдауға болатын жүктер жатады.
Спецификалық жүктерге арту мен түсіру және тасымалдау мен сақтауға ерекше талап етілетін жүктер жатады. Олар габаритсіз, ұзын өлшемді, үлкен салмақты, қауіпті, тез бұзылатын, белгілі бір санитарлық жағдайды талап ететін болып бөлінеді.
Габаритсіз жүктерге (құрылыс жүктерінен басқа) орыннан есептегенде 3,8 м немесе 2,5 м енділіктегі жүктер жатады.
Ұзын өлшемді жүктерге – түрлі габаритсіздер. Бұл жүктерге артқы борттан екі метрден асатын жүктер жатады.
Үлкен салмақты жүктерге - бұл әрбір орынға салмағы 250 кг асатын жүктер жатады.
Қауіпті жүктерге – сәйкес шаралар қатыспайтын, тасымалдау кезінде және сақтауда адамдарды улайтын жүктер жатады.
Қауіптілігіне байланысты олар жеті топқа бөлінеді:
Бірінші топ - аз қауіпті;
Екінші топ - тез жанғыш (бензин, керосин және т.б.);
Үшінші топ - шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, битум және т.б.);
Төртінші - күйдіретін сұйықтықтар (кислота және т.б.);
Бесінші - баллондағы сығылған газ;
Алтыншы - өзіндік габаритті өлшемді жүктер;
Жетінші - ерекше қауіпті жүктер (жарылғыш, радиоактивті және т.б.)
Тез бұзылғыш жүктер арнайы жылжымалы құрамды талап етеді, өйткені олар белгілі-бір температураны сақтап тұруы қажет.
Арнайы шартты жүктерді сақтауға тұрмыстық заттар жатады.
Санитарлыққа қарсы жүктерге - ассенизациялы және шаңдатқыш жүктер жатады.
Жалпы массаға байланысты, яғни жылжымалы құрамның жүк көтерімділік мүмкіншілік максимальдығына, жүк көтерімділікті пайдалану коэффициентімен анықтала отырып барлық жүктер бес топқа бөлінеді, бұны «Жүк автомобиль тасымалдау көлігіндегі жалпы тарифтер» анықтамасынан білуге болады.
Бірінші класты жүктерге жылжымалы құрам жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті 1,0;
Екінші - 0,71-ден 0,99-ға дейін;
Үшінші - 0,51-ден 0,70-ке дейін;
Төртінші - 0,41-ден 0,51;
Бесінші - 0,30-дан 0,40;
Тарамды жүктерді тасымалдауда олар таңбаланады. Таңбалау - жүкке арнайы белгілермен және жазулармен жазылады. Олар тауарлы, жүкті, көлікті және арнайы болып келеді.
Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс.
Таңбада: жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы; бару орны мен пункті; жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс.
Тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарда келтірілген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуі тиіс.
Тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жүкті тапсыру кезінде жүк жөнелтуші барлық багаж орындарына: "ҮСТІ", "ШЫНЫ", "АБАЙЛАҢЫЗ", "ТӨҢКЕРІЛМЕСІН", "СУЫҚҚА ТӨЗІМСІЗ" деген арнайы таңба қоюы; жүкке арналған құжаттар буылып-түйілген орындарды "ҚҰЖАТТАР" деген арнайы таңбамен белгілеуі тиіс.
Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргізілуі мүмкін.
Таңбалау орамада шартты белгілермен (таңбалармен), айқын жазумен, әріптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиіс. Таңбаның түсі ыдыстың немесе жүктің түсіне қарама-қарсы болуы тиіс.
Жүк орындарының таңбасы анық, түсінікті және берік болуы тиіс.
Таңба өшірілмейтін және қабыршақтанбайтын, күн сәулесіне төзімді, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиіс.
Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкін. Жапсырмалардың беті ауа-райы жағдайларының әсеріне шыдамды болуы тиіс. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:

  • типографиялық;

  • машинкамен басу;

  • траферат бойынша штемпельдеу;

  • жаншу.

Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс. Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс. Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұранда шегелерімен, шегелермен бекітілуі тиіс. Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді. Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.
Металл шыбықтар, құбырлар, қолайсыз немесе ұзын саптары бар сайман және тағы басқа сияқты жүктерді бірнеше жүк алушының атына тасымалдау кезінде, майлы бояумен шеттерін бояу арқылы таңба жасауға рұқсат етіледі, ол бойынша олардың бір партияға жататынын оңай анықтауға болады.


Таңба:
1) жәшіктерде – бүйір жақтарының біріне;
2) қаптар мен теңдерде- кең жақтарының біріне;
3) арнайы таңба екі шектес жаққа салынады.
Таңбаны бүйір немесе тік жақтарына қою мүмкін болмаған кезде, биіктігі 200 мм және одан аз шағын көлемді жәшіктерде ыдыстың шектес қабырғаларына (оның ішінде қақпағына) таңба жасауға рұқсат етіледі.
Арнайы таңба, олар белгіленуі тиіс "ОСЫ ЖЕРДЕН СҰРЫПТАЛСЫН" және "АУЫРЛЫҚ ЦЕНТРІ" деген белгілерді қоспағанда, негізгі таңбаның жоғарғы бұрышына қойылады.
Біртекті жүктерді бір жүк алушының атына тасымалдау кезінде барлық жүк орындарына емес, бірақ ең кемі төрт орынға таңба жасауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда таңбаланған орындар:

  1. фургондарда - есіктің жанында таңбасын сыртына қаратып;

  2. ашық автокөлік құралында - тиелген жүктің жоғарғы қабатында шанақтың әрбір бойлық ернеуінің жанында екі орыннан таңбасын сыртына қаратып жиналады. Жүктерді үйіп, бос және құйып тасымалдау кезінде таңбалау жүргізілмейді.

Арту-түсіру және қосымша атқарылатын жұмыстар тәртібі көтеру көліктері жабдықтарының жеке түрлерін пайдалану ережесімен бекітіліп, нормативті құқықтар және нормативті-техникалық құжаттармен жүргізіледі. Егер жұмыс қол күшімен жүргізілсе, онда келесі жағдайларды сақтау қажет:

    • өткір, үшкір, ілгекті бұйымдар және құралдар тек қана сыртқы қаптамамен беріледі;

    • қатты тарадағы жүктер және мұздар қаптамасыз болғанда тек қолғап кию арқылы жүргізіледі;

    • таралары бұзылған немесе шегелері шығып кеткен болса және жиектері бүрілмеген және т.б. бұлар тасымалға жатпайды.

    • шыны ыдыстар берік тарада болуы керек. Сынған, жарылған (шатынаған) шыны ыдыстарды қолдануға болмайды.

    • көлік құралдарына жүктерді арту немесе түсіру кезінде 50 мм қалыңдығы аз тақтайларды қолдануға тыйым салынады. Беріктендіре түсу мақсатында тақтай астына тірек тіреу қажет.

Автомобильге жүкті арту мен түсіру уақытының шамамен қосымша операцияларының орындалу мерзімі, жүк тасымалы ережелерінің негізгі қосымшасында келтірілген.
Арту-түсіру жұмыстары МемСТ –мен талаптарға, арту-түсіру жұмыстарында сала аралық еңбекті қорғау ережесі бойынша және жүктерді таратуда немесе басқа да нормативті бекітілген құжаттар келтірілген тәртіппен жүргізіледі.
Арту-түсіру жұмыстары өндірісінің әдістерін таңдауда жұмыстағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың рұқсатты әсерінің деңгейін азайтуды алдын ала қарастыру:

  • арту-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;

  • қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қондырғылар мен құралдарды қолдану;

  • нормативті техникалық құжаттар мен пайдалану құжаттарына сәйкес өндіріс жабдықтарын пайдалану;

  • көтергіш-көліктер жабдықтарымен жүктердің араласуында дыбыстық және басқа да белгілерді қолдану;

  • көлік құралдары мен өндіріс жұмыстары орындарында жүктерді дұрыс тарату және жинау.

Арту-түсіру операция жұмыстары көбіне механикалық әдіспен көтергіш көліктердің жабдығы мен механизация құралдарын қолдану арқылы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет