23.3-сурет Боинг 747 ұшағы
Штаб-пәтері Тулуза қаласында орналасқан “Эрбас” фирмасы Еуропадағы аса ірі ұшақ жасайтын фирма болып табылады. Ол осы заманғы магистральдық азаматтық ұшақтардың әмбебап түрлерін шығарады. Қазақстанның әуе тасымалы рыногында “Эрбас” фирмасының А310 ұшақтарынан басқа, осы фирманың А320, А340 ұшақтары пайдаланылуда.
“Эрбас” фирмасының танымал ұшақтарының бірі – А310-200 жолаушылар тасымалдауға арналған және тек қосымша салмақ ретіндегі жүктер тасымалдай алады. Ұшақ 1985 жылдан бастап сериялы шығарылады. А310-200 ұшағымен жолаушыларды үшінші кластың салонында – 191 жолаушыны, екінші кластың салонында – 220 жолаушыны, экономикалық класта ең көбі – 280 жолаушыны тасымалдауға болады. Ұшақтың екі жүк бөлімінде 14-15 LD3 стандартты контейнерлерін немесе үш табандықты және LD3 6-7 контейнерін тасымалдауға болады. Жүк кабинасының өлшемдері: ұзындығы – 33,24 м, максимум ені – 5,28 м, максимум биіктігі – 2,33 м. Бортында 220 жолаушы және жүгі (жанармай резервімен қоса) бар ұшақтың ұшу қашықтығы – 6670 км. Бортында 220 жолаушы және 13,14 т жүгі бар ұшақтың ұшу қашықтығы – 4070 км.
А310-200 және -300 бірнеше ұшағы бірқатар елдердің Әскери-Әуе Күштерінде (Канада, ГФР, Франция және Таиланд) жоғарғы қызметтегі адамдарды тасымалдау үшін, сондай-ақ әскери көлік ретінде пайдаланылуда.1995 жылы А310-300 ұшағының біреуі MRTT тасымалдаушы жанармай құйғыш ұшаққа қайта жабдықталды. MRTT ұшағы әскери мақсаттағы әртүрлі жүктерді, сондай-ақ ұшу барысында бір-екі ұшаққа жанармай құюға арналған массасы 28 т қосымша жанармайды тасымалдай алады.
23.4-сурет. А310 ұшағы
Жүк тасымалдау үшін жабдықталып, арнайы құрастырылған жүк ұшақтары арнайы жүк тасымалын жүргізеді. Арнайы жабдықталған ұшақтар мен жүк тасымалдауды жүйелі жүк рейстері мен жалдамалы жүк рейстері атқарады.
“Боинг” фирмасы мамандарының бағалауынша, екінші мыңжылдықта әуе көлігімен тасымалданатын жүк көлемі жылына 7 %-ға дерлік өсетін болады. 2020 жылға қарай әлемде әуедегі жүк тасымалдау көлемі 2000 жылғы 150 млрд. ткм-мен салыстырғанда 500 млрд.ткм-ге жуықтайды. Осындай себепке байланысты 20 жыл ішінде 2000-нан астам жүк ұшақтарын жасап шығаруға тура келеді. 2015 жылға қарай жүк ұшақтарының жалпы саны 2261 ұшаққа дейін өседі. Оның үстіне, жүк әуе флотын ең алдымен жүк көтерімділігі 50 тоннадан асатын ұшақтар толықтырады. Осындай 600-ден астам ұшақ шығарылатын болады. Қазір бүкіл әлемде, жалпы алғанда, 1600-ден астам реактивті жүк ұшақтары пайдаланылуда. 2020 жылға қарай тағы 3100 жүк ұшағы қажет болады.
Қазіргі уақытта жүк ұшақтары әлемдік паркінің үштен екісі – тар фюзеляжды ұшақтар, негізінен жүк көтерімділігі 30 тоннаға дейінгі аз сыйымдылықты Боинг 727 және DC-8F үлгісіндегі ұшақтар. 2020 жылға қарай ең алдымен А300-600, Боинг 767 және 747 үлгісіндегі жүк көтерімділігі шамамен 45 тонна, орташа сыйымдылықты кең фюзеляжды жүк ұшақтары жиі кездесетін болады деп жорамалдануда. Боинг 747F – осы компанияның ең үлкен жүк ұшағы. Ол әрбір мильге жұмсалатын пайдалану шығындарын барынша азайта отырып, 124 тоннаға дейінгі жүкті 4400 миль қашықтыққа жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |