Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет66/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Курс лекции каз

23.5-сурет. Боинг 747F ұшағы

Ол 747-200 моделінен өзгеше, 26 тонна пайдалы жүкті қосымша тасымалдай алады. Жүк кабинасының өлшемдері: ұзындығы – 57 м, максимум ені – 6,13 м, максимум биіктігі – 2,54 м, көлемі – 2552 м . Ақылы жүк барынша тиелген және жанармай резерві бар Боинг 747F ұшағының ұшу қашықтығы – 7170 км.


“Эрбас” консорциумы А300-600R ұшағының негізінде алып жүк ұшағының өз нұсқасын – А300-600ST “Белуха” ұшағын жасап шығарды.



23.6-сурет. А300-600ST (“Белуха”) жүк ұшағы

Ұшақ “Эрбас Индастри” консорциумының жолаушылар ұшақтары үшін ірі габаритті конструкцияларды (фюзеляж секциялары, канат консольдары, тірек пен двигатель беттері) жасаушы зауыттардан Францияға, Коломбедегі (Тулуза қаласының маңы) құрастыру кешеніне тасымалдауға арналған. Ұшақтың бір ерекшелігі: фюзеляжының диаметрі үлкейтілген (7,7 м-ге дейін) және тұмсығындағы ауа мен суды ысырғыш (обтекатель) жоғары қарай ашылады. Ұшақтың кабинасында массасы 45 тоннаға дейінгі жүкті 2750 км қашықтыққа жеткізуге болады. Қазіргі уақытта А300-600ST екі ұшағы пайдаланылып келеді.


Алайда дүниеге келгенде Мрия (Арман) деген есімді иеленген кеңестік аса ауыр әмбебап АН-225 тасымалдаушы ұшағы – бұрынғысынша әлемдегі ең үлкен, әрі ең жүк көтерімді ұшақ болып отыр.
Ұшақтың толық ұшып көтерілу салмағы – 180 т, ал бортындағы жүктің максимум массасы – 40 т. Оған ұшып көтерілу үшін не бары ұзындығы 1 км ұшып көтерілу жолағы қажет болатыны, ал шоссиінің құрылысы төтенше жағдайларда тіпті жыртылған жерге де қонуға мүмкіндік беретіні – оның керемет ерекшелігі.
ИЛ-76 ұшағының орташа ұшу жылдамдығы сағатына 10 т жанармай шығынында – 680 км/сағ. Қазіргі уақытта ИЛ-76 ұшағының тозу пайызы көп емес – ұшу сағаты бойынша 34 %, қону бойынша – 34,5 %. Тіпті болжамданатын есептен шығару қарқыны бойынша, 2005 жылға қарай тек Ресейде 80-нен астам ұшақ қалады, бірақ бұл ұшақты есептен шығаруға ешкім айтарлықтай ұмтылып отырған жоқ – бәрі де оның ресурсын ұзартуға үміттенуде.
Ил-76 – бұл рампалы ұшақ. Батыста мұндай қосалқы кемелер әскери-көлік авиациясында ғана бар, оларды коммерциялық тасымалдауда пайдаланбайды. Іс жүзінде барлық көлемді жүктер мен жабдықтарды ИЛ-76-мен тасымалдайды. Пайдалану құжаты бойынша, ұшақта жүкті палеттерге салып та, ақтара төгіп те тасымалдауға болады. ИЛ-76 ұшағындағы табандықтарға барынша тиелетін “шоптық” жүк 35 т-дан аспайды (5 т-дан 7 паллета – алайда кейбір тасымалдаушылар 1 паллетаға 6 тоннаға дейін жүк тиеуге және ИЛ-76-ға осындай 8 паллета орналастыруға болады деп есептейді), максимум рұқсат етілген салмақ – 45-47 т.
Көптеген мемлекеттер үшін, мысалы, теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін және қымбат тұратын немесе тез бұзылатын тауарлары экспортының басты заттары болып табылатын мемлекеттер үшін әуе арқылы жүк тасымалдау ұлттық даму мен халықаралық сауда үшін айрықша маңызды болады.
Шұғыл, бағалы және тез бұзылатын жүкті алыс қашықтыққа әуе көлігімен тасымалдаудың пайдалы екені даусыз. Халықаралық қайта құру және дамыту банкінің бағалауынша, 1фунт (0,40951 кг) салмағының бағасы 10 АҚШ долларынан асатын жүкті әуе көлігімен тасымалдау экономикалық жағынан тиімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет