Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет4/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Курс лекции каз

Бағдарламаның мақсаты - студенттерге көлік түрлерінде тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару үрдісінің теориялық негізі, жүк және жолаушыларды тасымалдау технологиясы, жылжымалы құрамдарды тиімді қолдану, тасымалдауды басқарудың прогрессивті формалары және әдістері жайлы түсінік беру.
Аталған пән, тасымалдау үрдісін басқару бойынша бакалаврды дайындау жүйесінде негізгі болып табылады, ал басқа пәндер, қосымша ретінде жүргізіледі және осы кәсіптегі маманды дайындауда қолданбалы пәндер болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері: – жүк ағымдарын басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге, логистикалық принциптер мен көлік операцияларын зерттеу негізінде тасымалдау үрдісінің сұрақтарын шешуге; жолаушыларды тасымалдағанда, олардың талаптарын толығымен және сапалы қанағаттандыру сұрақтары жүйелі түрде шешуге; техникалық құралдарды тиімді қолдану бойынша есептерді шығаруға қажетті, көлік обьектілерінің жұмысын жақсарту мақсатында көлікте орындалатын жұмысқа талдау жүргізіп, бұдан негізделген қорытынды шығару.
Халық шаруашылығының күрделі саласында көлік жетекші роль атқарады, осы кезде практикалық түрде көліктің бірде-бір түрі көлік процесінің толық циклін өз бетінше қамтамасыз ете алмайды, сондықтан көлік құралдары өзара байланыста, жүктер мен адамдардың «есіктен есікке» жылжуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Көбінесе көлік түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерге жататындығына қарамастан көліктің барлық түрлері бір-біріне белгілі тәуелділікте болады және тасымалдау процесіне өзара әсер етеді. Көліктің барлық түрлерін белгілеу бірлігі, сондай-ақ олардың арасындағы өзара байланыс оларды белгілі бір аймақтың, мемлекеттің немесе мемлекет аралық білімнің тұтас көлік жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Теміржол көлігімен тасымалдау және оны ұйымдастыру қазіргі кез-келген көлік жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бөлімдердерді оқыту барысында белсенділік әдістемелер қолданылады. Материалдардың жоспарланған белгілі бөлімдері студенттердің өзіндік дайындығымен оқытылыды, студенттер жеке тапсырмалар алады. Пәнді оқыту барысында модульдік - рейтиндік жүйелері пайдаланылады және сабақ түрлерінің барлығы бақылауда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет