Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет2/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#174030
1   2   3   4   5

2.3-сурет. Станция схемасы


2001 және 2002-ші поездар арасындағы интервалы кезінде 2.4-суретте көрсетілген графикке сай бірнеше технологиялық операциялар орындалады.




Операциялар

Уақыт, мин.

1

2

3

2001-ші поездың келуін бақылау









Станциялар арасындағы поездың қозғалысының туралы хабарласуы









2002*-ші поездың жөнелту маршрутын дайындау









2001-ші поездының келуі мен шектік қадалар шегінде орналасуы және 2002-ші поездының маршрутының дайындығы туралы пост кезекшісінің баяндауы; 2002-ші поездға кіру және шығу сигналдарының ашықтығы туралы станция кезекшілерінің бұйрығы









2002-ші поездға кіру және шығу сигналдарын ашу








2002-ші поездың арақашықтығын жүріп өтуі

2002-ші поездын ДСП-ның күтуі











Интервалдың ұзақтығы








2.4-сурет. интервалын есептеу графигі



* 2001-ші поезды кіру бағыттамасын босатқан соң орындалады
и станция кезекшісі (бақылаудан кейін) көрші станция кезекшісіне 2002-ші поездың келгені туралы хабарлайды және 2001-ші поездын жөнелтуге рұқсат сұрайды. 2002-ші поезды тақ алқымын босата бере, бағыттама постының кезекшісі дереу 2001-ші поездына жөнелту маршрутын дайындайды. Берілген станция схемасында и станциясының пост кезекшісі бір бағыттаманы бұрады. Бұл операция 2002-ші поезды тоқтағанша орындалып болуы мүмкін, және ол операцияға кететін уақыт интервалды есептеу уақытына енгізілмейді. Бағыттама постының кезекшісі 2002-ші поездың келгені және оны станция шектік қадаларының шегінде орналастырылғаны, 2001-ші поездың маршруты дайындалғаны туралы баяндайды. Станция кезекшісі кіру және шығу сигналдарын ашуға тапсырма береді. Бұл мезетте 2001-ші поезды кіру сигналынан тежеу жолы т ұзындығынан жақын орналаспауы керек (2.3-суретте сипатталған). Lпр қашықтығын поездың жүріп өту уақыты жетек есептерімен анықталады. Бұл жағдайда берілген орташа жылдамдықты пайдалана отырып, бұл уақытты келесі формуламен анықтаймыз:

, (2.1)

мұнда: и станциясына келген 2001-ші поездың ортасынан станция осіне дейінгі арақашықтық, м ;



– поездың станцияға кіру орташа жылдамдығы, км/сағ.
и станциясына келген 2001-ші поездың ортасынан станция осіне дейінгі арақашықтық келесі формуламен анықталады:

, (2.2)

мұнда – кіру сигналынан айырым бекетінің осіне дейінгі арақашықтық, м;



– тежеу жолының ұзындығы, м;

– поездың ұзындығы, м;

– сигналдың өзгеруін машинистің қабылдап үлгерген уақытында поездың жүріп өтетін жолы, м;

Сонда:


м.

мин.
Операциялардың орындалу реті мен оларға кететін уақыт 2.4-суретте көрсетілген. ұзақтығы 3 минут.

Есеп 1. Дара жолды телім үшін айрылысу станция интервалын есептеу керек.

Берілген шарттар:

  • станция жартылай автоблокировкамен жабдықталған телімде орналасқан;

  • бағыттамалар қолмен іске қосылады;

  • поездың станцияға кіру орташа жылдамдығы Vкір= 50 км/сағ.

  • сигналдың өзгеруін машинистің қабылдап үлгенген уақытында поездың жүріп өтетін жолы lқ = 100 м,

  • тежеу жолының ұзындығы lт = 600 м,

  • кіру сигналынан айырым бекетінің осіне дейінгі ұзындық lкір = 600 м,

  • қабылдап-жөнелту жолдарының ұзындығы 1050 м.,

  • поездың ұзындығы 720 м.



Шешуі: Айрылысу станция интервалы 2.5-суретте көрсетілген.



2.5-сурет. Айрылысу интервалының схемасы




2.6-сурет. Поездардың орналасу схемасы


и станция кезекшісі 2002-ші поезды күтеді және оның станциядан толық күйде өтуін бақылайды, яғни поездың ақырғы вагонының жүріп өткенін көруі тиіс. ұзындығын поездың жүріп өту уақыты (станция осінен поездың орта тұсы мен соңы жүріп өткен уақыттар арасындағы мерзім)

(2.3)

Онда:


мин.
Станция кезекшісі көрші станция кезекшісіне 2002-ші поездың жүріп өткені туралы хабарлайды және 2001-ші поезды көрші станция жөнелтуге рұқсат сұрайды.


Операциялар

Уақыт, мин.

1

2

2002-ші поездың келуін бақылау






Станция ДСП-ның арасыда поездардың жүрісі туралы сөйлесуі






2001*-ші поездға жөнелту маршрутын дайындау






Бағыттама постының кезекшісінің 2001-ші поезды жөнелтуге маршрутының дайындығы туралы баяндама және станция кезекшісінің шығу сигналын ашуға бұйрық беруі






Шығу сигналын ашу







Машинстің шығу сигналын қабылдауы, поездың жөнелгені туралы сигнал беруі және қозғалуы







Интервалдың ұзақтығы






2.7-сурет. есептеу графигі

* 2002-ші поезды кіру бағыттамасын босатқан соң орындалады
2001-ші поезды жөнелту маршруты 2002-ші поезды кіру бағыттамасын босатқан соң дереу дайындалады және ол операцияға кететін уақыт интервалдың есептеуіне енгізілмейді. Бағыттама постының кезекшісі маршруттың дайындығы туралы баяндамасынан кейін, станция кезекшісі шығу сигналдарын ашуын бұйырады. Сигналды қабылдаған машинист поезды қозғалысқа келтіреді. Операциялардың орындалу реті мен оларға кететін уақыт 2.7 суретте көрсетілген. ұзақтығы 2 минут

Есеп 2. (1-ші разряды жұп саны үшін): Автоблокировка кезінде және жасыл шамға жүрген пакеттегі поездар арасындағы интервалдарды анықтау. Блок-телімнің ұзындығы сәйкесінше 1600, 2200 және 2500 м., поездың ұзындығы 900 м., поездардың орташа жүріс жылдамдығы 50 км/сағ.

Есеп 3. (1-ші разряды тақ саны үшін): Телім а-б жартылай автоблокировкамен жабдықталған және екі блок-пост арқылы постаралық телімдерге бөлінген. Екпіндеу мен баяулау уақыттары сәйкесінше 2 және 1 минут. Семафор осінен тосқауылдатылған жапсырмаға (изолированный стык) дейін кепілденген арақашықтық z=100м, поезд оны жүріп өту уақыты 0,15 мин. Поезд ұзындығына lп тең қашықтықты жүріп өту уақыты 1 мин. Бірінші және екінші блок-посттардың өтпелі семафорларының алдындағы тежеу жолының ұзындығы lт сәйкесінше 600 және 7009 м, оларды жүріп өту үшін сәйкесінше 0,8 және 1 минут кетеді. Егер а және б станцияларында поездар аялдап өтсе, жалпы станция арасындағы телімді жүріп өткенде пакеттегі бағыттас жұп поездардың арасындағы есептік интервалдарды есептеу керек.
3-тапсырма. Темір жол телімінің өткізгіштік қабілеті
Дара жолды телiмiнiң өткiзу қабiлетiн анықтау керек.

Берiлген шарттар:

  • телім автоблокировкамен жабдықталған; телiмдi шектейтiн станцияларда бағыттамалар электрленген орталықпен жабдықталған;

  • жұп бағыттағы поездардың телiмдi жүрiп өту уақыты 18 мин (А станциясынан а разъездiне дейiн), ал тақ бағытта 16 мин;

  • А станциясында барлық поездар локомотив бригадасын ауыстыру мақсатында аялдайды. Поездар а разъездiнде айырылысу кезiнде жұп поездары тоқтаусыз өткiзiледi; станциялық айрылысу интервалы мин;

  • поездардың а-да баяулау және үдету уақыты мин; ал А-да мин, мин;

  • техникалық құрылғыларға күту жұмыстарын жүргiзу технологиялық «үзіліс» мин;

  • сенiмдiлiк коэффициентi .

Пакетсiз парлы графиктiң периодының схемасы 3.1-суретте көрсетiлген. А — а дара жолды телiмiнiң өткiзу қабiлетiн анықтау керек.

Шешуi: Т график перодында, жүру уақытынан басқа айрылысу станциялық интервалы (А станциясы мен а разъездiнде), жұп поездының А станциясынан, тақ поездының а разъездiнен жөнелтiлуi кезiнде поездың үдету уақыты және А станциясынан тақ поезды қабылдау кезiндегi олардың баяулау уақыты .

3.1-сурет. А— а телiмiнiң парлы графиктiң периоды

График периоды:

мин.

Сонда А — а дара жолды телiмiнiң өткiзу қабiлетi



пар поезд.
Есеп 1. Қос жолды а б телiмi автоблокировкамен жабдықталған. Екi бағытта да пакеттi поездардың арасындағы интервал мин. Технологиялық «үзіліс» ұзақтығы tтex=120 мин. Сенiмдiлiк ко­эффициентi .

Қос жолды а б телiмiнiң өткiзу қабiлетiн анықтау керек.




3.2-сурет. Қос жолды пакеттi поездар жүрiс графигi
Шешуi: Графиктiң период пакеттегi поездар арасындағы интервалға тең. Әр бағыттың өткiзгiш қабiлеттi:

поезд.

Есеп 2. (1-ші разряды жұп саны үшін): Дара жолды телімнің тасымалдау қабілетін есептеу. Басым бағыт - тақ бағыт, парсыздық коэффициенті , телімді поездың жүріп өту уақыты жұп бағытта 20 минут, ал тақ бағытта 16 минут, екпіндеу мен баяулату уақыттары, сәйкесінше уақыты 2 және 1 минут, а және б станцияларында тақ бағыттар тоқтаусыз өткізіледі, әр мезетте келу интервалы 3 минут, айрылысу интервалы 1 минут, технологиялық «үзіліс» ұзақтығы 60 минут, сенімділік коэффициенті .

Есеп 3. (1-ші разряды тақ саны үшін): Дара жолды телімнің тасымалдау қабілетін есептеу. Басым бағыт - тақ бағыт, парсыздық коэффициенті , телімді поездың жүріп өту уақыты жұп бағытта 20 минут, ал тақ бағытта 16 минут, екпіндеу мен баяулату уақыттары, сәйкесінше уақыты 2 және 1 минут, а және б станцияларында тақ бағыттар тоқтаусыз өткізіледі, әр мезетте келу интервалы минут, айрылысу интервалы минут, минут, технологиялық «үзіліс» ұзақтығы 60 минут, сенімділік коэффициенті

4-тапсырма. Темiр жол телiмдерiнiң тасымалдау қабiлетi


Дара жолды телімнің нақты өткізу қабілеті жүк қозғалысы үшін 20 пар поезды құрайды. Поездың орташа брутто салмағы т. Құрамның нетто мен брутто салмақтарының қатынасы . Тасымалдаудың айлық біркелкісіздік коэффициенті . Жедел және құрама поездармен жылына млн.т. жүк тасымалданады. Телімнің тасымалдау қабілетін анықтау керек.

Шешуі: Әр бағыттың тасымалдау қабілеті

млн.т. нетто жылына,

мұнда: - тәулігіне жедел және құрама поездар санын есептемегенде телімнен тасымалдауға болатын максималды жүк поездарының саны.

Сонда

млн.т. нетто жылына.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет