Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Модуль №2: Жол қозғалысын ұйымдастыру



бет3/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#174030
1   2   3   4   5
    Бұл бет үшін навигация:
  • 60 мин.

Модуль №2: Жол қозғалысын ұйымдастыру


5-тапсырма. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы

5.1-сурет. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы


Құжаттық зерттеу. Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады. Осылайша, ұсынылып отырған ірі құрылыс аймағындағы күтілген көлік ағындары туралы жеткілікті зерттелген мағлұматтар сәйкес келетін ұйымдардағы жобалық және жоспарлық материалдарды оқып-үйрену негізінде құрастырылуы мүмкін. Өзге мысал ретінде сәйкес келетін көлік кәсіпорнында алынуы мүмкін бағытжолдың жолаушы көлігінің жұмысын сипаттайтын құжаттардың талдамасын алуға болады. Олар негізінде тікелей бақылауларды жүргізбей-ақ, жылжымалы тізбектің тәуліктің әртүрлі кезеңдеріндегі қозғалыс сипаттамасын құрастыруға болады.

Сұрақнаманы толтыру кезінде барлық жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларды үш топтарға бөлу ұсынылады:



Жүктерді тасымалдау қашықтығы іс жүзіндегі көше-жол тораптарына сәйкес келетін фактілік бағытжолдар бойынша анықталады. Сұрақтамалық зерттеуді, сонымен қатар жүргізушілердің қозғалысты ұйымдастырудағы немесе жол жағдайларындағы кемшіліктер туралы ескертулерін жалпыламалау үшін де пайдалануға болады.

Камералық зерттеулердің маңызды бөлімін (тарауы) қозғалыс өлшемдерінің өсуі мен автомобильдер паркінің өзара құрылымдастығы туралы ғылыми болжамға негізделген. Жол-көлік оқиғасының жол полиция ақпаратындағы есепке алу картотекасын дәйекті зерттеу олардың жан-жақты талдамасын орындауға және жол-көлік оқиғасының пайда болуына әкеп соққан себептер мен себепкерлерді жалпыламалауға мүмкіндік береді.

Қолда бар жобалық құжаттамаларды көше-жол тораптарында талдау қозғалысты ұйымдастыру шешімдерді өңдеп шығаруға қажетті жол сипаттамаларын (жалпы енін, жолақтар санын, бұрылулар радиусын және т.с.с) алдын-ала дайындап шығаруға мүмкіндік береді.

Шынайы зерттеулер уақыттың берілген кезеңінде факт жүзінде өтетін жол қозғалысының нақты жағдайларын және көрсеткіштерін тіркеуге негізделген. Әдістердің бұл тобы қазіргі уақытта кең таралған және өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шынайы зерттеулер жолдардың күйі туралы нақты ақпараттарды алудың жалғыз (бірыңғай) әдісі болып табылады және іс жүзіндегі көлік және жүргізушілер ағындарының дәл сипаттамасын беруге мүмкіндік етеді.

Жол қозғалысы сипаттамаларының шынайы зерттеулері ақпаратты алу әдісінен және алынған ақпараттың сипатынан тәуелді екі топқа бөлінуі мүмкін:



  • көптеген сипаттамаларды және олардың уақыты бойынша өзгерулерін алуға мүмкіндік беретін стационарлық кедендерде зерттеу;

  • жол қозғалысының алуан түрлі себепкерлерінің кеңістіктің және кеңістікті-уақыттың сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу.

Екінші топқа жататын зерттеулерді көбінесе автомобиль-зертхананың немесе ағында “жүзетін” автомобильдің көмегімен жүзеге асырады. Барлық шынайы зерттеулер үшін жалпы шарт жол-көше торабының зерттелетін нүктесінде бақылаушының қатысуы қажеттілігі болып табылады. Жол қозғалысының нақты зерттеулері белсенді немесе енжарлы әдістермен жүргізіледі.

Көлік ағындарын стационарлық посттарды зерттеу. Бақылаудың стационарлық кедені көлік ағынының құрамы, қарқындылығы, көлік құралының лездік жылдамдығы мен кідірістері туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Нұсқалған ақпаратты қарапайым техникалық құралдардың (секунд өлшеуіштің, бірліктерді механикалық есептегіштің) көмегімен жай көзбен бақылау арқылы, сондай-ақ автоматтық тіркеу құралдарын қолдана отырып алуға болады.

Көлік ағындарын жылжымалы құралдармен зерттеу. Қозғалысты стационарлық кеденде зерттеу кезінде алынған ақпарат тек жолдың берілген нүктесіне (қимасына) ғана жатқызылады. Көше-жол торабындағы қозғалыс тәртіптерінің кеңістікті – уақыттық сипаттамаларын алу үшін жылжымалы құралдар – жылжымалы зертханалар, тікұшақтар және т.с.с. қолданылады. “Жүзу” автомобильдің, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі массасына тән жылдамдықпен қозғалатын автомобильдің көмегімен зерттеу әдістері кең таралған. Бұл әдісті пайдалану мысалы жылдамдықтың кеңістіктік сипаттамасын бүкіл жол торабының бойына зерттеу болып табылады. Автомобиль-зертханамен басып озылған және автомобиль-зертхананы басып озған автомобильдердің шашлық теңдігін қозғалыс тәртібі дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде қарастыруға болады.

Қозғалысты модельдеу. Қозғалыс барысын физикалық немесе математикалық әдістерімен, мысалы ЭЕМ-ның көмегімен жасанды үндемей өндіруге негізделген физикалық моделдеудің қарапайым мысалы ретінде әртүрлі көлік құралының ептілік және аялдау мүмкіндерін тексеру әдісін алуға болады.

Көлік құралдарының математикалық жазбасына негізделген матема-тикалық модельдеу (есептеу тәжірибесі) кеңінен таралған. Шынайы тәжірибе нәтижелерін зерттеу бернелік қатынастарды және теориялық үлестірулерді алуға мүмкіндік береді, осылардан шыға отырып математикалық модельдерді тұрғызады.

Зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттері жүргізілетін зеттеу жұмыстарының мақсаттарына және масштабтарына және олардың аспаптық жарақтау мүмкіндіктерінен тәуелді болады.

Әрбір зерттеу ережесі бойынша, 4 негізгі кезеңдерден тұрады:



  • 1-ші кезең: бағдарлама жобасын және зерттеулер әдістемесін өңдеп шығару;

  • 2-ші кезең: зерттеулерді дайындау (әзірлеу);

  • 3-ші кезең: зерттеулерді тікелей жүргізу;

  • 4-ші кезең: алынған нәтижелерді өңдеу және есеп беру жазбасын құрастыру.

5-тапсырма. Жолдың тасымалдау қабiлетiн анықтау


Жолдың тасымалдау қабілетін есептеу үшін бастапқы мағлұматтар телімнің қарқындылығын есептеу зертханалық жұмыстарынан алынады. Телiмдегi жолақтың өткiзу қабiлетiн Рж есептеу үшiн автомобиль қозғалысының колонналық қозғалыс жағдайынан бастаймыз, яғни ағынның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алатып жылдамдықты ұстанған ең аз дистанциялық қозғалысты аламыз.

Егер LД-динамикалық габаритiн анықтаудың [4]-сәйкес 3-шi талабына сай алатын болсақ, онда қауiпсiздiк дистанциясы . Егер жүргiзушiнiң жағдайды қабылдау уақыты 1 с деп алсақ, ал құрғақ асфальт-бетонды төсемде бiр типтi жеңiл автомобильдерiнiң экстерндық тежеуі кезiнде максималды тежеу айырмашылығы 2 м/с2 (тежеу жүйесiн пайдалану күйiне қажеттi нормада), онда ди­намикалық габарит



(6.1)

ВАСД зерттеу жүйесiнiң қазiргi таңдағы мәлiметтерiне жүгiнсек онда, жоғарыда айтылған тәсiл тек шектеулi, ең бастысы құрамы мен жылдамдығы шектеулi көлiк ағыны үшiн тиiмдi. Сонда



(6.2)

мұнда: - автомобильдің қозғалыс жылдамдығы, км/сағ.


(6.1) формуласын [4] ескере отырып, үзiлмейтiн типтiк жеңiл автомобильдер үшiн (6.2) формуланы анықтасақ онда, Рж = 1960 авт/сағ, жылдамдық бұл жерде шамамен va = 55 км/сағ.

Бұндай колонналардың тығыз қозғалысы кезiнде жүргiзушiнiң пси­хофизиологиялық күйiне байланысты қауiпсiз қозғалыс тек шектеулi жылдамдықты сақтаған кезде қамтамасыздандырылады. Жеңiл автомобильдiң жылдамдығы шамамен 80 км/сағ болған жағдайда, жүргiзушiнiң жағдайды қабылдау уақыты едәуiр ұзарады (шамамен 2 с. дейiн). Сонымен қатар тежеу жүйесiнiң жарамсыздығына байланысты, шиналардың пайдалану күйiнiң әр түрлiлiгiне байланысты (егер сцепление коэффициентi сағат болса да) автомобиль дереу тежеген кезде автомобильдiң бiрқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтауына кепiлдiк жоқ. Сондықтан (6.1) формула жылдамдығы 80 км/сағ-тан аспайтын қозғалыс үшiн ұсынылады.

Көрсетілген есеп көбіне колонналы жеңіл автомобильдердің жай қалыпты жылдамдықпен жүргендегі жолдың өткізу қабілетін анықтауға арналған үлгі ретінде қарастыруға болады.

Аралас ағын үшін алдында айтылған келтіру коэффициентін қолдану арқылы шығарылуы тиіс.

(6.1) формуланың нәтижелерi жылдамдықтары шектелген жол қозғалысының нақты жағдайларына сай келетiне тәжiрибелiк түрде расталады. Осының негiзiнде қауiпсiз жол қозғалысы туралы көптеген басылымдарда, келесi ұсыныстар айтылады – қауiпсiз дистанциясы (метр) шамамен жылдамдық шамасының орташа мәніне (километр/сағат) тең болуы тиiс.

Айта кететiн жағдай, егер формулаға жылдамдық шамасының жартылай мәнiн динамикалық габарит мәнiне (метр) қойсақ, онда Рж-ның мәнi шамамен 2000 авт/сағ-қа тең болады. Нақты жолдың өткiзу қабiлетiн есептеу кезiнде пайдалану жағдайын ескеретiн, түзету коэффициенттер жүйесiн пайдалануға болады. Бұндай тәсiлдi америка мамандары пайдаланады.

Бұл тәсілмен есептеу үшін формула келесі түрде болады:

(6.3)

мұнда — жақсы жағдайдағы есептік тасымалдау қабілеті (теориялық);



— жол жағдайын ескеру коэффициенттері (қозғалыс жолағының ені, автомобиль ағынының құрамы, еңістің шамасы мен ұзындығы, қиылыстың болуы және т.б.)
Келтіру коэффициенттерінің мәндері келесідей: Кл=1,0; Кг=2,5; Ка=3,0; Ка-п=4,5.
6.1-кесте

Бағыттар бойыша көлік ағындарының құрамы (форма 1)



Көлік құралының типі

Бірінші бағыт

%

Екінші бағыт

%

Барлығы

%

Жеңіл

180

40,0

220

45,8

400

43,0

Жүк

120

26,6

110

22,9

230

24,7

Автобустар

100

22,2

120

25,0

220

23,7

Автопоездар

50

11,2

30

6,3

80

8,6

Барлығы:

450

100

480

100

930

100

6.2-кесте

Бақылау ұзақтығына байланысты қозғалыстың сағаттық қарқындылығының шамасы


Бақылау интервалы

Бірінші бағыт

Екінші бағыт

15 мин.

455

483

30 мин.

426

475

45 мин.

469

482
60 мин.

437

456
Орташа қарқындылық

450

480

7-тапсырма. Тиiмдiлiк коэффициентiн пайдалану арқылы шараларды бағалау


Берілген шарттар: Облыстағы авариялық жағдаулардан ауыл-шаруашылық шығындарын болдармау шараларын жүргiзу үшiн 1,5 млн. тенге бөлiнген.

ЖКО қорытындысына байланысты бұл жабдық келесi түрде бөлiнедi мың т:



  • бағдаршамдарды орналастыру 150

  • жаяу жүргiншiлер жолағын қоршау – 50

  • «қалта» тәрiздi автобус аялдамаларын салу – 240

  • жерасты жаяу жолаушылар өтпесiн салу – 510

  • жаяу жүргiншiлер жолын, тратуарлар салу – 550

Шараларды жүргiзу уақыты 3 жыл. әр жылға қаржы бiртектi бөлiнедi.

Ауыл-шаруашылық шығындарының азаю шамасын анықтау керек.


Шешуi: Ауыл-шаруашылық шығындарының азаюын () бағалау мәселесi тұрғандықтан

(7.1)

мұнда - тиiмдiлiк коэффициентi (2.3-кесте [4]); - шараларға кеткен шығындар, мың тенге; Т — құрылыс жүргiзу уақыты, жыл.

Келесi шаралар бойынша ауыл-шаруашылық шығындарының азаю шамасын анықтаймыз:

Бағдаршамдарды орналастыру 1= 2,69*150 000/3 = 134 500 т;

Жаяу жүргiншiлер жолағын қоршау 2= 4,1*50000/3 = 68 333 т;

«Қалта» тәрiздi автобус аялдамаларын салу ΔС3 = 0,37*240 000:3 = 29 600 т;

Жерасты жаяу жолаушылар өтпесiн салу ΔС4 = 0,18*510000 : 3 = 30 600 т;

Жаяу жүргiншiлер жолын, тратуарлар салу ΔС5 =8,76 • 550 000 : 3 = 1 606 000 т.


2. Барлық шаралар бойынша орташа жылдық шығындардың азаюын анықтаумыз:
ΔС=ΔС1+ΔС2+ΔСз + ΔС4 + ΔС5= 134 600+168 333+29 600 + 30 600 + + 1 608 000= 1 869 033 т.

Тапсырманы шешуге қажетті берілген шарттар:

Шараларға бөлінген құралдар, мың т; SMt

Шифрдың екінші разрядының саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Бағдаршамдарды орналастыру ДС1

150

000


120

000


140

000


135

000


100

000


145

000


160

000


130

000


125

000


жаяу жүргiншiлер жолағы ДС2

60

000


55

000


70

000


50

000


45

000


65

000


75

000


40

000


80

000


«Қалта» тәрiздi автобус аялдамаларын салу ДС3

230

000


200

000


180

000


250

000


190

000


210

000


260

000


300

000


220

000


Жерасты жаяу жолаушылар өтпесiн салу ДС4

500

000


700

000


450

000


600

000


610

000


710

000


540

000


750

000


400

000


Жаяу жүргiншiлер жолын, тратуарлар салу ДС5

650

000


850

000


450

000


900

000


750

000


600

000


800

000


610

000


520

000


Шараларды өткізу мерзімі 2 жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет