Мұнаралы крандардың мұнаралары Мұнараны астынан тұтастырғанда қосылатын бөлік оның астыңғы жағына бекітіледі, одан кейін мұнара жебесімен, тең салмақ консолімен және кернегіштерімен қоса тірек бөлімінен итеріліп шығаралады да, оған бекітіледі. Мұнараны итеру әртүрлі крандарда әрқалай: арқанды полиспастар жүйесі, бұрамалы, гидравликалық, төрткілдешті және шынжырлы механизмдердің көмегімен жасалады.
Мұнараны үстінен тұтастыру жоғары биіктікті (80...150 м) және мұнарасы бұрылмайтын крандарда қолданылады. Мұнда кранның тек жоғарғы бөлігі жебесімен және тең салмақ консолімен қоса итеріп шығарылады, ал мұнараның алдында құрылған бөліктері орнынан қозғалмайды. Пайда болған қуысқа жекеленген бөліктер енгізіліп, бекітіледі. Кейбір крандарда қосымша бөліктерді мұнараның үстіңгі жағына өзінің жебесінің көмегімен орналастырады. Бөліктен мұнараны мезгіл-мезгіл биіктетіп отыру ыңғайлы, себебі ғимаратты немесе ғимаратты сала келе, кранның да биіктігі өседі және машинистің кабинасы жинақталатын жерге жақын орналасады.
Тірек бөлігі Мұнаралы кранның тірек бөлігі мұнара типіне (бұрылмалы немесе бұрылмайтын), жүру құрылғысына қарай (рельс бойымен немесе басқаша), салынып жатқан ғимарат маңында жылжу мүмкіншілігіне қарай (тұрақты және өзі көтерілетін) әртүрлі құрылымдық шешіммен жасалады. Рельсті жүрісті мұнаралы кранның тірек бөлігі кранға әсер етуші барлық жүктемені қабылдап, жүріс доңғалақтары арқылы кран астындағы жолға береді. Рельске тірелу нүктелерінің санына қарай тірек бөлігі үш және төрт тіректі болады. Құрылымына қарай олар әртүрлі пішінді: жазық қаңқа, итарқа немесе тікбұрышты пішінді портал тәрізді. Құрылымын өзгерту мүмкіншілігіне қарай тірек бөлігі үстінен қарағанда (планында) өзгер-тілмейтін және суырмалы немесе кронштейндер арқылы бұрылмалы болып бөлінеді.
Тұрғылықты крандардың тірек бөлігі - қаңқалы құрылым, олар дара құйылған немесе темірбетоннан жинақталған іргетастың анкер болттарына бекітіледі де, қосымша балластпен жүктеледі. Өздігінен көтерілетін крандар жұмыс күйінде қабат аралық жабынға қойылған жазық қаңқаға тіреледі және қосымша салынып жатқан ғимараттың қабаттар аралығындағы бір немесе екі ярусқа бекітіледі.