Тасымалдаушы, жүккөтергіш машиналар


Крандардағы қауіпсіз жұмыстарға арналған құралдар



бет5/6
Дата09.12.2022
өлшемі199.85 Kb.
#466960
1   2   3   4   5   6
Турехан Ғалымжан ТиГМ курсовой

1.1. Крандардағы қауіпсіз жұмыстарға арналған құралдар

Жұмыс барысында барлық жүккөтергіш крандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету аспаптарымен, қондырғыларымен жəне сигнализациялау құралдарымен жабдықталуы тиіс. Оларға жататындар: автоматты тоқтау механизмдеріне арналған ажыратқыш қондырғылар; артық салмақтан жебелердің шығуын (тез жүрісін) тоқтату немесе жүк көтеру механизмін ажырату; крандардың жүккөтергіштігін шектегіштер; кранға еңкіштігін жəне жүккөтергіштігін көрсету.


Кранға қауіпті жел жүктеменің (күшінің) жақындағанына жабдықталған сигнал беретін қондырғыларымен жел күші мен жылдамдығын тіркеуші анемометрлер; қауіпті кернеу сигнализаторлары; қауіпсіздік жөнінде жұмыс істейтіндерге алдын ала ескертуге арналған дыбыстық жəне жарық сигнализациясы.
Жүккөтергіш кранға орнатылған сигнализациялау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қондырғылар мен аспаптар өздерінің əр түрлігімен қозғалту принциптері бойынша жəне конструкциялық орындалуы бойынша ерекшеленеді.


Ажыратқыш қондырғылар
Ажыратушы қондырғылар белгілі жағдайда (орнында) соңғы сөндіргішке əсер етуші иінтірек жүйесін құрап, қажет орынға орналастырады. Олардың міндеті бойынша қозғалтудың ажыратқыш қондырғыларына (2 а-сурет), жебенің ұзарып шығуына (2 ə-сурет) көтеру биіктігіне (2 в-сурет) жəне бұрылуына (2 г-сурет) бөлуге болады.
Жүккөтергіш кранға орнатылған сигнализациялау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қондырғылар мен аспаптар өздерінің əр түрлігімен қозғалту (əрекет ету) принциптері бойынша жəне конструкциялық орындалуы бойынша ерекшеленеді.
Қозғалтудың ажыратқыш қондырғылары жүріс арбасы немесе кранға бекітілген соңғы сөндіргіштерінен жəне кран астына орнатылған ажыратқыш сызғыштарынан (тіректерінен) тұрады. Кранның қозғалту барысындағы (2 а-сурет) сызғышы 2 соңғы сөндіргіш иінтірегіне 1 əсер етеді, соның салдарынан сөндіргіш контактісі электр энергиясын ажыратады.
Жебенің ұзарып шығуының ажыратқыш қондырғылары, крандарға көтергіш жебесімен орнатылады. (2 ə-сурет) жебенің 3 көтеру барысында тіректі 4 соңғы сөндіргіш 1 штогіне басып, сол контакт ажыратылып, жебенің көтеру механизмі тоқтатылады.
Ілгектің көтеру биіктігінің ажыратқыш қондырғылары (2 в-сурет) соңғы жоғары көтеру жеріне жүкті көтеру барысында ілгекті 5 іске қосылып, осыдан оған орнатылған тірегі соңғы сөндіргіштің жүкшемесіне 6 əсер етіп, жүк лебедкасының электрқозғалтқышын басқару контактсын 7 ажыратылады.

2-сурет. Ажыратқыш қондырғылар: а – қозғалту (жылжыту), ə – жебенің ұзарып шығуы, в – көтеру биіктігі, г – бұрылу механизмі 1 – соңғы сөндіргіш; 2 – линейка (сызғыш); 3 – жебе; 4 – тірек; 5 – ілгекті ілме; 6 – жүкше; 7 – соңғы сөндіргіш контактісі; 8 – кранның бұрылыстық бөлігі; 9 – айыр (қос тілі); 10 – кранның бұрылмайтын бөлігі

Кран бұрылуының ажыратқыш қондырғылары кранның бұралатын 8 бөлігіне орнатылған соңғы сөндіргіштен 1 жəне кран ның бұрылмайтын 10 бөлігіне топсамен бекітілген айырдан 9 (қос тілден) тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет