Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс



бет216/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс:

  • берілген тапсырманың шығармашылық тұрғыдан қызықты болуы, жан-жақты ізденіс әрекетін талап етуі;

  • күтілетін нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық құндылығының жоғары болуы;

  • жоба (жеке, жұптық, топтық) міндетті түрде өзіндік орындалатын іс-әрекет болуы керек;

  • жобаның мазмұнының нәтижелерге жету кезеңдері бойынша құрылымдануы;

  • зерттеу әдістерінің қолданылуы: зерттеу проблемасын, мін-деттерін, болжамын анықтау, жинақталған мәліметтерді талдау, ста-тистикалық әдістерді қолдану;

  • жоба тапсырмасын орындауда пәнаралық байланыс негізінде білім интеграциясының болуы ;

  • орындалған жоба нәтижесінің қорытынды формасының мате-риалдық сипатта өткізілуі: бейнефильм, альбом, презентация,сайт, мақала, т.с.с.;

  • жобаның көпшілік алдында талқылануы, қорғалуы, құнды-лығының дәлелденуі.

Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі:

  • жоба мәселесін шешу барысында оқушы түрлі әдебиет көз-дерін өзі іздестіріп, өз білімін оқулықтан тыс материалдармен толық-тырады;

  • теориялық білімнің практикалық қолданысын іздестіруге машықтанады;

  • жұптық немесе топтық ізденіс жұмыс барысында комму-никативтік іскерліктерін дамытады;

  • мектеп жасынан ғылыми-ізденушілік іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады;

  • сыни ойлау, жүйелі ойлау, логикалық ойлауын дамытады;

  • белгіленген мерзімге дейін жобаны орындау кезеңдеріне қажетті уақытты өздері белгілеп, тайм-менеджмент негіздерімен танысады.

  1. Оқытудың ақпараттық және коммуникативтік техно-логиялары. Қазіргі ақпараттық қоғамда оқыту үдерісін ақпараттық-коммуниткативтік технологияларынсыз көз алдына елестету мүмкін емес. Интернет желісі пайда болғаннан бастап ақпараттық-коммуника-тивтік технологиялар тек оқыту құралы емес, сонымен қатар әлемдік масштабтағы қарым-қатынас алаңына айналып, олардың тұлға сана-сына, оның дүниетанымына және жалпы тәрбиесіне әсері ерекше сезі-ле бастады. Кез келген ақпараттың қолжетімділігі әр тұлғаның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануына зор ықпал тигізуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет