қарым-қатынасжағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);
өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу т.б.);
тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар дәрісханасындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);
мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады:
сабақты не іс-шараны өткізуге дайындалу үдерісінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы (жоспар құру, қарым-қатынастың моделін құру).
қарым-қатынасты тікелейұйымдастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).
қарым-қатынастыбасқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жетектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру, қарым-қатынасқа бөгет болып тұрған психологиялық кедергілерді азайту).
қарым-қатынастың барысын жәненәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тиімділік деңгейін анықтау).
Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес, сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек.