Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет33/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Педагогикалық шеберлік – қоғамның мәдени-әлеуметтік құндылықтарын жақсы түсінудегі тұлғаның рухани-адамгершілік, интел-лектуалдық даярлығы, сонымен қатар, кәсіби іс-әрекетте өзінің білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдануға теориялық және практикалық даярлығын көрстетін қасиеттері.

Қоғамның мәдени-әлеуметтік құндылықтарын жақсы түсіну; шығармашылық білім, білік, дағдылар. (Подласый И.П.)

Қарастырылып отырған түрлі анықтамаларды салыстыру барысында, әр зерттеушінің педагогикалық шеберліктің бір қырына басымырақ назар аударғаны байқалады. Әрине, педагогикалық шеберліктің жылдан жылға ауқымы кеңейіп бара жатқаны түсінікті, себебі педагогикалық іс-әрекет мазмұны күрделеніп барады. Қазіргі таңда педагогикалық парадигманың өзі үлкен өзгерістерге ұшырау үстінде. Дегенмен, барлық тұжырымдардың ортақ идеяларын шығаруға болады:



  • педагогикалық шеберлік мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсетеді;

  • педагогикалық шеберлік арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықты қажет етеді;

  • педагогикалық шеберлік педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алудан байқалады;

  • педагогикалық шеберлік мазмұны кең, ол бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады.

Сонымен шебер-педагог деп өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін жақсы сезінетін, ұлт болашағына алаңдайтын, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудің тиімді де ұтымды әдістерін өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана алатын, рухани-адамгершілік қасиеттері жоғары, парасат пайымы зор тұлға.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Индвид», «даралық», «жеке тұлға» ұғымдарының айырмашылықтары неде?

  2. Жеке тұлға құрылымының иерархиялық деңгейлері қандай?

  3. Ұстаз беделі қандай компоненттерден құралады?

  4. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері қалай сипатталады?

  5. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін құрайтын іскерліктердің қайсысы өз бойыңызда жақсы дамыған деп ойлайсыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет