Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет3/33
Дата14.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#483222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
annotation18047

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Когнитивтік лингвистика – адамның қоршаған орта, әлем тұрғысындағы білімінің, жалпы ақпараттардың санада қабылдануы, өңделуі және сақталуы механизмдерін табиғи тілдік деректерді зерттеу арқылы анықтау мақсатын көздейтін тіл білімінің бағыты. К.л.-ның зерттеуі бойынша тілдік деректер адам миының ақпараттарды қабылдауға және өңдеуге байланысты жұмыс істеу механизмін түсінуде өзіндік үлесін қоса алады. Бұл тұрғыда тіл көмегімен ақпараттарды жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдері өзге тілді меңгеру, машиналық аударма, ақпараттарды автоматты іздестіру сияқты қолданбалы лингвистика міндеттері шешімінде маңызды болып табылады.

  2. Модуль – бұл тілдегі жүйелі қатынастарды білдіру бірлігі. Демек, М., біріншіден, ұғымдық концептілер мен тілдік білімнің менталды репрезентация жүйесін таныту бірлігі; екіншіден, репрезентацияланатын ақпараттың сатылы өңделуі мен оның практикалық тұрғыдан қолданылуын қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығын таныту бірлігі; үшіншіден, коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруға бағытталған технологиялық процестерді тілді үйренушіде ұйымдастыру бірлігі бола алады. М-ге тән басты қасиеттер – олардың дербестілігі (автономность), мамандандырылуы және әмбебаптығы. Бір модульдер организмге көрсеткен сыртқы әсерлер туралы ақпаратты репрезентациялап, оны өңдеу және сақтау қызметін атқарады. Ықпал, сыртқы әсер тілдік білім мен ұғымдық жүйе деңгейінде жүзеге асады. Бұған әлем, әрекеттер мен түрлі күйлер туралы білімдердің концептуалдануы енеді. Басқа модульдер алынған ақпаратты өңдеп, оны практикалық немесе аналитикалық қызметте қолдануды қамтамасыз етеді.

  3. Тілдік сана – сана мен тілдің қатысында қоршаған орта тұрғысында қалыптасқан танымның мидағы вербалды бейнесі. Яғни, тіл ми қызметінің бір өнімі ретінде танылатын, ес, қабылдау, ойлау және эмоция сияқты құрамдас бөліктерден тұратын сананың іштей ұйымдасып, қоршаған ортаға байланысты танымның жүзеге асырылуына қатыса отырып, сол уақытта объектінің адам қабылдауындағы кеңістікті, себеп-салдарлы, эмоционалды байланыстарға негізделген тілдік бейнесін түзеді. Белгілі бір этникалық қоғамдық мәдениет өкілінің тілдік санасы сол қоғамға тән мәдениет, этникалық танымдық ерекшеліктерді тұрғысынан қалыптасады. Этникалық қоғамдық Санамен тікелей байланысты түзілетін Т.С. ұйымдасуын ассоциативтік эксперименттер арқылы бақылауға болады.

1 СЕМИНАР




Тақырып: Когнитивтік лингвистика – когнитивизм негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигма.
1. Когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысаны, пәні т.б. туралы ақпарат.
2. Когнитивтік ғылымның басқа ғылымдармен байланысының сызбасын жасау.
3. Антропоцентристік парадигма дегеніміз не? Антропоцентристік ғылымдар қатарын түзу.
1 СӨЖ. Когнитивизм, когнититология терминдерінің түсініктері. Тілдің когнитивтік аспектілері. «Тілтану» парадигмасының қалыптасуы.

2 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет