Таусоғарова А


Тақырыптары: Когнитивтік үдерістер және тілдің танымдық рөлі



бет6/33
Дата14.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#483222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
annotation18047

Тақырыптары: Когнитивтік үдерістер және тілдің танымдық рөлі.

  • Әлем бейнесінің моделденуі мен танымның қалыптасуындағы үдерістер.

  • Метафоралану негізгі менталды операция, әлемді тану тәсілі.

  • Когниция объектілерді сәйкестендіру және ажырату қажеттілігі ретінде.

Әлем туралы танымның қалыптасуында үш түрлі психикалық шағылыс деңгейі орын алады: 1) сезімдік қабылдау деңгейі; 2) түйсінудің қалыптасу деңгейі (элементарлы қорыту, тұжыру және абстракциялау-дерексіздену); 3) тіл-ойлау үдерістерінің деңгейі. Осы ақпараттар жиынтығы концептілер үйесінің мәнісін құрайды. Тікелей тәжірибе нәтижесінде алынған білім санада бұрыннан бар эмпирикалық тәжірибеге сәйкестеніп шағылысады. Мысалы, метафоралану – негізгі менталды операция, әлемді тану тәсілі болып табылады, ол шағылысу үдерісімен және жаңа білімді ескі білім арқылы белгілеумен, түсінумен байланысты.
Тіл ақпаратты қабылдауға және оны жеткізуге ғана қатыспайды, ол қабылданған ақпаратты өңдейді, яғни фреймдерді құрады. Сөйтіп, тіл адам жадысында көптеген білімнің жүйеленіп, реттелуіне мүмкіндік береді және әр этномәдени ұжымға тән әлем бейнесінің құрылуына мұрындық болады, қатысады.
Тіл көмегімен құрылған концептуалдық құрылымдар индивидтің тәжірибелік мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Концептуалды жүйедегі (концептуалды жүйе –бұл дүние, әлемге байланысты адам тәжірибесін бейнелейтін пікірлер мен білім жүйесі) әр түрлі концептілерді бір сөзбен атауымыз мүмкін. Мысалы, адам шауып жүр, ат шауып жүр; сағат жүріп тұр, өмір жүріп жатыр т.с.с.
Адамның барлық танымдық қызметін, яғни когницияны адамның осы дүниеде бағдар жасай алуының дамуы десек, оның бұл әрекеті объектілерді сәйкестендіру және ажырату қажеттілігімен орайласады. Когниция формаларына парасат, білім, концептуализация, репрезентация, категоризация, менталдылық, ойлау, түйсіну, сәйкестендіру, қиялдау, елестету сияқты танымдық үдерістерді жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет