Суды ультракүлгін сәулемен сәулелендіру – физикалық реагентсіз залалсыздандыру әдістерінің бірі.
Олардың реагентті залалсыздандыру әдістеріне қарағанда артықшылығы:
Бұл кезде судың құрамы мен құрылысы өзгермейді.
Реагенттерді тасымалдауды және сақтауды қажет етпейді.
Улы әсер беретін қауіптілігі жоқ.
Залалсыздандыру жылдам жүреді.
Ультракүлгін сәулеленудің биологиялық әсері (УФ-А, УФ-В, УФ-С) деңгейінің әр түрлілігіне байланысты оптикалық спектр аймақтарына бөлінеді. Бактерияларға УФ-С аймағы күшті әсер етеді. Олардың негізгі нысанасы – бактерия жасушасының ДНК-сы.
Достарыңызбен бөлісу: |