Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет10/46
Дата17.10.2023
өлшемі1.51 Mb.
#480944
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
annotation16475 2

Көлем өлшемі:
Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Ұлтарақтай – адам табанының көлемі. Табақтай – жалпақ. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер – жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең.

Саба -180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).


Көнек -15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)
Тосық -8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)
1 саба (қымыз) -10-15 литр.
1 шелек -12,3 литр,
1 көнек сүт -6 – 7 литр
торсық (айран) -6-7 литр.
Шара -1,5-2 л;
Аяқ -1 л;
Тостаған -0,5 л;
Ожау -0,5 л;
Қасық -50 г;

Мерзім ( уақыт өлшеуіші ):
Бір сәт -1 секунд
Сүт пісірім -5 – 10 минут
Бие сауым -1,5 сағат
Ет пісірім -2,5 – 3 сағат
Бір түн, бір күн -24 сағат
Апта -7 күн
Ай -30 – 31 күн
Тоқсан -3 ай
Жыл -365 күн
Ғасыр -100 жыл
1 мүшелмен -12 жыл
1 мүшел -13 жас
2 мүшел -25 жас
3 мүшел -37 жас
4 мүшел -49 жас
Бұл оқылған материал бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:

  1. Өлшем деген не? Оның қажеттігі мен маңызы неде?

  2. Қазақтардағы салмақ өлшемдері туралы не делінген? Олардың мәні дұрыс көрсетілген бе?

  3. Мәтіндегі қашықтық пен ұзындық өлшемдері жөнінде не айтасың? Нақты мысалдар келтір.

  4. Тереңдік пен көлем өлшемдері бойынша мысалдар келтір.



Кейбір өлшем бірліктері
БатпанҚазақстан, Орта Азия халықтары арасында қолданылған байырғы салмақ өлшемі. Ол әр жерде әр түрлі мөлшерленген. Халық ауыз әдебиеті мен жазба деректерде Батпан бірде 6 пұттан 12 пұтқа дейінгі өлшем, бірде бірнеше пұттан ондаған пұтқа дейінгі салмақ мөлшері ретінде көрсетіледі. Ауыз әдебиетінде “бес батпан шоқпар”, “он екі батпан күрзі” деген сияқты соққы қаруларының салмақтары да кездеседі. Бірақ бұл қарудың емес, оның соққы күшін көрсететін салмақ мөлшері болса керек. Жазба деректерге сүйенсек, 19 ғасырда Ходжентте Батпан 12 пұтқа тең, яғни 196,56 кг мөлшерінде болған. Тағы бір мәліметтерде 432 ағылшын фунтына тең, яғни 196,016 кг. Кейбір этнографиялық деректер бойынша, Батпан 16 пұт; қосымша Байырғы қазақ өлшемдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет