Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет17/46
Дата17.10.2023
өлшемі1.51 Mb.
#480944
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
annotation16475 2

Сұрақтар мен тапсырмалар:



    1. Палеография нені оқытады? Оның ерекшеліктері неде?

    2. Палеографияның зерттеу әдістері қандай?

    3. Палеографияның басқа ғылым салаларымен байланысы туралы не айтасың? Нақты мысалдар арқылы сипатта.

    4. Суретті оқу деген не? Өз ойыңды қарапайым суреттер арқылы бейнелеп көрдің бе? Байқап көр.

    5. Шартты белгілер, таңбалар қалай пайда болды? Шартты белгілер арқылы жазудың сурет арқылы жазудан қандай айырмашылықтары бар?

    6. Таңбалар арқылы жазудың қиындықтары неде? Әріптер қалай пайда болды? Әліпби (алфавит) деген не?

    7. Пиктография мен идеография: ұқсастығы мен айырмашылығы (эссе).

    8. Буындық және дыбыстық жазулар: мәні, ерекшеліктері (эссе)

    9. Есікті (сақ) жазуы туралы не білесің?

    10. Көне түрік жазулары: тарихи негізі, ерекшеліктері, зерттелуі (эссе).

    11. Араб және төте жазулар: қазақ жеріне таралуы, қолданылуы және ерекшеліктері.

    12. Латын жазуы: қолданысқа ену тарихы және бүгінгі мәселелері.

    13. Кирил жазуы: пайдалану барысы және бүгінгі жағдайы

Қосымша материалдар мен тапсырмалар:


А.Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.
А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.

  • Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه)

  • Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (), т (ت), ж (ج), ш (), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (), ң (), л (ل), м (م), н (ن)

  • Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й () [8]

Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.
А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады.
Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. ХХ ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткі жайтқа негізделді.

    1. Автор А. Байтұрсыновтың ұлттық жазу жүйесін қалыптастырудағы орнын қалай бағалайды?

    2. Төте жазудан латын жазуына көшу себептері туралы не делінген?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет