Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет2/46
Дата17.10.2023
өлшемі1.51 Mb.
#480944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
annotation16475 2

ТАРИХИ МЕТРОЛОГИЯ



Дәріс мақсаты: Тарихи метрология пәнінің мәні мен ерекшеліктерін, басқа ғылым салаларымен байланысын, ғылыми сала ретінде қалыптасуы мен дамуын, ежелгі дүниедегі, шет елдердегі, қазақтардағы және қазіргі халықаралық өлшем бірліктері туралы мәселелерді баяндау
Негізгі сөздер: метрология, өлшем бірліктері, ХӨСБ, ӨСХК, SI, метр, литр, киллограм, эталон.
Негізгі мәселелер:

  1. Тарихи метрология пәні, ерекшеліктері, басқа ғылым салаларымен байланысы, деректері

  2. Тарихи метрологияның қалыптасуы мен дамуы

  3. Ежелгі дүниедегі өлшем бірліктер

  4. Шетелдік өлшем бірліктерінен

  5. Қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктері

  6. Халықаралық өлшем бірліктер жүйесі.




    1. Тарихи метрология пәні, ерекшеліктері, басқа ғылым салаларымен байланысы, деректері.

Тарихи метрология – өткен уақыттарда адамдар пайдаланған ұзындықтың, ауданның, көлемнің, салмақтың және тағы басқалардың өлшем бірліктерін, олардың атауларын, жүйесін, өлшеу құралдары мен әдістерін оқытатын қосалқы тарихи пән. Метрология ұғымы грекше метрон – өлшем, өлшеу құралы, логос – ілім, білім деген сөздерден пайда болған. Бүгінгі таңда метрология барлық өлшем бірліктері жүйелерін, олардың эталондарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық түрлерін, өлшем құралдарын тексеру және аттестаттау мәселелерімен айналысатын ауқымды ғылыми сала. Ал тарихи метрология соның бір бөлігі ретінде де қарастырылады.


Өлшем бірліктері метрлік жүйе қалыптасқанға дейін - ақ пайда болып, дамыды. Сондықтан ол кезең дәстүрлі өлшем жүйесі кезі деп те аталады. Сонау көне замандарда –ақ адамдар өсірген малдарының санын, алған өнімінің көлемін, барған жерінің қашықтығын, мал өрісі мен көш-қон шегін өздерінше өлшеп, анықтап отырды. Еңбек құралдарын, қару-жарақтарды жасау, киім тігу, баспана салу барысында оларды дұрыс және ыңғайлы ету үшін өлшеу керек еді. Тұрмыстық заттарының салмағын, көлемін, ұзындығын анықтау қажеттігі де алғашқы өлшем бірліктерінің дүниеге келуіне ықпал етті. Ең алғашқы өлшеу құралдары ретінде адамдар өздерінің дене мүшелерін пайдаланған деп есептеледі. Мәселен, саусақ, шынтақ, табан тағы басқалар арқылы өлшеген. Өлшеудің бұл түрі көптеген халықтарда соңғы кездерге дейін сақталып келгені мұның бұлтартпас дәлелі болса керек. Ежелгі дәуірлерде ұзындық өлшемдері ретінде адым, белгілі бір уақытта жүрген жолдың ұзындығы да негізге алынды. Ал аумақтың көлемі зер өңдеуге кеткен еңбекпен немесе ол аумаққа себілетін діннің, тұқымның көлемімен өлшенетін болды. Сусымалы және қатты денелер адам алып кете алатын мөлшерімен айқындалды.
Шаруашылықтық қатынастардың дамуы, өндіруші шаруашылықтардың пайда болуы, айырбас пен сауданың маңызды рөл атқара бастауы, рулар мен тайпалардың, халықтар мен елдердің өзара байланысының жаңа түрлерінің дүниеге келуі мұның барлығы кейбір өлшем бірліктері мен жүйелерінің кең таралуына ықпал етті. Өлшем жүйелері жетілген кейбір елдердің өлшем бірліктері басқа елдер мен мемлекеттерде де пайдаланыла бастады. Сөйтіп олар халықаралық сипат алды. Мәселен Жерорта теңізі бойы елдерінде вавилондық өлшем жүйесі таралып, олардағы өлшем жүйелеріне негіз болды.
Дегенмен ортағасырлық Еуропа елдеріндегі экономикалық-әлеуметтік құрылыстың, қоғамның саяси ұйымдастырылуының, мәдениет пен діннің айырмашылықтары мен ерекшеліктері және халықаралық қатынастардың сипаты өлшем жүйелеріне әсер етті. Оларды шатастыруға, мәліметтердің әртүрлі болып, араласып кетуіне әкелді. Сол себепті де метрология күрделі әрі қызықты пән болып есептеледі.
Қазіргі кезеңде жекелеген фактілерді жинақтаумен қатар, оларды терең ой елегінен өткізіп, пайымдаулар мен тұжырымдар жасауға ұмтылыс артуда. Метрологияда бұл үрдіс енді ғана өріс алуда. Көптеген елдерде, соның ішінде Еуропалық елдердің барлығында бірдей сенімді метрологиялық анықтамалықтар жоқ. Жекелеген салмақ, ұзындық көлем және т.б. өлшем бірліктерінің өалыптасуы мен дамуы туралы арнайы, кешенді зерттеулер де мәліметтер бере отырып, жекелеген елдердегі өлшем бірліктер тарихына және халықаралық өлшем бірліктеріне сипаттама беруге ұмтылыс жасалды. Басты мақсат - метрология туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру және қателіктер мен шатастыруды болдырмау үшін тарихилық принципін пайдалана білуге үйрету.
Метрология тарихи деректерді айқындау, нақтылау және шынайылығын анықтауда үлкен орын алады. Ол әсіресе экономикалық-әлеуметтік тарих бойынша көптеген деректер береді және оларды нақтылауға көмектеседі. Өлшем бірліктері арқылы белгілі бір халықта немесе мемлекетте шаруашылықтың қандай түрінің жетекші сипат алғанын, қай кезеңде қандай аумақта өмір сүргенін, саудасының дәрежесін, өандай елдермен сауда байланыстарының болғандығын және т.б. білуге болады. Метрологияның көмегімен деректегі өлшем бірліктерге қарай отырып, оның уақыты мен орнын ажырата аламыз. Метрологиялық мәліметтер негізінде құжаттың шынайылығы мен жалғандығын да анықтауға болады. Бұл оның деректанумен байланысын байқатады және оған деген қызығушылықты арттырады.
Метрология басқа да тарих ғылымы салаларымен тығыз байланысты. Тауардың салмағы мен көлемін, құнын анықтау барысында метрология нумизматикамен жиі байланысқа түсіп отырады. Метрологиялық зерттеулер барысында мамандар археология мен этнология мәліметтерін де пайдаланады. Өлшем бірліктері әсіресе ежелгі және орта ғасырларда табиғи факторларға – топрақтың ерекшелігіне, ландшафтқа, ауа райына, климатқа және өнімділікке – тікелей байланысты болды. Сондықтан да метрологиялық еңбектерде география, астрономия, геология, агрономия және т.б. ғылым салалары бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалады.
Метрологиялық зерттеулер үшін көптеген дерек көздері пайдаланылады. Олардың негізгі тобын сөз жоқ жазбаша деректер құрайды. Олар: жекелеген трактаттар, хроникалар, келісім шарттар мен келісімдердің мәтіндері, саудалық есептер туралы құжаттар, иелік жөніндегі есептер, сот протоколдары және басқа да жазбаша материалдар. Бұлармен қатар, топографиялық карталар, метрологиялық анықтамалықтар да өлшем бірліктер туралы мәліметтерді толықтыруға, нақтылауға көп көмек береді.
Жазбаша деректермен қатар заттай деректер де метрологияда кең түрде пайдаланылады. Заттай метрологиялық деректерге өлшеу құралдары, қоныстардың, жекелеген құрылыстардың қалдықтары мен орны, егістік аумағы, өлшемдер мен салмақ эталондары, монеталар жіне т.б. жатады. Колонналардағы фрескалар мен капителдерден, кітаптардағы миниатюралардан, мүсіндеу мен бейнелеу өнері ескерткіштерінен өлшеу үшін адамдардың нені және қалай пайдаланғанын көруге болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет