Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы


Тарихи метрологияның қалыптасуы мен дамуы



бет3/46
Дата17.10.2023
өлшемі1.51 Mb.
#480944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
annotation16475 2

Тарихи метрологияның қалыптасуы мен дамуы

Өлшем бірліктері туралы ортағасырлық Еуропада жазылған алғашқы еңбектер заңгерлер мен көпестердің трактаттары деп есептеледі. Мәселен ХІҮ ғасырдағы италиялық саудагер Франческо Баль-дуччи Пеголоттидің «Сауда тәжірибесі» атты еңбегі осы қатарға жатқызылады. ХІҮ –ХҮ ғасырларда әртүрлі аймақтарда қолданылатын өлшем бірліктері коммерциялық қажеттілік үшін жүйелендірілді. Осы кезеңдерде жерге орналастырушылар ұзындық пен жер бедерін өлшеу тәсілдері кең түрде сипатталған алғашқы көлемді трактаттар пайда болды. Сол шығармалардың ішінде неміс қоныстанушыларының жер бөліктерін өлшеу тәжірибесін қорытындылайтын «Кульмдық геометрия» атты еңбекті ерекше айтуға болады. Кейінгі феодализм кезеңіндегі діл өлшеу талаптардың күшеюі өлшемдер туралы жұмыстарды жазудағы бастамашылық көпестер мен жер өлшейтіндерден математиктерге өтті. Вена тұрғыны Кристоф Рудольфтың «Шебер есеп» атты еңбегі Батыс Еуропаның әртүрлі аудандарында таралған астық, шарап, май өлшемдерін, фунттарды, шынтақтарды салыстыра сипаттауға арналған. Ол 1526 жылдан 1588 жылдардағы 60 жылдай уақытта мегіз рет жарық көрді. Батысеуропалық көптеген мұрағаттардан өлшем бірліктері туралы трактаттардың әртүрлі қолжазбаларын кездестіруге болады. Сондықтан да метрология жеке ғылыми пән ретінде ХҮІ ғасырда қалыптасты деп есептейді. Ал Еуропада тарихи метрологияның пайда болуын Георг Агриколла (1494-1555) мен Жозеф-Жюст Скалигердің (1540-1609) «Римдіктер мен гректердің өлшемдер мен өлшеуіштер туралы бес кітап» атты еңбегімен байланыстырылады. ХҮІ –ХҮІІІ ғасырларда тарихи метрологияның негізгі мәселесі антикалық кезең өлшем бірліктері басты назарда болды. Ал ортағасырлық европалық өлшем бірліктері мәселелері көбінесе өлкетанушылар мен антикварларды ғана қызықтырды.
ХҮШ – ХІХ ғасырларда Еуропаның көптеген елдерінде өлшем бірліктері туралы анықтамалықтар шыға бастады. Ресейде өлщем бірліктері жүйесң негізінен ХҮШ –ғ. басында қалыптасты деп есептеледі. Ал ХҮШ – ХХ ғасырлардағы метрологияның басты міндеті елдің орасан зор аумағындағы өлшем бірліктерін нақтылау, біріздендіру болды. Бұл кезеңдерде ресейлік бірыңғай өлшем бірліктері жүйесңн қалыптастыру мақсатында бірнеше комиссия құрылып, жұмыс істеді.
ХІХ –ғасырда экономика тарихына қызығушылықтың артуына байланысты ортағасырлық өлшем бірліктеріне көбірек көңіл аударыла бастады. Метрологияның кейбір мәселелеріне байланысты арнайы зерттеулер пайда болды. «Ұлы Карлдың фунты», «кельндік марка», «гуфтар» және басқалар пікірталас мәселелеріне айналды.
ХХ – ғасырда өлшеу жүйелері тарихи-экономикалық мәселелерді зерттеу құралы ретінде ғана емес, өзіндік зерттеу обьекті ретінде де қарастырыла бастады. Тарихи метрологияны оқып зерттеуде Тарихи метрология бойынша Халықаралық комиссия өзіндік үлес қосты. 1975 жылдан бастап тарихи метрология бойынша конгрестер өткізіле бастады.
Зерттеушілер тарихи метрология бүгінгі таңда өрлеу сатысында тұр деп есептейді. Жалпы алғанда тарихи метрологиялық зерттеулер ортағасырлық кезеңмен салыстырғанда ежелгі гректік және римдік өлшем жүйелері жақсырақ зерттеліп, айқындалғандығын көрсетеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет