Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис. Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация 1-тапсырма



бет5/9
Дата29.05.2023
өлшемі28.67 Kb.
#474452
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8 сынып қазақ тілі тжб

Балл қою кестесі



Дескриптор

Балл

Оқушы балы

1

Мәтіндердегі көтерілген мәселелерді анықтайды

3




2

мәтіндердің түрін анықтайды

2







мәтіндердің стилін анықтайды

2







берілген пікірге өз көзқарасын білдіріп, тұжырымдайды

3




3

тест сұрағына жауап береді

10




4

Тақырып бойынша жазба жұмысы
тақырыпты ашады;
өз ойын, көзқарасын білдіреді;
пікіріне дәлел келтіреді;
өз ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады;
стильге сай жазады; құрылымын сақтайды



2
2
2
2
2




БАРЛЫҒЫ 30

Сыныбы: ________ Күні: _________ Білім алушының аты-жөні: ___________________________
Қазақ тілі, 8-сынып ТЖБ (4-тоқсан) ІІ нұсқа
Театр өнері мен мәдениеті. СинтаксисҚазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация
1-тапсырма
Мәтіндерді оқып, оларды өзара салыстырыңыз. Мәтіндердің көтерген тақырыбы, жалпы мазмұны жағынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма? Кестені толтырыңыз. [10]
А мәтіні

Тазарғың келсе, театрға бар!


«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп- өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет