Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис. Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация 1-тапсырма



бет4/9
Дата29.05.2023
өлшемі28.67 Kb.
#474452
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8 сынып қазақ тілі тжб

3-тапсырма. Тест жұмысы [10]

  1. Сұрау белгісі қойылмайтын қатарды табыңыз.

А. Балалар пойызы осы ғой, ә Б. Балтабектің үйін білесіз бе С. Бұл кім өзіД. Мен қазір кітап оқимын, сіз ше
Е. Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты
2. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны – бәрін көруге болады.
А. Айқындауыш Б. Құрмалас сөйлем С. Қыстырма сөз Д. Бірыңғай толықтауыш Е. Оқшау сөз
3. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
А. Одағай сөзден кейін Б. Атаулы сөйлемнен кейін С. Қыстырма сөзден кейін Д. Бірыңғай мүшелердің арасына
Е. Бастауыш пен баяндауыштың арасына
4. Сызықшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Жастар – біздің болашағымыз.
А. Бастауыш есімдік, баяндауыш сын есім Б. Бастауыш есім, баяндауыш есімдік С. Бастауыш, баяндауыш сын есім
Д. Бастауыш, баяндауыш зат есім Е. Бастауыш, баяндауыш сан есім
5. Тіл атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Қойылмаған тыныс белгісін табыңыз.
А. Үтір Б. Қос нүкте С. Сызықша Д. Нүктелі үтір Е. Дефис
6. Қос нүкте дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Үш-ақ нәрсе: адамның қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Б. Үш-ақ нәрсе, адамның қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
С. Үш-ақ нәрсе адамның: қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Д. Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Е. Үш-ақ: нәрсе адамның қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
7. Даралаушы қызмет атқаратын тыныс белгісін көрсетіңіз.
А. Үтір Б. Қос нүкте С. Көп нүкте Д. Тырнақша Е. Жақша
8. Тыныс белгісі қабаттасып қойылатын нұсқаны белгілеңіз.
А. Екеуі Сұлушашты енді білді Б. Не пайда басты ұрғанмен тау мен тасқа
С. Бүгін не жаңа хабар бар Д. Бұнысы Базаралының өзіне сай мінезі еді Е. Көкбай домбыраны ықыласпен ұстады
9. Ерекшелеуші қызмет атқаратын тыныс белгісін көрсетіңіз.
А. Үтір Б. Нүкте С. Көп нүкте Д. Сұрау белгісі Е. Леп белгісі
10. Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгісін белгілеңіз.
Біздің үйге келгендер Сәбира, Жекен, Ардақ әңгімелесіп ұзақ отырды.
А. Қос нүкте Б. Дефис С. Нүкте Д. Сызықша Е. Көп нүкте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет