Техникалық дайындық:Әскери атомобильдердің дамуы. Автомобильді көліктің пайда болуы және даму тарихы. Қарулы Күштерінің ұрыстық жабдықталуындағы автомобилдік техника Автомобилдердің жалпы техникалық құрылысы



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#123850
1   2   3   4
жалпы техникалық құрылысы.
Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтары көптеген ұрыстары біздің әскеріміздің қарсыластарына өте жақсы қаруланған күштерімен қарсы тұру керектігін көрсетті. Конструкторларымыздың түпкі ойларынша, әскери техниканың әр бөлшегін жеке алғанда осындай жағдайларда жоғары атыс қуаттылығына иеленуі қажет. Сонымен бірге машина жүрістің үлкен ресурстарына ие болуы керек.

БТР-90 бронетранспортері ресейлік техниканың жаңа үлгісі болды. Бұл машина Арзамс машина жасау заводымен бірігіп құрастырылды және қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша «Газ эксперименттік жұмысы жәнеавтомобилді басқару конструкторы бөлімі»

БТР-90 советтік бронетранспортерлерінің (БТР -60, 70, 80) 8 дөңгелекті отбасын жалғастырды, сондықтан жалпы құрастыруда өзін жақсы ұсынылғандықтан, өзгеріссіз қалды. Дөңгелек формуласы 8*8, БТР -90 двигателі, десанттың сыйымдылық бөлімі, суды қозғайтын 2 құралы көп өзгере қойған жоқ.

БТР – 90 жаңашылдандыру негізінен қаруландыру жағына байланысты болды.Алдыңғы машиналарды қаруландырған сияқты өте қажетті жабдықтармен жабдықталды: КПВТ (ірі калибрлі Владимир танкі пулеметі) және кішкентай мұнара БМП-2 қондырылған. Бұнда бірден қарудың 4 типі: 2А42 30 мм автоматты зеңбірек ПКТ 7,62 мм пулемет, АГ – 17 от шашқыш (грантомет) және «конкурс» деп аталатын танкіге қарсы ракеталық комплекс (ПТРК) орнатылған.

Комплексті қаруландыру БТР-дың танкілермен соғысын 4 км қашықтықта соғысуға , бронетехниканы құрту, тікұшақтарды және жеңіл инженерлік ғимараттарды 2500 қашықтықта, ал тірі күшті 4000 м қашықтықтан құртуға мүмкіндік береді.

БТР-90 – бұл жеңіл дөңгелекті танк. Сонымен қатар БТР-дың жүк көтергіштігі 7 т және ішкі көлемі үлкен 120 мм, танкіге қарсы зеңбіректі, минометті зениттік-ракеталық және танкіге қарсы комплексті қолдануға мүмкіндік береді.

Жауынгерлік бөлімше екі жазықтықта тұрақтандырылған. Бұл атыста басып өту қозғалысын жүргізуге мүмкіндік туғызады. Ол екі орынды. Бұл жерде оператор нысанашы (наводчик) басқа машина командирі сыяды. Егерде нысанашы нысананы байқамай қалған жағдайда, ол қаруды басқарып, өзі атысты бастауға болады. Оператордың орнына комбинерленген БПК3-42 көздегішімен жабдықталған (күндіз де, түнде де қолданылады). Командирде 1П-13 күндізгі көздегіші болады. Осының арқасында бронетранспортер танк сияқты орнында қозғала алады. Өзінің үлкен салмағына қарамастан, БТР 3 балдық штормда жаман жүзбейді. Сонымен қатар, машина теміржол, әуе, автомобиль және су транспортымен тасуға бейімді. Тағы бір ерекшелігі техниканы жасаушылар машинаны кондиционермен жабдықтай алады.

БТР-90 Чеченстанда бірінші ұрысқа қатысты. XXI ғасырдың басында Ресейде ол ФПС қаруландырды.

1999 жылы июнде Омскде өткен әскери танкілер көрмесінде БТР-90 МЧС, қорғаныс министрлігі, АҚШ және бірнеше басқа елдің өкілдерін өзіне назар аудартты.

Техникаға тапсырыс бар, бірақ өнеркәсіп тапсырыс берушілердің әзірше кім екендерін айтпай отыр.

Жағдайдың өзгеруі, сонымен қатар жиі әскери конфликттер, жеке әскердің құрамының саны біруақытта қысқаруы жоғары талапты қажет ететін әскери күшпен жақсы жабдықталған, осы заманғы әскери мәселелерді шешетін машинаның болуын талап етеді. Осындай мәселелерді шешу үшін дөңгелекті бронирленген машиналар оның ішінде БТР-90 лайықты.

Дамушы елдердің дөңгелекті бронетранспортерлерді қарқынды істеп шығуы тегін емес. XXI ғасырда машина паркі жаяу әскерге үлкен қажет екенін көруге болады.

БТР-90 әлемге әйгілі ресейлік БТР-60, БТР-70, БТР-80 қазіргі уақытта шетелде шығарылатын бронетранспортерлер класын өзінің характеристикасымен басып озатын дөңгелекті БТР -90 жасап шығарды.

БТР -90 артықшылығы үш негізгі параметрлері арқылы көрінеді: атыс қуаттылығы, жылжымалдығы, өте алатындығы, қорғаныстық маневрлігі.

Бронетранспортер белгілі ереже бойынша қарумен жабдықталған: ірі калибрлі 12,7 несесе 14,5 мм пулеметпен және оған қосақталған 7,62 мм пулеметпен.

Кейінгі уақытта ірі калибрлі пулемет орнына ірі калибрлі зеңбірек 25 не 30 мм калибрмен жабдықтайтын болған. Бірақ бұл құралдың әскери эфектісі жетіспейді. Әскери бөлімше 2 жазықтық тұрақтылыққа ие. Бұл орнында да, қозғалыста да, күндізгі және түнгі жағдайларда әр түрлі мақсатпен күрес жүргізе береді, сонымен қатар танктермен, 4 км арақашықтықтан жоғары БМП ұшақтарға, инженерлік ғимараттарға қашықтығы 2000-2500 м жаудың тірі күшіне 4000 м қашықтықтан ашық окоптарға сонымен қатар танкіге қарсы артеллерияға күрес жүргізе береді.

Әскери бөлімше БТР -90 орынды. Онда өте қолайлы. Нысанашы-оператордан басқа, машина командирі сыяды. Жанжақтың барлығын қорғайтын, қажет болса, нысанашы қатерлі нысананы көрмей қалса, қаруды өзі алып қауіпті нысананы жоя алады. Бұның барлығы бронетранспортердің атыс мүмкіншілігін арттырады.

БТР-90 әскери бөлімінде сонымен қатар операторда –БПКЗ -40 (күндізгі және түнгі) комбинерленген нысана, командирде – күндізгі 1П-13 бақылау құралы, радиостанциямен жабдықталған.

Тапсырыс берушінің тілегі бойынша әскери бөлім наводчик-оператордың (БПК –М) теледидармен француз «Sет»фирмасы шығарған жабдықталады. Сонымен қатар , жоғары жүк көтергіштігі (7 т) және ішкі көлемі әжептәуір (12м 3) БТР-90-ға өте ауыр қару комплекттерін орналастыруға болады мысалы, БМП-3 әскери бөлімінде, танкіге қарсы зеңбірек 120 мм, артиллериялық қару, зениттік-ракеталық және танкіге қарсы комплекстер т.б.

Нысана БТР-90 жылдамдығына өте алатындығына, маневрлілігіне жоғары талап қояды.



1 - сурет Жалпы техникалық құрылысы(БТР- 90)


Үлкен жылдамдылық қуатты (510 л.с.) көп жанармайлы дизелді двигателдің құбырдың үрлеуін қамтамасыз етеді, автоматты гидромеханикалық реверстік (қозғалу-айналу бағытын өзгерте алатын) беріліс қорабы, барлық дөңгелектің аспасына тәуелсіз. Барлық дөңгелектің торсиондық аспасының тәуелсіздігі көлденең тетіктегі (рычаг) үлкен қозғалыстың әсерінен. Энергосыйымдылығы телескопиялық гидроамортизаторлардың және кең профилді соғыста беріктілігі орталықтарындағы жүйенің ауданының қысымын реттеуі машинаның 10 км/сағ және 50 км/сағ жоғары жылдамдықта қатты зақымдалған жолдарда жүруіне мүмкіндік береді. Төрт дөңгелегі толықтай зақымданса да жүре беруі мүмкін.

БТР -90-да жаңа схема трансмиссия қолданылған. Машина бортына гидромеханикалық двигателдегі қуат ағымы екі параллелді ағым арқылы беріліс қорабынан таратылады. Осының көмегімен гидро көлем беріліс бортта айналу жылдамдығы әр түрлі болуы мүмкін, 4 алдыңғы басқару дөңгелегінің екі есе бұрылу радиусы машинаның жылдамдығын азайтуды қажет етеді. Үлкен салмағына қарамастан (21 т жуық) машина қандай қиыншылықтар болса да дайындықсыз жүре алады. Теңіз жағдайында сынап көру арқылы, оның 3 балдық толқында да жүзе алатынды байқалды, сонымен қатар десанттық корабль кедергісіз судан шығада, кіре алады.

БТР -90 – ең бірінші бронетранспортер бортық ақпараттық жүйемен жабдықталған, ол автоматты басқару, машинаның диагностикасын бақылау үшін өте тиімді болып табылады.
БТР – 90 негізгі сипаттамасы

дөңгелек формуласы 8*8


Жауынгерлік масса, т 20920
Әскерлік есеп, адам саны 10

Ұзындығы зеңбірекпен, мм N/А

ені, мм N/А

биіктігі, мм N/А

Клиренс, мм 510

Қарулану/ жауынгерлік запас 30ммм зеңбірек 2А42/500

7,62 ммм пулемет ПКТ/2000
Гранатомет АГ-17/400
ПТРК «Конкурс»/4
Брондық қорғау (корпустың шынысы/борт/мұнара
шынысы/қақпағы), мм N/А
Двигатель қуаты, а.к. (кВт) 510 (368)
Жоғарғы жылдамдығы, км/сағ 100
Жүзу жылдамдығы, км/сағ 9
Шосседе жүру запасы, км 800
Бөлімше бекінісінде оның арт жағы мен қапталдарында аға командирге бағынатын пулемет, оқтар, зеңбірек және танкілер орналаса алады. Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.

Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (оның шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); жеке құрамның міндеттері. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа — (негізгі және қосалқы атыс бекіністерін атқыштарға — атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына — атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; бұдан басқа оператор-көздеушіге және пулеметшіге – әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін қорғанысқа дайын болуы уақытын көрсетеді және орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі, сондай-ақ бақылау мен атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын жасайды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дың) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп белігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.

Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш-пулеметші үшін бір кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазады және бақылауды, атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекіністерінде ЖҰМ-ы үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдарын қазады.

Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер үшін сөрелер мен жылжуға байланыс жолдарын қазады. Бұл жолға қапталға ұрыс жүргізу үшін атыс ұяларын жасайды. Оқпаналар мен ұялар жабық атыс саңылауымен және маңдайшамен жабдықталуы мүмкін. Сусымалы топырақта оқпаналардын тік жерлері қапталын қатайтылады. Қарсыласпен тікелей түйіспейтін жағдайда егер ор, байланыс жолы және ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар жер қазушы машинамен қазылса, онда сарбаздар бұларды тек қана жабдықтайды. Бөлімше бекінісі ертегіш қарудан қорғану үшін жабдықталады және қоршаған орта фонында бүркемеленеді. Бұл үшін қолда бар материалдар, өрт сөндрудің табельдік құралдары және әр түрлі бүркеніш заттары қолданылады.

Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше өз бекінісінде жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Бекіністі жабдықтау жұмысы кезінде және ұрысы барысында бөлімше командирі, тағайындалған бақылаушы, сондай-ақ барлық жауынгерлер қарсыласты үздіксіз бақылайды. Кезекші пулеметші (мотоатқыш) уақытша немесе қосалқы атыс бекінісіне орналасады да, барлау жасауға немесе бөгеттерде өтпе жасауға ұмтылған қарсыластың жеке топтарын жою үшін өз бетінше атыс бастауға үнемі дайын отырады. Егер бөлімшеден кезекші ЖҰМ (БТР) бөлінсе, онда бекініске уақытына орналасады. ЖҰМ-да (БТР-да) дереу атыс жүргізуге дайын жүргізуші-механик пен оператор-көздеуші болады.

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киіп, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде — газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: "Радиациялық қауіп!" сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: "Химиялық дабыл!" сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.

Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде: «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне саңылауға тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында жер үсті қарсыласын жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер ұшақтар мен тікұшақтарға қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.

Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, санылауға, жертелеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.

Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.

Ұрысқа дайындалып алған бөлімше командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор-көздеуші мен атқыш-гранататқыш қарсыластың танкілері мен басқа да сауытталған нысаналарын жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерді танкілерден бөліп алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше барынша күшті атыстар жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан қарсылас танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30 м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне бөлімше жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен жояды.

Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бөлімше берік түрде өз бекінісін ұстайды. Күштің бір бөлігімен ол байланыс жолын, қосалқы атыс бекіністеріне ие болады және қапталдай жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас тылға шықса, онда бөлімше айнала қорғанысқа көшеді де, көрші бөлімшелермен өзара байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық түрінен атыс жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына келтіріледі және оқ-дәрілер толықтырылады.

Егер қарсылас ядролық қару қолданса, бөлімше командир басшылығымен бекіністі, қаруды, киім мен құрал-жабдықтарды ішінара дезактивизциядан және жауынгерлерді ішінара санитариялық өңдеуден өткізеді.
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
№ 6-тақырып: Жаяу әскердің ұрыстық машинасы (ЖҰМ).

4 сағат


1.ЖҰМ-2 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.

2.ЖҰМ-3 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.

1. ЖҰМ-2 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаттары болады.

ЖҰМ–2 бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы етеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.




1 сурет. Жаяу әскердің ұрыс машинасы(ЖҰМ-2)
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады

Ұрыста бөлімше командирі өз белімшесі мен көршілердің қимылы, қарсылас пен жергілікті жер толықтай айқын байқалатын жерде тұрады. Мотоатқыштар взводының командирі жағдайға сәйкес ЖҰМ-да (БТР), оқпанада немесе взвод артынан жаяу жүре отырып, командалық-бақылау пунктінен бақылау жүргізеді. Ол қажетті пәрмендер мен үкімдерді радио, дабыл кұралдары, дауыстап және бөлімшелерден жіберілген байланысшылар арқылы бере отырып, взводты басқарады.

Жаяу ретпен қимыл жасау кезінде взвод командирі атысқа және ЖҰМ (БТР) қозғалысына ЖҰМ-да (БТР-да) отыратын взвод командирінің орынбасары арқылы басшылық жасайды. Взвод командирі бағыныштылардың қимылына байланыс құрылғылары арқылы немесе дауыстап басшылық жасайды.
2.ЖҰМ-3- атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.
Жаяу әскердің соғыс машинасы БМП – бронды, шынжыр табанды соғыс машинасы, ол жеке құрамды алға қойған міндетті орындау орнына тасымалдауға, ұрыс алаңында ядролық қару қолданғанда және ұрыста танкімен бірге іс-қимыл жасағанда оның мобильділігін, қарулануын, қорғанысын арттыруға арналған. БМП КСРО-да алғаш рет 1966 жылы қолданысқа енгізілді. БТР-ға қарағанда жаяу әскердің соғыс машинасы (БМП) шынжыр табанды болып келеді, ал БТР шынжыр табанды және доңғалақты болады. Басқа жағдайларда БМП БТР-дан жақсы қорғанысы мен оқ ату қуаттылығымен ерекшеленеді, соңғы кездері снарядқа қарсы брондалған танкілер негізінде шынжыр табанды БТР шығару қолға алынған, сондықтан шынжыр табанды БТР мен БМП арасындағы ұрыс қасиеттеріне байланысты ерекшеліктері жойылған. Мұндай БТР мен БМП-ні негізгі қаруы бойынша ажыратуға болады, БТР қаруы – пулемет, ал БМП қаруы – 20 мм зеңбірек. Бірақ ұрыста қолданылатын жаңа модульді БТР-дің қазіргі заманғы көптеген түрлері бұл ерекшеліктердің аса принципті ерекшеліктер емес екенін дәлеледейді. БМП-нің ядролық қару қолданылған жағдайда ұрыс қимылдарын жүргізуге икемділігі БТР-ден айырмашылығы болып табылады. Көптеген мамандар БТР-дің әскерді тасымалдауға арналуы, ал БМП-нің оқ атып, ұрыста жаяу әскерді қорғаушы болуы олардың басты айырмашылықтары деп есептейді. БТР-ден жылдамдық (себебі ол доңғалақты), ал БМП-ден оқ ату қуаты талап етіледі.
БМП-3 (1987) негізгі сипаттамасы:

салмағы – 18,7 т,

экипажы (десант) – 3 (7) адам,

двигателінің қуаттылығы – 500 л.с.,

қаруы:

100 мм зеңбірек-2А70 іске қосу қондырғысы,



30 мм, 2А72 автоматты зеңбірегі,

ПТУР 9М117,

7,62 мм, ПКТ үш зеңбірегі.

Экипажы: 3 адам – командир, механик-жүргізуші, нысанашы-оператор. Десант – 8 адам. БМП мотоатқыштар бөлімшесін тасымалдауға арналған.

БМП-3 – жаяу әскердің шынжыр табанды, суда жүзетін әскери машинасы.

2 сурет. Жаяу әскердің ұрыс машинасы(ЖҰМ-3)
БМП-3 – жаяу әскердің дүние жүзіндегі ең үздік ұрыс машиналарының бірі.

БМП-3 бас конструктор А. Никоновтың басшылығымен «Курганмашзавод» ашық акционерлік қоғамының конструкторлық бюросында жасалды, оны жасау барысында ұрыс машиналарын қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыста қолдану мен дамытудың негізгі үрдістері, сондай-ақ габаритті салмағына, үйлесуіне қойылатын бірқатар талаптар ескерілді. БМП-3-ке арналған қару кешені «КБП» ГУП-та (Тула қаласы) жасалды. Әскери құрал ертінде 1987 жылы іске қосылды. Курган машина жасау зауытында шығарылды. 1990 жылы 9 мамырда өткен Жеңістің 45 жылдығына арналған шеруге қатыстырылды. БМП-3 мотоатқыштар және жаяу әскерлер бөлімшелерін қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыста олардың мобильділігін, қорғанысын және оқ ату қуатын арттыру, сондай-ақ жаяу әскер түрінде ұрыс қимылына араласқанда оларды оқ атып, қолдау мақсатында қолданылады. Басқа әскер түрлерімен бірлесіп, іс-қимыл жасайды.

Құрастырылуы және конструкциялық ерекшеліктері. Машинаның корпусының алдыңғы бөлігінде механик-жүргізуші мен оның екі жағынан 2 десантник орналасады, олар 7,62 мм зеңбірекпен және нысанаға қажетті приборлармен жабдықталады. Минадан қорғану үшін астыңғы жағы екі есе қалыңдатылған, орындықтары борт пен тіреулерге бекітілген. Тіреулерінің болат конструкцияларымен салыстырғанда салмағының белгілі бір үнемділігі жағдайындағы қалың темірлер корпустың төзімді, мықты және герметикалы конструкциясын қамтамасыз етеді. БМП корпусының ортаңғы бөлігінде ұрыс бөлімшесі бар екі орынды мұнара орналастырылған, онда жылжу бағыты бойынша оң жақтан және сол жақтан командир мен оператор-нысанашы орналасады. Осында негізгі қару кешені, яғни 100 мм қару-іске қосу қондырғысы, 30 мм автоматты зеңбірек пен 7,62 мм ПКТ пулеметі орналастырылған. Мұнараның артында, жеке қаруы бар 5 десантникке арналған десант бөлімшесі болады. Мотор қалқаны алдындағы, аяқ салғыш ретінде пайдаланылатын қосымша орындықтарға 2 адам қосымша орналасуына болады. Бөлімше 3 домалақ тіреуі бар (борттарда және сол жақтағы есікте бір-бірден орналасқан) борт амбразураларымен және оқ атуға арналған байқау приборларымен жабдықталған. Әуеден десант түсу жағдайына орындықтар бүктеледі де 4 ложемент орналастырға мүмкіндік береді. Десанттардың бөлімшеден шығуы борт астындағы өтетін екі орын және артқы 2 есік арқылы жүзеге асырылады. Корпустың артқы жағында двигателі көлденең орналасқан, жалпы көлемі 3 текше метр болатын моторлы-трансмиссиялық бөлімше орналасқан, бұл БМП-3 машинасын осындай көптеген машиналардан ерекшелендіреді. Двигатель биіктігінің шағындығы және салқындату жүйесінің бортта орналасуы десантниктердің артқы, екі есікті люктен тез шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал көлемінің кішігірімдігі ұрыс және десант жабдықтарын құрастыруға қолайлы жағдай жасайды. Алдыңғы бөлімшедегі командирдің, нысанашының және екі мергеннің люктері алға қарай ашылады да жаяулау және машинаға отырғызу кезінде қосымша қорғаныс болып табылады. Механик-жүргізушінің люгі 4 перископты, сәл көтеріңкі болады және артқа қарай ашылады, бұл жағдай көтеріңкі орындық арқылы қозғалыс барысында жан-жағын бақылауға мүмкіндік береді. БМП-3-тің негізгі габариті: зеңбірегімен бірге жалпы ұзындығы – 7200 мм, ені – 3150 мм, мұнарасының үстімен бірге алғандағы биіктігі – 2450 мм, ең жоғарғы (жұмыс барысындағы, ең төменгі) клиренсі – 510 (450, 190) мм. Машина суда жүзи алады, аваитранспортабельді, парашют тәсілімен және су корабілдерін десант түсіре алады.

БМП-3 қуаттылығы 500 л.с. (үлес салмағы 25 л. с/т) дизельді V-кейіпті, УТД-29 двигателімен жабдықталған, бірыңғай күш блогына гидромеханикалық трансмиссиямен біріктірілген су арқылы суытқыш жүйесі бар. БМП-3-тің алдыңғы беріліс бөлігінің қосарланған алты жұп тіреу катогы, бағыттаушысы бар резина-металл шынжыр табаны, артқы (алдыңғы) бағыттаушы екі доңғалағы және роликтерді ұстап тұратын қадасы (2х3) болады. Неғұрлым алшақ орналасқан тіреу катоктары және ауыр салмақ кезіндегі шынжыр табандар БМП-1 және БМП-2 сияқты топырақта терең із қалдырады. Шынжыр табандар үстінен болат экранмен жабылған. Клиренс 510-450-190 шегінде өзгереді. Су бетінде қозғалу үшін 6-7 циркуляция радиусы бар шнека типті 2 бір сатылы, осьті су есетін қозғалғыш орнатылған. Артқа қарай қозғалу су есетін қозғалғыш реверстің есебінен 2,5 км/с жылдамдықпен жүзеге асырылады. БМП-нің су бетінде қозғалуына болат қалқан конструкция ықпал етеді, ол жұмыс жағдайында корпус алдында 480 мм және ватерлиниядан 20-30 мм биіктікте болады.

700 л отын қоры 600 шақырымға дейінгі жүрісті қамтамасыз етеді. Қатты жолмен (су бетімен) артқы беріліс арқылы 70 км-сағаттан 20 км/сағатқа дейін жүреді. Машина 30 градусқа дейін қисаю арқылы 30 градусқа көтеріліп, ені 2,5 метрге дейінгі шұңқырдан өте алады.

Қорғануы.

БМП-3 тің корпусы мен мұнарасы алдыңғы проекциядағы болат, бронды жапсырмасы бар бронды алюминий қорытпалардан жасалған. Болат қалқандар мен өздігінен қазуға арналған жабдықтар қорғаныс функцияларын атқарады. Брондау жеке құрам мен аппаратураны оқ пен жарықшақтардан айнала қорғауды қамтамасыз етеді, ал корпус пен мұнараның алдыңғы детальдары зеңбіректен 300 метр қашықтан атылған 30 мм бронға қарсы калиберлі снарядтардан қауіпсіз маневрлеу арқылы қорғайды. БМП-3 қорғанысын арттыру үшін қорғаныс бояуымен боялады, «Туча» түтін бүркеуін (6 іске қосатын қондырғы) және термотүтін аппаратурасын орнатудың үйлестірілген жүйесімен жабдықталған. Ядролық, химиялық және биологиялық қарудан экипажды және машина ішіндегі жабдықтарды қорғау ұжымды қорғау жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол корпус пен мұнараның сіңіру материалдары бар бронды конструкциясынан, бөлімшелерді герметизациялау және оларға таза ауа өткізу жүйесінен, радиациялық және химиялық қауіптілікті байқау мен индикациялау, басқару және коммуникация приборларынан тұрады. Соңғы жылдары шығарылған машиналарда оларды динамикалық қорғау жабдықтары жасалған.

Жабдықтары.

Өрт пен жарылыстың алдын алу үшін отын бактары корпустың алдыңғы бөлігіне орналастырылған, қаттылығын арттыру үшін қалқанмен бөлінген, ал ішкі кеңістігі ұсақ саңылаулы материалмен толтырылған. Машинаның өртке қарсы жабдықтары 2 дербес автоматты жүйеден тұрады, бірі – ішкі бөлімшесінде, екіншісі – моторлы-трансмиссиялық бөлімшесінде орналасқан, сондай-ақ қолмен өрт сөндіргіш құралдары бар. Жүйелер қолмен де іске қосылуы мүмкін. Машинаға ауа жіберу, оны шаңнан, радиоактивті және биологиялық белсенді улағыш заттардан, қыс мезгілінде қыздырғанда бөлінетін улы заттардан тазарту үшін және БМП ішінде мол қысым жасап, ішкі бөлімшесін желдету үшін фильтрлі-желдеткіш қондырғы пайдаланылады. Радиоактивті және химиялық қауіптілікті байқау және дабылдау ГО-27 (ПРХР) приборы арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртпен байланыс жасау үшін БМП-3 Р-173П қабылдау құрылғысы бар Р-173 танк радиостанциясымен, ал ішкі байланыс жасау үшін телефон типті және жарық таблосы бар танкте сөйлесу құрылғысымен жабдықталған.

Қаруы.


Төменгілер БМП-3-тің негізгі қаруы болып табылады:

  • 100 мм, төмен баллистикалы 2А70 іске қосу қондырғысы, оның ішкі ұрыс бөлімшесінің еденінде 22 оқу атуға айналып тұратын конвейерлі, жартылай автоматты оқтау механизмі және мұнара қақпағының артына тасату механизмі бар. Ол бастапқы жылдамдығы 250 м/с болатын артилелериялық жарықшақты-фугасты снарядпен атуды қамтамасыз етеді;

  • оқ салатын 2 жеке лентасы, 2А70 қаруымен біріктірілген электромеханикалық (қолмен) қайта оқтау механизмі бар 30 мм, 2А72 автоматты зеңбірегі;

  • патрон лентасының орналасуын, оның пулеметке жалғануын, атылған гильзалар мен пулемет лентасын, сондай-ақ 2А72 зеңбірегінің лентасын шегеруді және жинауды қамтамасыз ететін жеке қоректену жүйесі бар 7,62 мм, ПКТ зеңбірегі. Оқ атудың алдыңғы (артқы) секторында зеңбіректің пулеметпен көтерілу және төмендеу бұрыштары тиісінше 60(64) және 6 (2) градустарды құрайды;

  • екі автономиялы бағытталатын, 7,62 мм ПКТ пулеметі, жорық бойынша стопорға орналастырған кезде оқ ату үшін оны механик-жүргізуші пайдалана алады. Десантниктер үшін БМП-3-те танкіге қарсы қолданылатын РПГ-7 (РПГ-16) гранатоменті, танкіге қарсы қолданылатын РПГ-18 (РПГ-22) реактивті 5 гранатасы, «Игла» типті тасымалданатын зенитті ракеталық 2 кешені, Ф-1 типті 15 гаранатасы болады.

БМП-нің тәжірибелі түрде 1981 жылы шығарылған моделінде (объект «688») 30 мм автоматты зеңбірек, АГ-17 және «Конкурс» ПТРК типті 30 мм гранатометі орналастырылған, олар кішігірім мұнараның астына біркітіріп орналастырылған. Оқ атуды басқару лазерлі алыстан көздеп ататын автоматты жүйесі, электронды баллистикалық есептегіш, қаруланудың екі жазықты стабилизаторы, командир мен нысанашының басқару пульттеріне жалқасқан 1К13-2 нысана көздегіші арқылы жүзеге асырылады. 1Д16 лазерлі алыстан көздеу қашықтығын өлшеу диапазоны 500-4000 м құрайды, өлшеу нақтылығы 10 м құрайды. 2 автономиялы бағытталатын пулеметтерден оқ ату үшін марканы бейнелеудің талшықты-оптикалық жүйесі бар ТНПЗ3ВЭ01-01 приборы қолданылады. ПТУР 100 мм қаруынан оқ ату үшін БМП-3-ке екінші толқынды 9К116 «Бастион» жүйесі орнатылған, ол нысанашыдан нысананы көздеу окулярында ұстауды ғана қажет етеді. Снаряд мұнара білігі бойынша зеңбіректің үстіне орнатылған лазерлі нысана көздегіштің сәулесі арқылы бағытталады. Машинаның штатты кешені: оқтау механизмінің конвейерінде 100 мм, 2А70 қаруына түрлі снарядтардан 22 рет оқ ату; 2А70 қаруына 8 ПТУР; зеңбірек оқтанында 2А72 зеңбірегіне 500 патрон; әр 7,62 мм пулеметке 2000 паторн. Механикаландырылмаған жағдайда десантниктердің орталық орындықтарының астында 2А70 қаруына 18 оқ ату жүйесі немесе 2А72 зеңбірегіне арналған 250 патрон орналастырылады. Барлық ұрыс кешенін оқтау уақыты 45 минуттан аспайды.

Модификациясы.

БМП-3К – жаяу әскердің командирлік ұрыс машинасы, ол БМП-3 негізінде жасалған және бөлімшелердің, ұрысты басқарудың, өзге бөлімшелермен және басқарудың жоғарғы звеносымен байланыста іс-қимыл жасауға арналған. Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасы мен қарулануы БМП-3-ке ұқсас. Машина навигациялық аппаратурамен, екі радистанциямен, қабылдағышпен, жеті абонентке арналған ішкі байланыс аппаратурасымен, дербес генератормен және радиолокациялы жауап бергішпен жабдықталған.

БМП-3Ф – теңіз жаяу әскерінің ұрыс машинасы, ол БМП-3 негізінде жасалған және теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің, жағалау аймағында шекара және жағалау әскерлерінің, теңіз десантын түсіру кезінде жағалауда әскери іс-қимылдар жүргізуге арналған. БМП-3-тен машинаның суда жүзу қабілетінің артықтығымен ерекшеленеді, телескопиялық ауа жинау құбыры, су көрінетін жеңілдетін қалқан орналастырылған. Суда жүзудің жоғары маневріне ие, судың 3-тен 2 баллға дейінгі толқынында жүзи отырып, қажетті дәлдікпен оқ ата алады. Двигателі жұмыс істеп тұрған жағдайда суда 7 сағатқа дейін болады, 10 км/сағат жылдамдықпен жүзи алады. Қатты толқын кезінде жағаға шығуға және бір типті бұйымды сүйреп шығуға қабілетті. Машинада жаңа негізгі көздегіш «СОЖ» орнатылған, оған лазерлі алыстан көздегіш пен ПТУР басқару каналы енгізілген.

БРМ-3К «Рысь» - барлау әскерінің барлаушы ұрыс машинасы, ол барлаушы және арнайы бөлімшелердің қарсыластың тылында іс-қимыл жасауына арналған. Корпусы, күш агрегаты және беріліс бөлігі БМП-3-ке ұқсас. Негізгі қаруы – 7,62 мм, ПКТ пулеметімен біріктірілген, екі жақты оқталатын 2А72 30 мм зеңбірегі (оқ ату жылдамдығы минутына 300 оқ ату). Брондалған нысананы атуға 4 ПТУР орнатылған. Экипаж автоматтармен (ұрыс кешені 1800 патрон) және 15 қол гранатасымен қаруланған. Машина нысананы байқау жүйесімен және деректерді бөлімше қолбасшылығына беретін жаңа гирокомпасы бар 1Г50 навигациялық жүйесімен, байланыс құралдарымен (Р-163-50У, Р-163-50К, Р-163-У, деректерді беру қашықтығы 100-350 км дейін), ФВУ және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. 1995 жылы қолданысқа енгізілген, қозғалысы мен қорғанысы бойынша БМП-3-ке ұқсас. Барлау приборларының кешені түрлі жағдайларда нысаналарды іздеуді, байқауды және тануды, алынған ақпараттың өңделуін және бағыты бойынша жіберілуін қамтамасыз етеді. Оның құрамына кіретіндер: ШН71 тепловизиялық барлау приборы, түнде бақылайтын 1ПН61 активті-импульсті приборы, 1Д14 алыстан көздегіш, 1РЛ133-1 радиолокациялық жүйесі, 1 метр биіктікке дейін көтерілетін, жеке карданның ілгішіне орнатылған қабылдағыш. Топогеодезиялық қамтамасыз етудің кіріктірілген құралдары (1Г50 жартылай автоматты гирокомпас, ТН-4 навигациялық аппаратурасы) машинаны санды навигациялық ақпаратпен қамтамасыз етеді және оның орналасқан жерін топографиялық картада бейнелейді. Қажет болған жағдайларда, бұл мақсаттарға бейімдеу визирі, сондай-ақ барлау құралдарының кешенімен бірге мұнара құрылғылары пайдаланылуы мүмкін. БРМ-3К «Рысь» салмағы 19,6 тоннаны құрайды, экипажы 6 адам, биіктігі 2,57 метр.

БМП-3 – қосымша бронды экрандар мен «Арена-Э» активті қорғау кешенін орнату есебінен қорғанысының мықтылығымен ерекшеленеді, олар машинаны танкіге қарсы басқарылатын және басқарылмайтын ракеталардан және қарсыласының гранаталарынан қорғайды. Кез келген ауа райында және тәулік бойы жұмыс істейтін «Арена-Э» ұшу траекториясын автоматты түрде байқап, анықтайды, 70-700 м/с жылдамдық диапазонында әрекет ететін түрлі типтегі ұшып келе жатқан танкіге қарсы қаруды қозғалыс кезінде және мұнара бұрылған кезде жоя алады. Жұмыс істейтіндігін өзі тексергеннен және ұрыс режиміне ауысқаннан кейін, кешен жек құрамның қатысуынсыз толығымен автоматты түрде жұмыс істейді. Ол 0,07 с аспайтын жылдам әрекетімен және траекториясы қорғаныс секторынан өтпейтін нысаналар бойынша әрекет етпейтіндігімен ерекшеленеді. Машинаны жартылай автоматты және автоматты басу жүйесі бар ПТУР-дан зақымдануын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін «Штора-1» оптикалы-электронды басу кешені бар БМП-3. Оның жоғары тиімділігі Макатра полигонында өткізілген IDEX-2003 көрмесінен кейін дәлелденді. Онымен әр түрлі ПТУР-ға 3000 метр қашықтықтан оқ атқан кезде, ешқандай раекта нысанаға жетпеген. «Кактус» динамикалық қорғаныс кешені бар БМП-3 Омск қаласында 2001 жылы өткен көрмеде көрсетілді. Динамикалық қорғаныс блоктары резиналы-маталы және торлы экрандармен бірге, корпус пен мұнараның бортында және алдыңғы бөлігінде орналастырылған. Қосымша қорғаныс кумулятивті ұрыс бөліктері бар танкіге қарсы жеңіл құралдарды қолдану жағдайында БМП-нің төзімділігін айтарлықтай арттыра түседі. Қарулану кешені, оқ атуды басқару жүйесі, ішкі құрылымы бастапқы үлгісіне ұқсас. БМП салмағының артуына байланысты суда жүзи алмайды. Қосымша қорғаныштарды алып тастаған кезде ол суда жүзи алады, себебі суда жүзу двигательдері сақталып қалған. Машина ені (3,97 м дейін) және корпусының ұзындығы (7,16м дейін) бойынша үлкен габаритті.

«Бахча-У» үйлестірілген оқ ату модулі бар БМП-3 (Тула қаласында «КБП» ГУП-да жасалған). Ол оқ атуды басқарудың қазіргі заманғы жүйесімен және 100 мм басқарылатын және басқарылмайтын жаңа ұрыс кешенін оқтаудың бірыңғай механизмімен ерекшеленеді. Басқарылатын 9М117М1 «Аркан» ракетасы 5500 метрге дейінгі қашықтықта динамикалық қорғанысы бар қазіргі заманғы танкілерді жоюды қамтамсыз етеді. ПТУР-дан атылатын ЗУБК23-3 оғының салмағы 21,5 кг және ұзындығы 1185 мм. Жаңа 100 мм жарықшақты-фугасты ЗУОФ19 оғының атылу қашықтығы – 7000 метр және штатты снарядпен салыстырғанда оның тиімділігі мен шашырап тиюі 2,5-3 және 2 есе артық. Жаңа 30 мм бронды-калиберлі «Кернер» снарядын қолдану жеңіл бронды нысана бойынша атудың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Сонымен бірге, БМП-3 негізінде жасалғандар: кран жебесі мен тартатын шығыры бар БРЭМ-Л «Беглянка» жөндеу-эвакуация машинасы, 120 мм САУ 2С31 «Вена», танкіге қарсы өзі жүретін 9П161, «Корнет-С», 9П157 «Хризантема» ракеталық кешендер, «Панцирь-С1» зениттік ракеталы-зеңбіректі кешен, «Восторг» инженерлік машинасы, өзі жүретін 120 мм миномет.

БМП-3 пайда болған кезден бастап шетелдіктердің тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша 2000 жылдың басында бұл жоғары тиімді ұрыс машинасы Әзірбайжанның, Кувейттің, Кипрдің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Аравиясының, Сирияның, Оңтүстік Кореяның, Украинаның әскери бөлімшелері мен арнайы әскери бөлімшелері қару-жарағының құрамында болды.

Қазіргі уақытта БМП шығару. Жаяу әскерге арналған автокөлік. «Жаяу әскер» деген ұғым 40-жалдарға дейін әскери құрамалардың «шағын» жылдамдықпен қозғалуы дегенді білдіретін. Ұрыс қимылдары тіпті ірі танкі құрамаларының өзі де жаяу әскерден бөлек алға қойған міндетті орындай алмайтынын дәлелдеді. Бірақ, жылдамдығы мен жүрдектігі бойынша танкілермен шамалас болатын және экипаж бен жаяу әскерді бронды қорғай алатын қабілеті бар көлік жасауға деген ұмтылыс еш нәтиже бермеді. Дегенмен, екінші дүниежүзілік соғыстың басында соғысушы елдердің әскерлерінде, Англия мен Германиядан басқа, жаяу әскерлерге арналған мамандандырылған көлік болған жоқ. Англияда 1938 жылы «Универсал» шынжыр табанды бронетранспортер қаруға алынды, ол 9 жаяу әскерді тасымалдауға есептелген, бронды қалыңдығы 6-11 мм, жеңіл, үсті ашық машина. Кеңес Одағында 40-жалдары жартылай шынжыр табанды БТР-Б-3 қаруға алынды, бірақ ол бірқатар себептерге байланысты көп шығарылмады. Соғыс жылдары кеңестік мотоатқыштар бөлімшелерінің бір бөлігінің қару-жарағының құрамында КСРО-ға ленд-лиза арқылы әкелінген америкалық доңғалақты және жартылай шынжыр табанды бронетранспортерлер болды. Кеңес Әскерінің және басқа да соғысушы елдердің жаяу әскерлерінің басым көпшілігі тек жүк машиналары мен өз яқтарына ғана сенім арта алды, себебі, бронетранспортерлер жетіспеді және олардың ұрыс сапасы төмен болды. Жаяу әскерді тасымалдау және танкілермен қатар жүріп соғысу үшін әскерге қуатты, кез келген жермен жүре алатын, жылдамдығы басым, күшті қаруы және күшті бронды қорғанысы бар мамандандырылған ұрыс машинасы қажет болды. Машинаның артқы бөлігіне десант бөлімшесі орналастырылған. 60-жылдардың ортасында кеңес конструкторлары дүниежүзінде тұңғыш рет жаңа машина – БМП-1 жаяу әскердің ұрыс машинасын жасап шығарды. Дәл осындай көліктің тек 1975 жылы Герман Федералдық Республикасында, 1978 жылы Францияда, 1982 жылы Англияда, 1983 жылы АҚШ-та жасап шығарылғанын атап өту керек. 60-жылдардың басына дейін жаяу әскерлер бөлімшелерінің жүрісі мен қорғанысы бронетранспортерлерді пайдалану есебінен қамтамасыз етілді. Бірақ одан әрітанкіге қарсы тасымалданатын қарудың кеңінен қолданылуы, сондай-ақ санының өсуі және жаяу әскердің жаяу сапта жүруін қиындатқан тиімділігі
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
№ 7 тақырып. Танкілер 6 сағат

1. Т-62, танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.


2. Т-72танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы.Жалпы техникалық құрылысы.
3. Т-80танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы.Жалпы техникалық құрылысы.
4. Т-90 танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы.Жалпы техникалық құрылысы.

1. Т-62, танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.

А.А. Морозов атындағы машина жасау Харьковтік конструкциялық бюро әскери танклерін шығарудың негізі болып табылады.

Жаңа үлгілерді жобалау барысында, ХКБМ бұрын шығарылған: Т-72, Т-62, Т-55 және Т-54 үлгілерін қазіргі жағдайға сәйкес өзгертті. Т-62 танкісін модернизациялау үш бағыттан тұрады: күш бөлімінде танкке 5 ТДФ 700 а.к. қуатты двигателін модернизациялап орнату және оған борт беріліс қорабын, алдыңғы шыныларын корпустың қорғау үшін қосымша қапталған және оттан қорғауды басқару.

Берілген бағыттарды модернизациялау әр бағыт үшін жеке түрде немесе біріктіріліп орындалады. Танкіні көзге түсірмеу үшін, экипаждағы адамдар тірі қалу үшін қосымша шаралар жүргізіледі.

Т-62 танкісінің күш бөлімін модернизациялау 5ТДФ 700 а.к. қуатты двигателімен, сонымен қатар бортық беріліс қорабы, жақсы қызмет ету жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Екі тактілі дизелді 5ТДФТ двигателінің техникалық мінездемесі. Көп отынды дизель қарама-қарсы қозғалысты сұйықтықты суыту поршендері.
Ең жоғарғы қуаты 515 (700)

Цилиндр саны 5

Отынның салыстырмалы шығыны 240 (178)

максимальды режимде салыстырмалы майдың шығыны

5,9 (8)

ең жоғарғы қуатты айналу жилілігі 1800

генератор қуаты 1

дизель массасы 1043

ені 1413

ұзындығы 955

биіктігі 581

айналасындағы ауа температурасы , °С +55 -40

Күш бөлімін модернизациялауды цехтарда 15 т жабдықтарды көтеру, металды кесу жабдықтарын (плазмалық және газбен кесу) 600 А дәнекерлеу жабдығы арқылы шағын өндірістерде істелінеді.

Т-62 танкісінің техникалық модернизациялау

Танкіні бұзу

Танк корпусын шашу және кесу

Корпусты дәнекерлеуге дайындау (кесуге дайындау)

Күш бөлімінің корпусы (Украинадан келеді)

Жинау

Т-62 танкісінде бронялық қорғау деңгейін көтеру үшін орнатылған.



Корпустың алдыңғы жағында – бронялы модуль броналық листіден тұратын және динамикалық қорғау қойылған.

Мұнараның алдыңғы жағында – бронялық динамикалық қорғағышпен қапталған.

Борт экрандарына динамикалық қорғау тұрғызылған.

Корпустың алдыңғы бөлігін модернизациялауда модульді схеманың жақсы жақтары: танкінің жаңа брондық материалдары және қорғау материалдармен жабдықталғандығы, бұзылған модульді қолма-қол соғыс алаңында ауыстыру; бейбітшілік уақытта (оқу процесінде) бронясыз танкны эксплатация жасау. Броня модулін жинап алу уақыты 1 сағаттан аспайды.

Т-62 танксін қорғау модернизациясы өндірісте, металды кесу, дәнекерлеу жабдықтарымен жүзеге асады.

Танкті қосымша қорғау қондырғыларымен жабдықтау 20 күннің ішінде 6 адамның күшімен жасалады.



1-сурет. Жалпы техникалық құрылысы (Т-62)


Қорғау модернизациясын қамтамасыз ету комлектісі
Корпус:

Алдыңғы бөлімнің брондық модулі

ӘТҚ бортық экраны

Бекіту элементтері мен щиттер


Мұнара:

Алдыңғы бөлімнің брондық қаптағыш

Алдыңғы бөлімнің ӘТҚ комплектісі

Қақпақтың ӘҚ контейнерлерінің комплектісі

Жауынгерлік бөлімнің модернизациясы.

Жауынгерлік бөлімнің модернизациясы 125 мм КВА -3 зеңбірегінің және КБА 101 зеңбірегінің 120 мм тартпаларымен, нысанашының негізгі аралас перефилді датчиктер есептегішімен, электрлі стабилизатормен қамтамасыз етілген.

Қашықтықты алыстан көру 1,7 есе көбейтілген; жүріп келе жатқан, түнгі жағдайда көздеу жақсы дамыған.

Оптикалық-электронды кешен.

Танк ПТУР –дан қорғауды жоғарлату үшін жартылай автоматты басқару жүйесімен және жартылай активті лазерлі өзі бақылау оптикалық-электронды кешенде қолданылады.

Оптикалық – электронды кешеннің құрамына кіреді: оптика-электронды беру станциясы және аэрозольді жүйе.

Белгіленген кешен қамтамасыз етеді: ОМП-дан қорғану. Экипаждың ОМП –дан қорғануын жоғарлату үшін Т-62 танксінде ұжымды қорғану жүйесі (СКЗ) жасалған, атылу, өрттің жану қысымы, ауаның жиып қоятын бөлімге түсетін, жердің радиоактивті зақымдалғанда автоматты түрде бір уақытта дыбыстық белгі беру қосылады, жарық сигнализациясы ойнайды.

2. Т-72 танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.


Бұл танкті жасау 1967 жылы басталды, бірінші Т-64 экплуатациялау тәжірбиесінде двигателі мен жүру бөлшегі сенімсіздігін көрсетті. 5ТДФ двигателін шығаруға шек қойылғанын ескеріп және төрт тактілі В-54 двигателі жетілікті мөлшерде болғандықтан, оларды Т-64 танкісіне орнату туралы шешім қабылданды. Сол жылы жасалып және эксперемент үлгісі сыналды.

1968-1969 жылдары Харьков заводында оның –өгертілген жаңа түрін шығаруды қолға алды. Онда арнайы орнатылғанзеңбіректері болды. 1973 жылы әскери құрылғы Т-72 деген жаңаша атауға ие болды. Олай өзгертілуі оның ауыр салмағы 4 тоннаға дейін асты, жанар май құятын сыйымдылығы 100 лидвигатель қуатыының күші 80 аттың күшіне дейін жетті, шынжыр ені – 40 мм. Өндіріс жаңартылған сериялы танкті дамытты.

1979 жылы жабдықтауда модернизацияланған Т-72А үлгісі қабылданды, ал 1985 жылы Т-72Б. 1993 жылдан бастап Т-90 танкісі шығарыла бастады. Танк классикалық схемасы бар, экипаж үш адамнан және двигателі көлденең орналасқан. Танкіде механик –жүргізуші басқару бөлімінде отырады. Корпустың алдыңғы бөлігінің жоғарғыдан еңкею бұрышы үлкен болғанына қарамастан, ол әскери жағдайда отырады, өйткені орындықтың төменгі жағы әдейі түбіне бекітілген. Басқару бөлімінің бронды көлемі 2,0 куб.м. құрайды. Әскери бөлімде зеңбіректің оң жағында танк командирі, сол жағында – нысанашы отырады.

Жауынгерлік бөлімнің төменгі жағында айналып тұратын автоматтың оқталу транспортері, форма және өлшемі экипаж мүшелерінің жауынгерлік бөлімінің ішіне сиуына және қайта шығуына мүмкіндік береді.

Моторлы-трансмиссиялық бөлім 3,1 куб.м көлемді алады. Т-64А танкісімен салыстырғанда корпустың алдыңғы жағы өзгертілген және МТО-ң ұзындығы ұзартылған себебі суыту желдеткіш жүйесі қолданылған, ол борттың беріліс қорабымен қосылған. Жалпы брондалған танкінің көлемі 11,0 куб.м.

Қаруландыру.

Танкінің негізгі қаруландыру 125 мм тегісстволды зеңбірек 2А46М қондырғысы.. Оның Т-64БВ танкісінің зеңбірегінен айырмашылығы бар. Қарудың конструкциясы стволдың трубкасын атыс алаңында ауыстыруға мүмкіндік береді. Затвор механизіміне, клинді қолдан ашу 2 тактісіне көп күш кетпейді.

Түнгі жағдайда танк зеңбірегінен ату үшін және күндіз ракетану қолдану үшін 1К 13-49 көздегіш құралы қолданылады. Ол 9К120 басқару жабдықтарының құрамына кіреді. Ол белсенді және немқұрайлы режимде жұмыс істей береді. 3 УБК 14, 9М119 басқару ракетасынан және металды жабдықтан тұрады. Ол жай атқыштардың өлшемдерінен тұрады, сондықтан автомат транспортер кассетасын салу кезінде ешқандай өзгерістер жоқ.




2-сурет. Жалпы техникалық құрылысы (Т-72)
Көмекші қару ретінде қосақталған 7,62 мм пулемет ПКТ және 12,7 мм НСВТ зениттік пулеметі (танк командирі қолмен басқарады) қолданылады. Қосақталған пулемет комплекттері патрондар, зениттік пулеметтің -300 патронын құрайды.

Москва. 1993 жылдың 4 қазанында таңертең Т-80 УД12 маркалы 6 танкі 12 –гардиялық танк полкінің 4-ші гвардиялық Кантемировск танк девизиясы Калинин көпіріне қарсы тұрған «Ақ үйге» -Ресей Федерациясының Жоғарғы Кеңесінің ғимаратына қарсы жүрді. Сағат 12 –де танк оқ атты. Сол кезде 125 калибрлі 12 снаряд атылды. Танк атыстан кейін Т.Шевченко жағалауына апарылды, кештің соңына дейін сол жерде болды.


3. Т-80 танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы.Жалпы техникалық құрылысы.
Ресейдің әскери бөлімдерінде Т-80Б танкісі 1995-1996 жылдары Чеченстанда болған қақтығыстарда қолданылды. Негізінен алғанда, «сексенінші» басқа бронатехникалар сияқты, әр түрлі жағдайларда қолданылды. Мысалы, «Шөлейттегі боран» операциясын айтуымызға болады. Ол уақытта алдын-ала сол жағдайға байланысты танкіні жабдықтаған болатын. Ол кезде жоғары сапалы қарулар, авиация т.б. қолданылды.

Әскери алаңдарда танк Т-80 Б өзінің қандай жағдайда болсада, әскери бөлімдерді қорғауда таптырмайтын әскери техника екенін дәлелдеп берді.

Әскери типтік қарулар және әскери техникалардың шығарылуы, ол Қарулы Күштердің нақты күштері болып табылады. Ирак Армиясында осы ауыр танкілерге деген сұраныс басым болған, чечендерге қарағанда, өйткені олардың әскери қақтығысында, соғыс бастап кетуге деген құлшыныстары басым болған. Сондықтан олар танк-72Б, танк-80Б сатып алып қолданған.

Санкт-Петербург қаласында арнайы АҚ «Транспорттық машина жасау конструкторлық бюросында» құрастырылған. Танк -80 әскери құралдарды шығару 1993 жылдары қолға алынып, жоғары сұранысқа ие болды. Танк -80 Ресейдің әскери ауыр машиналарды шығарудың ішіндегі ең жоғары жетістіктерге жетті.

Танк Т-80С танктің тактикасын және стратегиялаларын жақсы зерттеп барып, сонымен қатар қазіргі заман соғыстарына лайықтап, көп жылғы жинаған тәжірбиелерге сүйеніп, Т-72 танкісінің көптеген сырт елдерге эксплуатацияланған соң және өте қиын жағдайларда сыналғаннан кейін шығара бастады.

Танк Т-80С танкісі отандық танк жасау классикасының схемасы сақталды, негізгі қарулану айналу мұнарасында, күштік жабдық және трансмиссия – корпустың артқы жағында, ол экипаж бөлек: әскери бөлімде танк командирі және нысанашы, басқару бөлімінде – механик–жүргізуші орналасқан.

Т-80С танкісінің әр жүйесі жаңа қасиетке ие. Автоматтандырылған комплекс атысты басқару түнде де, күндіз де қосақталған пулеметпен де алыстан көздеп ату үшін арналған. Алыстан атумен қамтамасыз етеді және түнде алысты көруді үлкейтеді, сонымен қатар танкте телевизиялық көздегіш құралы орнатылған. Басқару комплексі лазерлі-сәулелі қарулану ракетамен атуды басқарды және 100 ден 5000 м дейінгі қашықтықта қозғалды. Оптикалық-электронды комплекс танкіні қарсылыстарының снарядтарынан қорғайды.


3-сурет. Жалпы техникалық құрылысы (Т-80)
Т-80С негізгі жабдықтары тегіс стволды зеңбірек 125 мм калибрлі. Танкінің ату жылдамдығы өте жоғары (минутына 7-8 атыс жасайды) бұл басқа елдің танкілерінен айырмашылығы. Танкінің зеңбірегінің жердегі және төмен ұшатын әуе ұшақтарын атып түсіру мүмкіндіктері жақсы дамытылған.

Танкіде дизелді двигатель орнатылған. Бұл газотруба двигателіне қарағанда жақсы , әсіресе ыстық климат жағдайында және құмды грунттарда, жоғары температурада қуаттылығы аз ғана төмендейді.

-өте қатты шаңда сенімді

-жанар май шығыны 1,8-2 есе аз.


4. Т-90 танкілерінің атқаратын қызметі,техникалық танк сипаты экипажы.Жалпы техникалық құрылысы.
Танк Т-90С тереңдігі 5 метр су астына сүңгіп, ешқандай су кедергісіне қарамай, соғыс қимылдарының тапсырмаларын орындай алады. Машина өзіне орнатылған құралдар арқылы, жерді қазып, миналарды тасый алады.
Тактикалық, техникалық сипаттамасы

Масса 46,5 т


Экипаж 3 адамдық
Двигателі V – тәрізді үлгіде, 840 аттың күші бар, көп жанар-май пайдаланады, екі сатылы, шаң-тозаң тазарту кешені бар.
Жоғарғы жылдамдығы сағатына 60 шақырым
Көтерме тасжолдағы запстағы жүрісі 550 шақырым
125 мм, қосақталған 7,62 мм пушка, пулеметпен қаруланған, жабық калибрлі жабдығы 12,7 мм аспаннан, жерден көздеп атуды қамтамасыз етіп 43 рет оқ атады. Снаряд типтері бронялы калибрлі; кумулятивті осколкалы-фугасты ракетамен басқарылады. 1минутта 7-8 рет оқ атуды қамтамасыз етеді. Оқтау автоматты және қолмен. Пушканың стабилизациясы жазықтықта көлденең және тігінен. Оқты басқару комплексі көздегіш-дальномер – құралы екі жазықтықта басқару стабилизациясы, көзбен және цифрлі баллистикалық есептегіштен тұрады. Алыстан көздеп ату құралымен жабдықталған. Түнде көздеп ату оптикалық құралмен қамтамасыз етілген.

Наводчиктің түнгі көздегіш оптика –электронды немесе телевизиялық; күндізгі-түнгі командирдің көздегіш комплексі. Қарулануды басқару комплексі ракетаны жүріп келе жатып атуын қамтамасыз етеді және қысқа уақытта.

Лазерлік бақылау, радиациядлық сәуледен қорғану құралдарымен жабдықталған. Тез жылдам өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған.
Конструкциялық талдау.

Т-90 классикалық компановкасы, алдыңғы бөлікті басқару бөлімі, орта кезінде ату құралдары, моторлы-трансмиссиялық бөлім – артқы жағында орналасқан. Т-90 экипажы үш адамнан тұрады: механик –жүргізуші, танкіні басқару бөлімінде бақылаушы және командир.



4-сурет. Жалпы техникалық құрылысы (Т- 90)
Т-90 бронды корпусы және мұнара снарядтардан қорғану құралдарымен жабдықталған. Т-90 корпусы – дәнекерленген, Т-90 мұнарасы құйылған және Т-90С, Т-90А мұнаралары дәнекерленген. ККорпустың негізгі материалы бронды болат болып табылады. Корпустың жоғарғы алдыңғы плитасы, сонымен қатар мұнараның алдыңғы бөлігі бұрыш курсы ±35º . Борт және мұнара қақпағы көп қабатты конструкциялары бар. Т-90 бронды корпусының формасы және оның компоновкасы Т-72 қарағанда онша өзгерген жоқ, жаңа танкінің қорғаныштығы өсті бұрын жасалған танкілерге қарағанда, қазіргі заманғы компазиттік брондар қолданылды.

Т-90 корпусы қорап тәрізді формада, советтік танкілер сияқты тұмсығы стандартты. Корпус борты вертикалды, жоғарғы жағы бронды плиталардан тұрады, төменгі жағы шұңқыр сияқты. Арт жағы кері наклоны бар. Корпустың қақпағы бірнеше бронды листілерден тұрады. Т-90 туралы нақты деректерді құпияда сақтайды. Сонымен қатар ресейлік және батыс мамандарының бұл танкіге берген бірнеше бағалары баршылық. Шынысы өте мықты қандай соққы болса да төтеп бере алады. Башня корпусының мықтылығы 1150-1350 мм болып бағаланады.

Т-90 әлсіз жері шынының жоғарғы бөлігін механик –жүргізушінің қарау кезінде қиындық кездеседі. Т-90 – активті қорғану құралы «Штора-1» жабдықталған, ракетамен атқылаудан қорғану үшін. Аэрозолды гранатамен түтін шығарып, жасанды бұлт жасап, соғыс құралдарын жаудан қорғайды.

Т-90 негізгі қарулары 125 мм-лік тегіс стволды пушка 2А46М, қосақталған пулеметпен танкінің алдыңғы жағына орналасқан. Стволдың ұзындығы 48 калибрлі/6000 мм. Пушканың қолданылуы автоматтандырылған. Жоғарғы көздеп ату алыстығы 4000м, ракетамен ату 5000 м, осколкалық снарядпен ату – 10000 метрге дейін.

Боекомплектісі пушканың 42 рет атылады, оның 22-сі автоматта. Т-90 – қарсыласына 4 түрлі оқпен, ракета арқылы ату қолданылады. Т-90 пушкасының ату жылдамдығы, 1 минутта 8 рет оқ шығарады, автоматты қолданғанда, қолмен оқтағанда 1 минутта 2 рет атады.
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет